Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
EGOV MOBILE: «СІЗДІ НЕКЕҢІЗДІҢ АЛДАҒЫ МЕРЕЙТОЙЫМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!» - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » EGOV MOBILE: «СІЗДІ НЕКЕҢІЗДІҢ АЛДАҒЫ МЕРЕЙТОЙЫМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!»

EGOV MOBILE: «СІЗДІ НЕКЕҢІЗДІҢ АЛДАҒЫ МЕРЕЙТОЙЫМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!»

        Мұндай құттықтау хабарламасы eGov Mobile қосымшасындағы push хабарламалары арқылы жіберіледі. Жаңартулар қазақстандықтарға алдағы маңызды күндер туралы: туған күні, үйлену тойының мерейтойы туралы еске салуға және құжаттың аяқталу мерзімі туралы хабарлауға мүмкіндік береді.
       EGov Mobile қосымшасындағы push хабарламалар қазақстандықтарды үйлену тойының мерейтойы туралы алдын ала хабардар етеді (хабарлама мерейтойға дейін 3 күн бұрын жіберіледі), пайдаланушының жеке куәлігінің жарамдылық мерзімі аяқталғаны туралы еске салады (мерзімінен 30, 15 және 5 күн бұрын) және туған күнімен құттықтайды.
        Хабарламаларда мәтіннен басқа, азаматтар тиісті қызметті немесе сервисті ашып, құжатқа қол қоя алатын түймелер бар.
         «Бүгінгі таңда «Invisible Government» тұжырымдамасы аясында мемлекет азаматқа әртүрлі өмірлік жағдайларда өздігінен көмектеседі, қызметті өз бетінше ұсынады, оның қажеттіліктерін жабады. Қазақстандықтарға олардың өмірінің маңызды күндерін еске түсіру үшін біз eGov Mobile қосымшасында push хабарламаларын іске қостық. Сондай-ақ, олардың көмегімен біз құжат мерзімінің аяқталғанын алдын-ала еске саламыз. Сонымен қатар, азаматтар белгілі бір мемлекеттік қызметтерді немесе проактивті қызметтер туралы хабарламаларды алу бойынша ұсыныстар алады», — деп атап өтті «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма Төрағасы Ростислав Коняшкин.
       Сонымен қатар, eGov Mobile қосымшасы жақын арада хабарландырулардың жаңа санаттарын қосады және әдеттегі хабарламалардан өзге, ұсынылатын қызметке өту үшін батырмасы бар проактивті қызметтер қолжетімді болады.
         Push хабарландыруларын мобильді қосымшада «Хабарландырулар» бөлімінде көруге болады. Егер қосымша орнатылмаған болса, бірақ бұл ретте мобильді азаматтар базасында тіркеу болса, пайдаланушыға 1414 нөмірінен қосымшаны жүктеуге сілтемеcі бар Жаңа хабарламаның келіп түскені туралы ақпараты бар SMS жолданатын болады.
          Мобильді қосымшаны iOS жүйесін пайдаланушылары App Store платформасынан, сондай-ақ Android жүйесін пайдаланушылары Play Market және App Gallery-ден жүктеуге болады.
«ҰАТ» АҚ Қоғаммен байланыс басқармасы
www.nitec.kz

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ КВИЗ-САЙЫСЫ

        ...

«ҰЛЫ ДАЛА» балабақшасында «Ауыл» партиясының «Бастауыш партия ұйымы» ашылды

       Семей ...

ШЕКАРАДАН БАСТАЛҒАН СЕРІКТЕСТІК: ҚЫТАЙ КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ САПАРЫ НЕНІ КӨРСЕТТІ?

        ...

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ: ТҮРКІСТАН ӨНДІРІСІ ДАМЫҒАН ӨҢІРЛЕР ҚАТАРЫНАН ТАБЫЛАДЫ

        ...

«АГРОХАКАТОН – 2025» ЖАС ҒАЛЫМДАР ЖОБАСЫНДА СЕМЕЙЛІК – “CAMPUS TEAM” КОМАНДАСЫ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

        ...

СЕМЕЙДЕ «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ӨҢІРЛІК ФИЛИАЛ АКТИВІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ІРІКТЕУДІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

        ...

АБАЙ ОБЛЫСЫНДА «ИННОВАЦИЯЛАР. ТҰРАҚТЫЛЫҚ. БОЛАШАҚ» ХАКАТОНЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

        ...

СЕМЕЙДЕ АЛҒАШ РЕТ ТІКЕЛЕЙ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ САЙЛАУЫ ӨТТІ

        ...

ҰСТАЗДАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ІС-ШАРА

        ...