Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
Home » PRESS RELEASE » News » «ТӘРБИЕ БАСЫ — ТАЛ БЕСІК» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМЫ ӨТТІ

«ТӘРБИЕ БАСЫ — ТАЛ БЕСІК» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМЫ ӨТТІ

          Семей қаласындағы «Ес-аймақ» рухани орталығында Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен «Тәрбие басы – тал бесік» тақырыбында республикалық форум өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» Ұлттық құрылтайының екінші отырысында мемлекеттік тілді дамыту жөнінде берген тапсырмалары мен «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауының негізгі бағыттарын іске асыруға бағытталды.
          Аталмыш форумға Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы Ербол Ердембекұлы Тілешов, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті Рауан Кенжеханұлы, Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының басшысы Мақпал Құрманжанқызы Жұмабай, Цифрлық трансформация орталығының басшысы Айгерім Тельжанқызы Серікжанова мен мамандары, өңір әкімдіктерінің өкілдері, зиялы қауым, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері, мектепке дейінгі ұйымдардың меңгерушілері мен әдіскерлері, сондай-ақ, Бородулиха ауданының Мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту орталығының оқытушылары қатысты.
          Іс-шарада,  мемлекеттік тілді ғылым тілі ретінде дамыту, цифрлық кеңістіктегі қазақ тіліндегі контенттің үлесін арттыру, жасанды интеллект технологияларын тіл үйрету үдерісіне енгізу және ұлттық құндылықтар мен отбасылық тәрбиені білім беру жүйесіне интеграциялау мәселелері жан-жақты талқыланды.
Мейрамгүл АТАЕВА,
Абай облысы, Бородулиха ауданының «Мемлекеттік және басқа тілдерді
оқыту орталығының» директоры.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІН ОҚЫТУДА ЖИ МҮМКІНДІГІН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ

        ...

Ұстаз – ұлы есім, ұлағатты мамандық

       Ұстаз ...

ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ӘДЕБИЕТ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ САНА

        ...

Жұмысты жүйелеу – нәтиженің кепілі

        ...

БАСТАУЫШ СЫНЫПТА САБАҚ БЕРУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

        ...

Түркістан облысы экономикалық өсім бойынша көш бастады

        ...

44 ҚЫЗМЕТ АЛУШЫНЫҢ БҰЗЫЛҒАН ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

        ...

ХАЛЫҚПЕН АШЫҚ БАЙЛАНЫС – САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ КЕПІЛІ

        ...

БІЛІМДІ ҰРПАҚ – ЖАСАМПАЗ ЕЛДІҢ ТІРЕГІ

        ...

4 МЫҢДАЙ ТҰРҒЫН ЖАППАЙ СЕНБІЛІККЕ ҚАТЫСТЫ

Дүниежүзілік тазалық күніне орай ...