Home » Ауыл шаруашылығы » КЕЙІННЕН ӨТКІЗУГЕ (САТУҒА) АРНАЛҒАН АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖАНУАРЛАРЫН СОЮДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ТӘРТІБІ

КЕЙІННЕН ӨТКІЗУГЕ (САТУҒА) АРНАЛҒАН АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖАНУАРЛАРЫН СОЮДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ТӘРТІБІ

      ҚР АШМ-нің 2015 жылғы 27 сәуірдегі «Кейіннен өткізуге арналған ауыл шаруашылығы жануарларын союды  ұйымдастыру тәртібі» туралы № 7-1/370 бұйрығының талаптарына сәйкес, ауыл шаруашылығы жануарларын сою есептік нөмірлер беру қағидаларына сәйкес берілген есептік нөмірлері бар сою пункттерінде, ет өңдеу кәсіпорындарында немесе сою алаңдарында (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарында) жүзеге асырылады. Кейіннен өткізуге (сатуға) арналған ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкес келмейтін орындарда союға жол берілмейді.  
     Мал сою алаңы мен мал сою пунктінің  ветеринариялық дәрігері  союға түскен ауыл шаруашылығы жануарларының (немесе жеке жануарға) ілеспе ветеринариялық құжаттың (форма №1 үлгідегі ветеринариялық анықтама немесе ветеринариялық сертификат) болуын, және ауыл шаруашылығы жануарларын (немесе жеке жануарды) ілеспе ветеринариялық құжатқа сәйкестігін  және   ауыл шаруашылығы жануарларының дерекқор базасында немесе одан алынған үзінді-көшірмеде өткізілген ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар мен диагностикалық зерттеулер туралы мәліметтердің болуы тиіс.
    Ауыл шаруашылығы жануарларын мал сою алаңында сойған кезде мал  сою алаңының  ветеринариялық дәрігері  союға түскен жануарларды сою алдында  термометрия жүргізе отырып,  ветеринариялық қарап тексеріп ұшалар мен ішкі ағзаларын союдан кейін ветеринариялық қарап тексеру нәтижелері бойынша ұшаға «алдын ала қарап тексеру» таңбасын қойып, сойылғаннан кейін №2 форма үлгісіндегі ветеринариялық анықтамасымен сатуға жібереді. Мал сою алаңында сойылған ұшалар мен ағзалар сауда базарларында өткізу (сату) алдында  сауда базарларындағы ветеринариялық-санитариялық сараптау зертханасынан міндетті түрде ветеринариялық-санитариялық сараптаудан өткізілуі тиіс. Сараптау нәтижесінде өнімнің қауіпсіздігін растайтын сопақша ветеринариялық таңба қойылады. Жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарды ветеринариялық-санитариялық сараптамасыз сатуға қатаң тиым салынады.
      Ауыл шаруашылығы жануарларын мал сою бекеттерінде сойылған кезде  жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың  ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін анықтау жөніндегі өндірістік бақылау бөлімшесінің ветеринариялық дәрігері жануарды сою алдында термометрия жүргізе отырып, ветеринариялық қарап тексеру және ұшалар мен ағзаларды союдан кейін ветеринариялық қарап тексеру  және ветеринариялық –санитариялық сараптау нәтижелері бойынша  сопақша ветеринариялық таңбаны қояды және №2 форма үлгісіндегі  ветеринариялық анықтамасы беріледі. Сопақша ветеринариялық таңбаның болуы мал сою бекетінде ветеринариялық-санитариялық сараптаманың жүргiзiлгендігiн және сатылуға келген өнiмнiң қауiпсiз екендiгiн растайды.
    Жануарлардан алынатын өнімдер (ет және ет өнімдері) мен шикізатты ішкі сауда базарларына өткізуге (сатуға) ауыл шаруашылығы жануарларының  арнайы мал сою орындарында (мал сою алаңдары мен пункттерінде) Қағида талаптарына сәйкес сойылғандығын растайтын ветеринариялық құжаттар (ветерианриялық анықтама) болған кезде ғана жол беріледі.
     ҚР «Ветеринария туралы» Заңының 25 бабының 4 тарамғында жеке және заңды тұлғалар (мал иелері) орын ауыстырылатын (жануар,жануардан алынатын өнімдер мен шикізаттар) объектілерді  ұстау, пайдалану, дайындау(сою), өткізу (сату)   кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды сақтауы міндетті – делінген. Осы талаптар бұзылған жағдайда ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 406 бабының 4 тармақшасына сәйкес, жеке тұлғаларға жиырма айлық есептік көрсеткіш – 58 340 теңге, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субьектілеріне немесе комерциялық емес ұйымдарға елу айлық есептік көрсеткіш – 145 850 теңге, орта кәсіпкерлік субьектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш – 291 700 теңге, ірі кәсіпкерлік субьектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш – 583 400 теңге  мөлшерінде айыппұл салуға әкеліп соғады.
     А.ТӘҢІРБЕРГЕНОВ,
ҚР АШМ ВБжҚК Мақтаарал аудандық аумақтық инспекциясы бас маманы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

        ...

КӘСІПОРЫНДАР 7540,4 МЛН. ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІН ШЫҒАРҒАН

     Мақтаарал ауданының ...

«23 сәуір ұлттық егемендік және балаларды қорғау күні» аталып өтті

        ...

22 СӘУІР – АЛТЫН АДАМ КҮН!

Алтын адам алтын тұлға ...

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІЛЕРІН КӨРСЕТІП КЕЛЕДІ

        ...

САЯХАТТЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ ДЕ ЗОР БОЛДЫ

        ...

ШЕТЕЛДЕГІ ЗАҢСЫЗ ДІНИ БІЛІМ АЛУ

        ...

ТАРТЫНА ТҰРСАҚ, ТУЫСҚАН!

        ...

Эвакуацияланғандар жатақханаларға көшірілді

        ...