Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
МЕКТЕПТЕРГЕ ТӨРТ АБТОБУС БЕРІЛДІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қоғам » Білім саласы » МЕКТЕПТЕРГЕ ТӨРТ АБТОБУС БЕРІЛДІ

МЕКТЕПТЕРГЕ ТӨРТ АБТОБУС БЕРІЛДІ

        Мақтаарал ауданының мектептеріне 4 жаңа автобус берілді. Аудан әкімі Бақыт Асанов оқушыларды тасуға арналған көліктердің кілттерін мектеп директорларына тапсырып, көпшілікті қуанышты сәтпен құттықтады.
       «Балаларымыз шалғай елдімекендерде тұруына қарамастан, мектепке өз уақытында барып, сапалы біліммен қамтылуы керек. Осы мақсатта облыс әкімінің бастамасымен «Балаларды тасымалдауға арналған автобустарды сатып алу» инвестициялық жобасы аясында ауданымызға 4 автобус беріліп отыр. Аталған көліктер тасымалданатын оқушыларымыздың игілігіне жарай берсін!» — деді, Бақыт Насырханұлы.
        Автобустардың кілті Мақтаарал ауылдық округінде орналасқан М.Тоқжігітов, Атакент кентінде орналасқан А.Байтұрсынов, Бірлік ауылдық округінде орналасқан Береке және Достық ауылдық округінде орналасқан М.Ғабдуллин атындағы жалпы орта мектептерінің директорларына табысталды.
        М.Тоқжігітов атындағы жалпы орта мектебіне 132 оқушы, А.Байтұрсынов жалпы орта мектебіне 81 оқушы, Береке жалпы орта мектебіне 82 оқушы және М.Ғабдуллин жалпы орта мектебіне 60 оқушы көрші елдімекендерден тасымалданады. Мемлекет тарапынан берілген 4 жаңа автобус арқылы жалпы саны 355 оқушы білім ұясына қатынайды.
       Бүгінгі таңда Мақтаарал ауданы бойынша 9 елдімекеннен жалпы саны 560 оқушы мектептерге тасымалданады.
Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

Ұстаз – ұлы есім, ұлағатты мамандық

       Ұстаз ...

ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ӘДЕБИЕТ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ САНА

        ...

Жұмысты жүйелеу – нәтиженің кепілі

        ...

БАСТАУЫШ СЫНЫПТА САБАҚ БЕРУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

        ...

Түркістан облысы экономикалық өсім бойынша көш бастады

        ...

44 ҚЫЗМЕТ АЛУШЫНЫҢ БҰЗЫЛҒАН ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

        ...

ХАЛЫҚПЕН АШЫҚ БАЙЛАНЫС – САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ КЕПІЛІ

        ...

БІЛІМДІ ҰРПАҚ – ЖАСАМПАЗ ЕЛДІҢ ТІРЕГІ

        ...

4 МЫҢДАЙ ТҰРҒЫН ЖАППАЙ СЕНБІЛІККЕ ҚАТЫСТЫ

Дүниежүзілік тазалық күніне орай ...

ТЕМІРЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ – ЖАҢ МҮМКІНДІКТЕРГЕ ЖОЛ

        ...