Warning: Trying to access array offset on false in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150 АҚЫН САПАРҒАЛИ БЕГАЛИНГЕ АРНАЛҒАН «МӘНЕРЛЕП ӨЛЕҢ ОҚУ» САЙЫСЫ ӨТТІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » АҚЫН САПАРҒАЛИ БЕГАЛИНГЕ АРНАЛҒАН «МӘНЕРЛЕП ӨЛЕҢ ОҚУ» САЙЫСЫ ӨТТІ

АҚЫН САПАРҒАЛИ БЕГАЛИНГЕ АРНАЛҒАН «МӘНЕРЛЕП ӨЛЕҢ ОҚУ» САЙЫСЫ ӨТТІ

           Абай облысында Қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілі, ақын-жазушы Сапарғали Бегалиннің 130 жылдығына арналған студенттер арасында қалалық «Мәнерлеп өлең оқу» сайысы ұйымдастырылды. Шараны «Ауыл» партиясы Абай облысы бойынша өңірлік филиалының ұйытқы болуымен «М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледждің» «Менің әлемім» оқырмандар клубы бірлесе өткізді.
          Өңірлік партияның өкілі Е.Омарғалиев сайыстың ашылу сөзін сөйлеп, барлық қатысушыларға сәттілік тілеп, «Ауыл» партиясы мұндай іс-шаралардың жастар арасында өтуіне қашанда қолдау танытуда деп атап өтті. Сонымен бірге, осы аталмыш сайысты жан-жақты жоғары деңгейде ұйымдастыруда партия белсенділері:  А.Жакупова мен Б.Ерсаина өзіндік зор үлесін тигізді.
            Тарихи білім ордасының ұстазы Ақжол Қадылбекұлы бүгінгі іс-шараның маңызына тоқталып, жастарға берер өнегесі мол екенін тілге тиек етіп, ақын-жазушы мерейтойы жайында өзінің жүрекжарды құттықтауымен бөлісті.
           Сайысқа жалпы жиырмаға жуық дарынды колледж студенттері қатысып, көрнекті ақынның әр түрлі мазмұнды қамтыған ерек мәнді  өлеңдерін жатқа, көркем мәнермен оқып, лайықты түрде орындап бағып, қатысушылар  дауыс ырғағы, сахна мәдениеті, көркемдік шеберлігі жағынан өзара сынға түсті.
          Шара барысында, әдеби кітап көрмесі де ұйымдастырылып, ақын шығармашылығына арналған деректі мәліметтер ұсынылды. Сондай-ақ, осы коллеждің жас жалынды өнерпазы Омарова Аружан хакім Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін әсем нақышымен орындап, көпшіліктің көңілін бір серпілтіп, сайыс ажарын кіргізді.
          Әділқазылар алқасы құрамында: Ақжол Қадылбекұлы – алаштанушы-ғалым, әдебиетші, ұстаз. Темірлан Темірбай – ақын, лингвист, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Ерік Қайратбекұлы – журналист. Әділқазы алқасы әдеби сайысқа қатысушы барлық жас жалындарды көрсеткен өнерлеріне сай бағалап, өз бағасын берді.
          Сайыс қорытындысында, «Үздік» деп танылған студенттер: «Бас жүлде» – Оралбекова Зухра, І орын –  Шағбан Әли, ІІ орын – Қасен Айзере, Жұмағалиева Кәусар, Усенова Аружан, ІІІ орын – Рамазанова Ақерке, Советбек Жансәуле, Жарылқасынова Тоғжан, Алимханова Нұрай  бұйырған тиісті жүлделерін иеленіп, «Диплом» және «естелік сыйлықтармен» марапатталды. Сонымен қатар, белсенді қатысты деп танылған Рамазанова Гүлім, Галина Нұрай, Жайляубаева Жанерке, Тайтұйақ Айымдарға «Алғыс хаттар» табысталды. «Менің әлемім» оқырмандар клубына партиядан  «Алғыс хат» пен қоса рухани қазына саналған құнды кітап тарту етілді. Әділқазы алқасындағыларға да «Алғыс хат» табысталып, мұндай әдеби-мәдени шараның өтуіне жауапкершілікпен септік еткен аталған клуб жетекшісі  Ақжол Қадылбекұлына өңірлік партия төрағасы Смағұлов Қайрат Қанатұлы атынан арнайы «Алғыс» білдірілді.
         Бұл іс-шара, жастардың әдеби талғамын арттырып, қазақ сөз өнеріне деген сүйіспеншілігін арттырған рухани маңызы зор дүние.
«Ауыл» партиясы Абай облысы бойынша өңірлік филиалының баспасөз қызметі. 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚҰРЫЛТАЙЫНЫҢ САЙЛАУЫН ТАҒАЙЫНДАУ ТУРАЛЫ

2026 жылғы 01 шілде. ...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ПАРЛАМЕНТ ПАЛАТАЛАРЫНЫҢ БІРЛЕСКЕН ОТЫРЫСЫНДА СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ

Қымбатты отандастар! Қадірлі депутаттар ...

«КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» – САПАЛЫ БІЛІМГЕ БАСТАР ЖАҢА ҚАДАМ

        ...

МАҚТААРАЛДАҒЫ ШЕКАРА ӨТКІЗУ БЕКЕТТЕРІНІҢ МӘРТЕБЕСІ АРТТЫ

        ...

БАҚЫТ АСАНОВ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША ТИІСТІ ТАПСЫРМАЛАР БЕРДІ

      Мақтаарал ...

2028 ЖЫЛҒА ДЕЙІН ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕПТЕРДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ БЕРУ ТАПСЫРЫСЫНА 760 МЛРД. ТЕҢГЕ БӨЛІНЕДІ

      Жекеменшік ...

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАРДЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

        ...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...

ЖАҢА БИЗНЕС-ИДЕЯЛАР ҮШІН ГРАНТТАРҒА ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНУДА

        ...

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ – ОРТАҚ МІНДЕТ

       Мақтаарал ...