Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
БЕЗГЕК АУРУЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Әлеумет » БЕЗГЕК АУРУЫ

БЕЗГЕК АУРУЫ

    Безгек – әр түрлі плазмодиялар тудыратын қоздырғышы  безгек масалардың шағуымен берілетін (трансмиссивтік механизммен) берілетін қызбаның циклдық қайталануымен, рецикулдық гистеоцитарлық жүйенің зақымдануы, анемия аурудың қайталануы болуы сипатталатын жедел антропоноздық протозойлық инвазия.
     Адам безгегін плазмодийдтің 4 түрі тудырады.
1.Плазмодия вивакс- 3 күндік безгектің қоздырғышы.
  1. Плазмодия овалия – 3 күндік безгектің ерекше түрі.
  2. Плазмодия фальцифарум – тропикалық безгектің қоздырғышы.
  3. Плазмодия маляре – 4 күндік безгектің қоздырғышы.
Безгек масалары ауру адамды шаққан кезде гамонттарын жұтады. Масаның асқазанында олар ересек жасуша гометаларға айналады. Ұрықтанғаннан кейін жасуша Зигота масаның асқазан қабырғасына еніп, ооцистаға айналады. Ооциста өседі, құрамындағы заттар көбіктеп бөлінеді, мыңдаған спорозоидтар пайда болады. Спорозоидтар масаның сілекей бездеріне еніп адамды шаққан кезде сілекеймен жұғады.
Безгектің ауыр түрлері жас балаларда, жүктілерде жиі кездеседі, бұл бейімделу механизмінің жетілмегендігімен, тәннің қорғаныш қабілетінің жоқтығымен немесе жеткіліксіздігімен түсіндіріледі. Сондықтан, безгекке қарсы шаралар көбіне жас балалар мен жүкті әйелдерді қорғауға бағытталады. Безгекті   танып   білуде   эпидемиологиялық м ә л і м е т т е р д і : эндемия деңгейі. ж е р г і л і к т і қоздырғыштардың таралу мерзімі, ауру басталғанға дейін эндемиялық ошақта 3 жыл бұрын болуы, ауру белгілері пайда болғанға дейінгі 3 ай аралығында қан құю немесе дәрілерді егудің, тәндегі клинико-лабораториялық белгілерді: ұстама тәрізді қызба, гепаго — және спленомегалия, қаназдық және панцитопенияны анықтаудың маңызы зор.
Диагностикасында қанның ірі тамшысы мен қан жағындысындағы қоздырғыштарды (плазмодилерді) табу шешуші орын алады.
ЕМДЕУ. Ем аурудың нақты эпидемиологиялық жағдайына, қоздырғыштың
түріне, оның тағайындалатын химиопрепаратқа сезімталдығына, аурудың кезеңі мен ауырлығына қатысты жүргізіледі. Емі қоздырғыштардың (плазмодилердің) тіршілігін жоюға, патофизиологиялық процесстерді қалыптастыруға бағытталады.
Ал безгектің ауыр, асқынған түрлерінде этиотропты еммен қатар патогенетикалық ем жүргізіледі.
АЛДЫН-АЛУ. Безгектің алдын-алу мақсатында химиопрофилактика жүргізіліп, масалардан қорғану шаралары (терезелерге тор тігу, ларьицидті дәрілер) қолданылады. Соңғы жылдары қоршаған ортаны қорғау мақсатында биологиялық әдістер кең таралуда. Ауданда су көлшіктерін масаларға қарсы залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі.
А.ЕРЖИГИТОВА,
Мақтаарал аудандық санитариялық —
эпидемиологиялық бақылау басқармасының 
жетекші маманы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ КВИЗ-САЙЫСЫ

        ...

«ҰЛЫ ДАЛА» балабақшасында «Ауыл» партиясының «Бастауыш партия ұйымы» ашылды

       Семей ...

ШЕКАРАДАН БАСТАЛҒАН СЕРІКТЕСТІК: ҚЫТАЙ КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ САПАРЫ НЕНІ КӨРСЕТТІ?

        ...

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ: ТҮРКІСТАН ӨНДІРІСІ ДАМЫҒАН ӨҢІРЛЕР ҚАТАРЫНАН ТАБЫЛАДЫ

        ...

«АГРОХАКАТОН – 2025» ЖАС ҒАЛЫМДАР ЖОБАСЫНДА СЕМЕЙЛІК – “CAMPUS TEAM” КОМАНДАСЫ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

        ...

СЕМЕЙДЕ «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ӨҢІРЛІК ФИЛИАЛ АКТИВІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ІРІКТЕУДІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

        ...

АБАЙ ОБЛЫСЫНДА «ИННОВАЦИЯЛАР. ТҰРАҚТЫЛЫҚ. БОЛАШАҚ» ХАКАТОНЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

        ...

СЕМЕЙДЕ АЛҒАШ РЕТ ТІКЕЛЕЙ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ САЙЛАУЫ ӨТТІ

        ...

ҰСТАЗДАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ІС-ШАРА

        ...