Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
Ғылым мен өндіріс – өзара әріптестік қажет - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Анонсы » Ғылым мен өндіріс – өзара әріптестік қажет

Ғылым мен өндіріс – өзара әріптестік қажет

               Абай облысының әлеуеті тек қана табиғи ресурстармен емес, ауыл шаруашылығы мүмкіндіктерімен де бағаланады. Ертіс өзенінің бойында орналасуы, жайылымдық алқаптардың кеңдігі, Ресей және Қытаймен шекаралас болуы – бұл аймақты аграрлық өндірісті дамытуға қолайлы етеді. Бұл бағытта ғылым мен технологияны тиімді қолдану – уақыт талабы.
               Органикалық тыңайтқыштар – ішкі әлеуетіміз бар
             Бүгінгі таңда ауыл шаруашылығында минералды тыңайтқыштардың қымбаттығы мен сыртқы тәуелділік мәселесі өткір тұр. Оның шешімі – жергілікті шикізаттан органикалық тыңайтқыштар өндіру. Ауылдық жерлерде қой жүні мен мал қиы молынан табылады. Мысалы, қой жүнінен өндірілетін ланолин – экспорттық әлеуеті жоғары өнім. Сонымен бірге, қой жүні мен көңнен алынатын биогумус – экологиялық таза, тиімді тыңайтқыш көзі.
           Альтернативті энергия – шалғайдағы тіршілікке мүмкіндік
Ауылдық жерлердегі шаруашылықтар үшін электр энергиясына қолжетімділік мәселесі маңызды. Мұнда жел және күн энергиясын, биогаз өндіру технологияларын енгізу – тиімді шешім. Бұл бағытта шетелдік тәжірибені зерттеп, отандық ғалымдардың қатысуымен бейімдеу қажет. Ғылым мен технологияны ауылға жеткізу – өңірлік даму үшін маңызды міндет.
          Ғылым кімге қажет және оны кім іске асырады?
           Ауыл шаруашылығы саласындағы ғылыми зерттеулерді өндіріске енгізу тетіктері әлсіз. Өңірлік университеттер қажетті өндірістік базасыз жұмыс істейді. Сондықтан толыққанды агротехникалық университет құру, оның жанынан мал бордақылау кешендері, егіншілік алқаптары мен ғылыми зертханалар ұйымдастыру – уақыт талабы.
          Медициналық университеттің өз ауруханасы сияқты, аграрлық университеттің де тәжірибелік шаруашылығы болуы қажет. Сонда ғана түлектер білімін нақты іске қолдана алады, салаға кадрлар жүйелі түрде дайындалады.
            Мемлекеттік қолдау және жүйелі стратегия
          Бүгінде ауыл шаруашылығына қатысты нақты даму стратегиясы жоқ. Құқықтық құжаттар жиі өзгеріп, тұрақты бағдар жоқ. Фермерлік, кооперативтік немесе ірі агрохолдингтік модельдер арасында нақты бағыт айқындалмаған. Бұл – ұлттық деңгейде қабылданатын шешім.
           Академия ғылымдары мен өңірлік ғылыми орталықтар үкіметке ауылды дамыту, көші-қон мен инфрақұрылым, агротехнология бойынша ұсыныстар әзірлеуі керек. Ауыл – халықтың 38%-ы өмір сүретін орта. Бұл көрсеткіш алдағы жылдары қалай өзгереді? Қанша ауыл қажет? Қанша орталық жоспарлануы тиіс? Мұндай сұрақтарға тек кешенді ғылыми негіздеме ғана жауап бере алады.
Қайрат Қанатұлы Смағұлов –
Абай облыстық Қоғамдық кеңесінің мүшесі,
«Ауыл» партиясы Абай облысы бойынша өңірлік филиал төрағасы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» КОНКУРСЫНА ҚҰЖАТТАР ТАПСЫРУ БАСТАЛДЫ

        ...

ОТБАСЫЛЫҚ ДЕМАЛЫС ҮШІН ТАПТЫРМАС МЕКЕН!

        ...

1 МАУСЫМДА ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДР РЕЗЕРВІНЕ КЕЗЕКТІ ІРІКТЕУ БАСТАЛАДЫ

        ...

ЕЛ МЕРЕЙІНЕ БӨЛЕНГЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ САЙЫС

        ...

ЕРКІН КҮРЕСТЕН ҚАДІР РАЯН МЕН БАҚТИЯРҰЛЫ НҰРӘЛИ ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДАРДЫ ИЕЛЕНДІ!

       ЕРКІН ...

Өнерлі балалар арасында ән байқауы өтті

        ...

Семейде өткен дәстүрлі “АБАЙ ОҚУЛАРЫ” байқауының жеңімпаздары анықталды

        ...

«ҒҰМЫРЫ ҒАЗАЛ – АҚЫН…»

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҮШІН ТИІМДІ ЭНЕРГИЯ КӨЗДЕРІНІҢ БІРІ

        ...

ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ 80 ЖЫЛ: ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ, ҰРПАҚҚА ҮЛГІ

        ...