Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ, ОҚЫТЫЛУ ЖӘНЕ ҚОЛДАНУЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ, ОҚЫТЫЛУ ЖӘНЕ ҚОЛДАНУЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ, ОҚЫТЫЛУ ЖӘНЕ ҚОЛДАНУЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ

        Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Мәселе кириллицадан латынға көшуде емес, қазақ тіліне ауқымды реформаның жүргізіліп жатқанында» деген ұстанымын басшылыққа ала отырып Халықаралық “Қазақ тілі” академиясы Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен  «Қазақстан Республикасы мемлекеттік тілінің зерттелуі, оқытылу және қолдануының ғылыми-әдістемелік негіздері» тақырыбында кеңейтілген Біріккен сессияны өткізеді.
        Алқалы басқосуға еліміздің танымал тілші ғалымдары, ЖОО профессорлары, Еуропа Одағы, Түркия, АҚШ, туыстас Орта Азия республикаларының лингвист мамандары, Халықаралық “Қазақ тілі” академиясының шетелдік және өңірлік бөлімшелері мен  өкілдіктерінің жетекшілері, тіл жанашырлары, БАҚ өкілдері, жастар қатысады.
        Жиын 2023 ж. 29  наурызы, сағат 11-30-да Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің кітапханасында (4 қабат) оффлайн және онлайн форматта өтіп, оны  Халықаралық “Қазақ тілі” академиясының төрағасы, ҚР ҰҒА мүше корреспонденті, филология ғылымдарының докторы, профессор Ерден Қажыбек жүргізеді.
        Халықаралық сессияны Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры, ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы профессор Жансейіт ТҮЙМЕБАЕВ пен Түрік Тілі Құрымы (академиясы) президенті,  Проф., Др. Гүрер ГҮЛСЕВИН кіріспе сөз сөйлеп ашады. Отандық жетекші Əл-Фараби, Гумилев, Абай, Назарбаев, Қорқыт Ата, Евней Бөкетов атындағы, Қазақ ұлттық қыздар университеттерінің танымал профессорлары, Түркі мәдениеті Ғылыми-зерттеу институты (Анкара), Американдық түркі тілдері зерттеушілерінің ассоциациясы (Хьюстон), Адам Мицкевич университеті (Польша), Этнография институтының гуманитарлық зерттеу орталығы (Будапешт), Қырғызстан мен Чувашия университеттерінің белді ғалымдары мен жауапты тұлғалары,  Алматы қаласы əкімділігінің  Тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің және Түркия мен  Ресейдегі  Халықаралық “Қазақ тілі” академиясының Өкілдіктерінің жетекшілері қатысады.
           Сессияда  Алаш қайраткерлерінің басты ережелеріне және тілдің төл табиғатына негізделген ғылыми жүйе қалыптастыру жайлы, сондай-ақ ұлттық жазуымыз туралы  Қарар қабылданып, тиісті өкілетті инстанцияларға  жолданады.
 Байланыс үшін:
8-702-559-8368 — Алия  РУСТЕМ.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ЖӘРМЕҢКЕ – ЖҰРТҚА ТИІМДІ БАСТАМА

        ...

ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ

       Мемлекеттік ...

Құрылтай – қоғам үніне құлақ асатын маңызды алаң

        ...

ҚҰРЫЛТАЙДА КӨТЕРІЛГЕН БАСТАМАЛАР ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАҒЫТЫН АЙҚЫНДАЙДЫ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ: ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТИІМДІ АЛАҢЫ

        ...

Сайлауға қатысып, ел болашағына өз үлесіңді қос!

       Елдің ...

Алматы облысында онкологиялық көмектің жаңа мүмкіндіктері кеңеюде

Түркітілдес журналистер қорының мүшелері ...

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...

Құрылтай сайлауының маңызы

        ...

ҰЛТТЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ 217 МЕКТЕП САЛЫНДЫ

       Елімізде ...