Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the jetpack-social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
ЖЫЛЫ СУДА АУЫЗ СУ ТӘУЛІК БОЙЫ БЕРІЛЕТІН БОЛАДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » ЖЫЛЫ СУДА АУЫЗ СУ ТӘУЛІК БОЙЫ БЕРІЛЕТІН БОЛАДЫ

ЖЫЛЫ СУДА АУЫЗ СУ ТӘУЛІК БОЙЫ БЕРІЛЕТІН БОЛАДЫ

        Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Жетісай ауданының әкімінің кезекті кездесуі Жылы су ауылдық округінде өтті.
      Аудан басшысының іс-сапарда болуына байланысты аудан әкімінің орынбасары Серік Пірімбеков өткізген жиынға бөлім басшылары мен аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметінің басшысы Мейірман Халықов қатысты.
       Жиында алдыңғы кездесуде көтерілген мәселелердің орындалуы барысымен, ауданда атқарылған жұмыстардың нәтижесімен таныстырған Серік Қонысбекұлы тұрғындардың сұрақтарына жауап берді, ұсыныс-пікірлеріне құлақ түрді.
      Аудан әкімі орынбасарының мәліметінше Жетісай топтасқан су өткізгішіне қосылған «Жылы су ауылдық округінің Жылы су, Мырзашоқы, Байқоныс, Баққоныс, Әл-Фараби елді мекендерін сумен қамтамасыз ету жүйелерінің құрылысы» нысанының жұмыстары 2019-2021 жылдары жүргізіліп, 2021 жылдың желтоқсан айында пайдалануға қабылданған. Мердігер «СтройЖолСервисKz» ЖШС тарапынан жіберілген кемшіліктерді қалпына келтіру мақсатында Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына 11.10.2022 жылы талап-арыз беріліп, 20.12.2022 жылғы №5165-22-00-2/1901соттың шешімімен талап қанағаттандырылған.
         Қазіргі таңда, сот шешіміне атқару парағы алынып, мердігер мекеме анықталған кемшіліктерді ағымдағы жылдың 31 наурызына дейін қалпына келтіру жөнінде кепілдік берген. Нысанды «Нұра топтық су құбыры» РМК «Оңтүстікауызсу» филиалына қабылдау-өткізу рәсімдері жүргізілуде. Нысан су беруші мекеменің теңгеріміне толық өткізілгеннен соң эксплуатация жасаушы мекеме тарапынан елді мекендерді тәулігіне 24 сағат ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады.
        Сонымен қатар, Жылы су ауылдық округі Әл-Фараби, Байқоныс, Сейфуллин елді мекендерін табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында 2019-2020-2021 жылдары бюджеттен бөлінген қаржылар есебінен құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға қабылданып, «Жетісай» автоматтандырылған газ тарату станциясы іске қосылған соң аталған елді мекен табиғи газ жүйесіне қосылатын болады.
       Ал, Жылы су ауылдық округіне қарасты Сейфуллин елді мекеніндегі ұзындығы 1,6 шақырымды құрайтын облыстық маңызы бар КХ-100 «Жетісай – Жылы су» автомобиль жолына, Жылы су елді мекеніндегі ұзындығы 2 шақырымды құрайтын Испулов көшесіне аяқ жол салу жұмыстарына және ұзындығы 0,55 шақырымды құрайтын Әл-Фараби елді мекеніндегі Достық, Байқоныс елді мекеніндегі ұзындығы 0,75 шақырымды құрайтын Балқаш көшелеріне жарықтандыру жұмыстарын жүргізу үшін сметалық құжаттамалары жасақталып, қажетті қаржы көлемі анықталған. Осыған орай, түрлі деңгейдегі бюджет қаражаты есебінен кезең-кезеңімен қаржыландыруға ұсыныс жолданады.
       «Қазіргі таңда адами әлеуетті дамыту бөлімі тарапынан Х.Доспанова атындағы №28 жалпы орта мектебінің ескі ғимараты және Баққоныс ауылында орналасқан Ә.Жангелдин атындағы №27 жалпы орта мектебінің ескі ғимараттарын қайтару мақсатында 05.01.2023 жылғы Жетісай аудандық сотының шешіміне, Түркістан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының қаулысына Қазақстан Республикасы Жоғары сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасына кассациялық шағым берілді» деді Серік Қонысбекұлы кездесу барысында.
        Сондай-ақ, округ елді мекендерінде тік дренаждар орнату мақсатында қазіргі таңда жер телімінің құжаттарын дайындау жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтқан аудан әкімінің орынбасары жергілікті тұрғындарға жеке қабылдау өткізді.
Бауыржан НАЙМАНОВ, Жетісай ауданы. 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«АБАЙ ТОЙЫ» ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

        ...

ОРАЛДА «AUYL FEST. ҚОЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ – 2025» БІРІНШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

        ...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУДІҢ ЕЛ ҮШІН МАҢЫЗЫ ЕРЕКШЕ

        ...

СЕМЕЙДЕГІ «САҢЫРАУЛАР ҚОҒАМЫНДАҒЫ» «БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ» МҮШЕЛЕРІ ЖИДЕБАЙҒА САПАРЛАП БАРДЫ

       2025 ...

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ»: СЕМЕЙДЕ МҮГЕДЕК ШЕБЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

        ...

ТЕГЕУРІН ТӨЗІМ ИЕСІ ОЛ – «ТЕМІРЖОЛШЫ»

        ...

Абайдың 180 жылдығында – текті әулеттен шыққан Жетісайдың қызы «Жеті қазынаға» енді

        ...

ЖЫР ЖОЛЫНДАҒЫ ЖҰМБАҚ ЖОЛ

        ...

ДАНА АБАЙДЫҢ 180 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ – КЕҢ КӨЛЕМДЕ ТОЙЛАНДЫ

        ...

ТАРИХИ ТҮЙЕМОЙНАҚТАҒЫ «ЭТНО-АУЫЛҒА» САПАР

        ...