Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6131
БХАНГАРХ ФОРТЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » БХАНГАРХ ФОРТЫ
Форт Бхангарх © mrinalpal / Shutterstock

БХАНГАРХ ФОРТЫ

        Қайда орналасқан: Раджастхан, Үндістан
        Тағы бір таңқаларлық орын — XVI ғасырда Раджа Багвант Дастың екінші ұлы Ман Сингх I үшін резиденция ретінде тұрғызылған Бхангарх форты. Оның күшті қабырғалары мен берік қақпалары – керемет сәулетімен танымал сарайларды, сондай-ақ храмдар мен тұрғын үйлерді қорғады. Бірақ белгісіз себептермен 1783 жылы барлық тұрғындар форттан тез кетіп қалды және ол толығымен бос қалды.
        Бұл архитектуралық жадынаманың көптеген ғимараттары бүгінгі күнге дейін жақсы сақталған. Мистикалық даңққа бөленген ол эзотерикалық туризмнің көптеген ізбасарларын тартады және елдің ең көп баратын көрікті жерлерінің бірі болып табылады. Жергілікті тұрғындар бұл бекіністі – түнде осында қалғандардың бәрін өлтіретін зұлым елестер үшін үй ретінде қызмет етеді деп санайды. Себебі, оның аумағында адамдар бірнеше рет жоғалып кеткен екен. Тіпті куәгерлер де сол жерде әйелдердің жылағанын, білезіктердің сықырлағанын және біртүрлі музыканы естігенін, сондай-ақ кезбе шамдарды көргенін айтады.
         Жергілікті халық мұның себебін қарғыс деп санайды. Бір нұсқа бойынша, оны осы фортта тұратын ханшайым Ратнаватиге ғашық болған сиқыршы жасаған. Ол хош иісті бөтелкені махаббат затына ауыстыру арқылы қызды баурап алуға тырысыпты. Бірақ ханшайым бұл туралы біліп қойып, бөтелкені сындырған  үлкен тас күтпеген жерден домалап, сиқыршыны жаншып жіберді. Өліп бара жатып сиқыршы  Ратнавати мен форт тұрғындарына қарғыс тілейді. Тағы бір нұсқада Бхангарх форты, Баба Балу Нат есімді әулиенің қарғысына ұшырағаны айтылады, өйткені керемет құрылым бағандарының көлеңкесі одан күнді жауып, медитация жасауына кедергі келтірген екен. Оның қалауы бойынша цитадель қирандыларға айналыпты.
         Жоғарыда айтылғандардың бәрі біртүрлі болып көрінгенімен, бір факт даусыз болып қала береді — Үндістанның археологиялық қызметі (ASI) бекініс аумағында күн батқаннан таң атқанға дейін тұруға қатаң тыйым салынғаны туралы ескертетін бірнеше тақтайшалар орнатты.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР ӨТТІ

        ...

ҰЛТТЫҚ БАСЫЛЫМ КҮНІ

        ...

МЫСЛИ ТЕРЗАЮТ НОЧАМИ…

ЕРІК ҚАЙРАТБЕКҰЛЫ ОМАРҒАЛИЕВ. Абай ...

«АБАЙ» ЖУРНАЛЫНЫҢ ОҚЫРМАНДАРЫНА ҮНДЕУ!

         ...

ТІЛДІ ДАМЫТУ, МӘДЕНИЕТ ПЕН РУХАНИЯТТЫ НЫҒАЙТУ, АҚПАРАТ САЛАСЫН ӨРКЕНДЕТУ – ЖАҢҒЫРУДЫҢ ӨЗЕГІ

        ...

Не прошли мимо: как войсковой наряд помог потерявшемуся школьнику

        ...

Бейжай қалмады: әскери жасақ адасып қалған оқушыға көмек көрсетті

        ...

«АРАЙЛЫ КҮНІМ — АЗАТТЫҚ!» ЖАС АҚЫНДАР АЙТЫСЫ

     2025 жылдың ...

МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫ ЖИЫН-СЕМИНАРЫ МЕН МЕРЕКЕЛІК ШАРАСЫ ӨТТІ

        ...

«ЖАС ҰРПАҚ ЖӘНЕ АБАЙ МҰРАСЫ» ТАҒЫЛЫМДЫ ФОРУМЫ ӨТТІ

        ...