АУЫЛ – ЕЛДІҢ ТІРЕГІ: «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ӨҢІРЛІК ФИЛИАЛЫ ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫНДА ҚОЛДАЙДЫ
Posted by: Қалмұрат
in News, PRESS RELEASE, Ауыл шаруашылығы, Билік, Саясат
22/09/2025
109 Views
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы Қазақстан халқына Жолдауы – еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму жолын айқындайтын тарихи құжат. Жолдауда елдің тұрақты дамуы мен халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған нақты тапсырмалар белгіленді. Әсіресе, ауыл шаруашылығын жаңғырту, өңірлердің инфрақұрылымын жетілдіру және әлеуметтік әділдікті нығайту мәселелері ерекше назарға алынды.
«Ауыл» партиясының Абай облысы бойынша өңірлік филиалы Президент Жолдауын ауыл мен ауыл адамдарының мүддесіне сай жасалған стратегиялық бағдарлама деп қабылдайды және онда айтылған бастамаларды толық қолдайды.
Жолдауда ауыл шаруашылығын дамытуға ерекше көңіл бөлінді. Мемлекет басшысы фермерлерге жеңілдетілген несие беру, ауыл кәсіпкерлері үшін жаңа қаржылық құралдар енгізу, кооперацияны нығайту жөнінде нақты міндеттер жүктеді. Бұл – ауыл экономикасының тұрақтылығын арттырып, елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам. Абай облысы үшін бұл бастамалардың мәні зор. Өңірдің кең жайылымдық жерлері мен табиғи ресурстары мал шаруашылығы мен егіншілікті өркендетуге мүмкіндік береді. Партиямыз жергілікті фермерлердің ұсыныстарын ескеріп, оларды қаржылай және технологиялық тұрғыдан қолдау мәселесін үнемі көтеріп келеді.
Президент ауылдық аймақтарға сапалы жол, таза ауыз су, электр энергиясы мен интернет жеткізу мәселесін ерекше атап өтті. Бұл – Абай облысының шалғай елді — мекендері үшін аса өзекті міндет. Жолдаудағы осы тапсырмаларды орындау ауыл тұрғындарының өмір сапасын арттырып қана қоймай, ауыл жастарының қалаға жаппай көшуін тежейді.
«Ауыл» партиясы өңірлік филиалы жергілікті билікпен бірлесіп, жол жөндеу, су көздерін тазарту, цифрлық инфрақұрылымды дамыту бағытында қоғамдық бақылауды күшейтуді көздеуге үн қоспақ.
Жолдауда ауыл мектептері мен медициналық мекемелерін жаңарту, жас мамандарға қолжетімді баспана салу, жастарды жұмыспен қамту мәселелері нақты көтерілді. Бұл шаралар ауылдың әлеуметтік келбетін жақсартып, жас буынның туған жерінде еңбек етуіне мол мүмкіндік бермек.
Біздің филиал Ауыл жастарын қолдауда, шағын-кәсіпкерлік курстарын, ауыл шаруашылығын цифрландыру жобаларын және экологиялық бастамаларды жүзеге асыруға өзіндік үлесін тигізуге атсалыспақ.
Президент жайылымдық жерлерді тиімді пайдалану, су көздерін үнемдеу, табиғатты қорғау жөніндегі тапсырмаларды да назардан тыс қалдырған жоқ. Абай өңірі үшін бұл аса маңызды, себебі, экологиялық тепе-теңдікті сақтау – ауыл шаруашылығының ұзақ мерзімді дамуының негізі. Партиямыз экологиялық мәдениетті арттыруға және табиғатты ұқыпты пайдалануға бағытталған жобаларды қолдайды.
«Ауыл» партиясы Абай облысы бойынша өңірлік филиалы Мемлекет басшысының 2025 жылғы Жолдауын ауылдық аймақтардыөркендетуге арналған нақты әрі уақытылы бағдар деп санайды. Біз ауылдың дамуы – елдің дамуы екенін терең түсінеміз. Сондықтан, Жолдауда айтылған міндеттерді орындау үшін жергілікті билікпен, фермерлермен және қоғамдық ұйымдармен бірлесе отырып, нақты жобаларды жүзеге асыруға әзірміз.
Ауыл – қазақ халқының түп-тамыры, елдік болмыстың бек қайнары. Президент Жолдауында белгіленген мақсаттар ауылды түлетіп, әр отбасына жаңа мүмкіндіктер әкелетініне сеніміміз мол.
«Ауыл» партиясы Абай облысы бойынша өңірлік филиалының
баспасөз қызметі.
2025-09-22