Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6131
ЖЕТІСАЙЛЫҚ ДИҚАНДАР 28 ГЕКТАР АЛҚАПҚА КАУЫН ЕКТІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Ауыл шаруашылығы » ЖЕТІСАЙЛЫҚ ДИҚАНДАР 28 ГЕКТАР АЛҚАПҚА КАУЫН ЕКТІ

ЖЕТІСАЙЛЫҚ ДИҚАНДАР 28 ГЕКТАР АЛҚАПҚА КАУЫН ЕКТІ

        Еліміздің өзге өңірлеріне қарағанда көктемі ерте келетін Жетісай ауданында жетісайлық дихандар ақпан айының соңында қауын егуді бастады.
           Егістікке ерте тұқым сеуіп, бүгінде күтіп-баптау жұмыстарын жүргізіп отырғандардың бірі Жұлдызхан Нұрмахан. Жалпы иелігінде 150 гектар жері бар Жетісай ауданы Ынтымақ ауылдық округінде орналасқан «Nur Daut» шаруа қожалығы бүгінгі таңға дейін 28 гектарға қауынның ерте пісетін “Аэропорт” сортын еккен. Одан бөлек 30 гектарға егілген қырыққабат ауа-райының қолайлылығы мен күтімнің дұрыстығынан түйнеп үлгерген.
         «Он жылдан бері отбасымызбен диханшылықпен айналысамыз. Негізгі күн көрісіміз де осы. Мұнда қазір 100 адам жұмыс істеп жатыр, жұмысшыларға күніне 3500 теңгеден еңбекақысын төлеп отырмыз. Құдай қаласа 3 айдың көлемінде еккен егініміз пісіп, дайын болады. Егілген көшеттің үстін жапқышпен жауып, жауын-шашыннан қорғаймыз. Ең бастысы – күтіп-баптауға үлкен мән берілуі керек» деді шаруашылық төрағасы Нұрмахан Жұлдызхан.
          Айта кетейік, Жетісай ауданы бойынша егіс егілуі тиіс 78 500 гектардың 48 мың гектарына мақта шиті егіледі деп жоспарлап отырмыз. Жалпы былтыр Жетісай ауданы бойынша 21 мың гектарға бақша дақылдары егіліп, тиісінше 600 мың тонна өнім алынған.
“Қазіргі таңда шаруаларға көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін 7 мың тонна жеңілдетілген жанар-жағар май бөлінді.
           Алдағы уақытта шаруаларға берілетін болады» дейді Жетісай ауданы ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің бас маманы Нұртас Тұрсынбеков.
Бауыржан НАЙМАНОВ, Жетісай ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

АЯГӨЗ АУДАНЫНДА «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ МЕДАЛЬДАРЫ ТАБЫСТАЛДЫ

        ...

АУЫЛДЫҚ МЕКТЕП КІТАПХАНАСЫНДА «КІТАПҚА — ЕКІНШІ ӨМІР СЫЙЛА» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

        ...

«ТАРИХ ТАРТУЫ — ТӘУЕЛСІЗДІК» КВИЗ САЙЫСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

        ...

«АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ БЕЛДІ МҮШЕСІ ВИЦЕ-МИНИСТРДЕН МАРАПАТ АЛДЫ

        ...

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

        ...

«ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІБИЛІК» ИДЕОЛОГЕМАСЫ НЕГІЗІНДЕ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗІЛДІ

        ...

«АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ (АОБӨФ) ТӨРАҒАСЫ — «ОЙШІЛІК» АУЛЫНДА БОЛДЫ

        ...

ОЗЕРКИ АУЫЛЫ МЕКТЕБІНДЕ «КІТАПҚА – ЕКІНШІ ӨМІР СЫЙЛА» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

        ...

«ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМДАР КҮНІНЕ» АРНАЛҒАН ҚОҒАМДЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

        ...

STAEM ӘДІСІНІҢ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ

        ...