Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6131
«ОТБАСЫ КҮНІ» МЕРЕКЕСІ – БАҚЫТ БАСТАУЫ! - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » «ОТБАСЫ КҮНІ» МЕРЕКЕСІ – БАҚЫТ БАСТАУЫ!

«ОТБАСЫ КҮНІ» МЕРЕКЕСІ – БАҚЫТ БАСТАУЫ!

         Қазақстанда қыркүйек айының екінші жексенбісі «Отбасы күні» ретінде аталынып өтіледі. Бұл мереке – отбасы құндылықтарын дәріптеп, ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға арналған ерекше күн есебінде. Отбасы – әр адамның жүрегіне жақын, өмірінің алтын діңгегі деуге болады.
         Ол – мейірім мен махаббаттың, сыйластық пен татулықтың ұясы.
          Отбасы дегеніміз – кез келген мемлекеттің ең басты байлығы саналады. Себебі, қоғамның іргетасы мықты, тату-тәтті отбасылардан қаланбақ. Бала тәрбиесі де отбасының жылуынан басталады. «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген халық даналығы осыны меңзесе керекті. Әке – отбасының қорғаны, ана – мейірімнің бұлағы, ал, бала – ата мен ананың үзілмес жарық үмітінің жалғасындай…
         «Отбасы күні» – жақындармен бірге бас қосып, ата-анаға құрмет көрсетіп, ұрпаққа өнеге боларлық ізгі дәстүрлерді жаңғыртуға мүмкіндік беретін тағылымды мереке!  Бұл күнгі негізгі мақсат – әр адамның отбасына деген сүйіспеншілігін арттыру, бірліктің, сыйластықтың, өзара қолдаудың маңызын еске салу. Еліміздегі көптеген  мектептер мен мәдениет үйлерінде түрлі концерттік  іс-шаралар, ұлттық нақыштағы көрмелер, заманауи сайыстар ұйымдастырылып, жас ұрпаққа отбасы құндылықтарын насихаттайтын тәрбиелік бағдарламалар өткізіліп келеді.
        Қазақ халқы үшін отбасы – қастерлі ұғым. «Отан – отбасынан басталады» деп бекерге айтпаған. Біздің салт-дәстүрімізде үлкенді сыйлау, кішіге қамқор, ізетті болу,  туыстық қатынасты сақтау – ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан асыл қасиеттер.  Бұл мереке ата-баба аманатын ұмытпай, отбасының берекесін сақтау керектігін тағы да еске салатынын  айқындайды.
       «Отбасы күні» – әрбір жан үшін жүрекке жылу сыйлайтын, жақындарға деген махаббатты арттыратын мейрам. Бұл мереке, отбасының адам өміріндегі орны ерекше екенін көрсетіп қана қоймай, қоғамның да рухани дамуына жол ашпақ денім келеді.
        Қазақ еліндегі әрбір «Отбасының» әр күні  махаббат пен сыйластыққа толы болып, әрбір шаңырақ дара қуанышқа кенеліп, бал — бақуатты ғұмыр кешсін!
«Ауыл» партиясы Абай облысы бойынша өңірлік филиалы
баспасөз қызметі

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ОЗЕРКИ АУЫЛЫ МЕКТЕБІНДЕ «КІТАПҚА – ЕКІНШІ ӨМІР СЫЙЛА» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

        ...

«ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМДАР КҮНІНЕ» АРНАЛҒАН ҚОҒАМДЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

        ...

STAEM ӘДІСІНІҢ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ

        ...

МҚІА ТҮКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ: ҚЫЗМЕТ АЛУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫ – БАСТЫ НАЗАРДА

        ...

АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІНДЕГІ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН КООПЕРАЦИЯ — АУЫЛ ДАМУЫНЫҢ КІЛТІ», БИОГУМУС ӨНІМІ ТУРАСЫНДА ДӘРІС–ЖИЫНЫ ӨТТІ

        ...

«СЕМЕЙ ПОЛИГОНЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗАРДАПТАРЫ» ҚОҒАМДЫҚ ІС-ШАРАСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

        ...

ЕҢБЕКТІ СҮЙГЕН ЖАНДАРДЫҢ МАРАПАТЫ

        ...

ОЛЖАС СҮЛЕЙМЕНОВ «НОБЕЛЬ СЫЙЛЫҒЫН» АЛАДЫ МА?

      Олжас ...

АЛМАТЫНЫҢ АУАСЫН ТАЗАРТАТЫН ТЕХНОЛОГИЯ ІСКЕ АСПАҚШЫ

        ...