Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the jetpack-social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
«РУХЫ ТАЗА ЕЛ» – ЖАС ЕРІКТІЛЕР ҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІККЕ АТСАЛЫСУДА - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » «РУХЫ ТАЗА ЕЛ» – ЖАС ЕРІКТІЛЕР ҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІККЕ АТСАЛЫСУДА

«РУХЫ ТАЗА ЕЛ» – ЖАС ЕРІКТІЛЕР ҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІККЕ АТСАЛЫСУДА

         Абай облысы – қасиетті Семей топырағы  қашанда елдік пен руханияттың ұйытқысы болып келгені белгілі. Бүгінде, бұл өңірдің жастары да өнегелі жолды жалғап, қоғамның дамуына өз үлестерін қосуды басты міндет санайды. Солардың бірегейі – Медғат Несіпбекұлы, жас болса да азаматтық белсенділігімен көпке үлгі болып жүрген рухты азамат.
       Медғат – Семей қаласының тумасы, спортпен шұғылданатын жас, негізгі мамандығы – заңгер. Ол кәсіби мамандық жолын ғана емес, ел игілігіне қызмет ететін қоғамдық істі де қатар алып жүр. Қазіргі таңда, Медғат – «Рухы таза ел» аталатын жас еріктілер тобының жетекшісі. Бұл бастама – қоғамды тазалыққа, экологиялық мәдениетке, ортақ жауапкершілікке үндейтін маңызды азаматтық қозғалыс.
        Биылғы жылы, Абай облысының әкімі Берік Уәлиұлы өңір жастарын тазалық пен тәртіпке шақырып, әрбір азаматты туған жерін таза ұстауға үндеген болатын… Осы үндеуді қолдаған, Медғат, күн сайын дерлік, әсіресе, әр сенбі сайын қалалық сенбіліктерге қатысып жүр десенк, еш асылық емес!  Ол қасына өзі сияқты белсенді жастарды топтастырып, аула, саябақ, жағалау аумақтарын тазалауға, тұрмыстық қалдықтарды жинауға атсалысып келеді.
       Медғаттың айтуынша, «сенбілік» – тек қоқыс жинау емес, бұл – қоғамдық санаға серпін беретін, адамды жауапкершілікке тәрбиелейтін үлкен іс. «Туған қалаңды, туған жеріңді таза ұстау – әр азаматтың парызы. Біз, жастар, үлкендерден бізге қалған аманатқа адал болуымыз керек», – дейді ол.
        Жас еріктілердің бұл әрекеті Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған «Таза Қазақстан»ұлттық жобасының да нақты көрінісі. Президент табиғатты аялау, қоршаған ортаны таза ұстау – тек биліктің емес, әрбір қазақстандықтың ортақ міндеті екенін үнемі атап келеді. Медғат Несіпбекұлы осы бастаманы өзінің өмірлік ұстанымына айналдырған. Ол, әр сенбілікке шыққан сайын, әлеуметтік желідегі достарын да шақырып, тазалыққа үндеуді әдетке айналдырғалы қашан?!
       Семейліктер, бүгінгі күні, Медғатты жақсы таниды деп айтуға әбден болады.  Қала тұрғындары оның әрбір ісін әлеуметтік желілер арқылы көріп, қолдау білдіруде… Жастарға үлгі боларлық жігерлі мінезі, адалдығы мен еңбекқорлығы оның патриоттық рухының биік екенін айқындап тұр. Ол үшін отансүйгіштік – тек ұран емес, нақты әрекет!
        Медғаттың күнделікті еңбегі қарапайым көрінгенімен, оның астарында үлкен азаматтық жауапкершілік жатыр. Қала көшелерін тазалау арқылы ол елдің экологиялық мәдениетін көтеріп қана қоймай, жастардың бойына туған жерге деген құрметті сіңіріп те жүр.
        «Рухы таза ел» жас еріктілерінің мақсаты – тек сенбілік ұйымдастыру емес, ұрпақ бойында тазалық мәдениетін қалыптастыру, табиғатты аялауға шақыру! Осы тұрғыда, Медғаттың белсенділігі – бұл мақсаттың жарқын мысалындай. Оның бастамасына қосылған ерікті жастардың саны күн санап артуда. Бұл дегеніміз – қоғамның жаңарып, жаңа буынның жауапкершілікті терең сезіне бастағанының белгісі.
        Медғат Несіпбекұлы – өз ұлтының нағыз жанашыры. Оның әр ісі – туған жерін сүйетін, елінің ертеңіне алаңдайтын нағыз қазақстандық жастың айқын бейнесін танытады.
        Семей қаласының көшелерін тазалап жүрген жас заңгер әрі спортшының осындай ерлікке толы әрекеті көпке үлгі болуы тиіс. Таза қала – таза қоғамның мінсіз айнасы. «Рухы таза ел» – болашағы жарқын ел!
«Сайыпқыран.кз» ақпараттық-сараптамалық порталы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ОРАЛДА «AUYL FEST. ҚОЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ – 2025» БІРІНШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

        ...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУДІҢ ЕЛ ҮШІН МАҢЫЗЫ ЕРЕКШЕ

        ...

СЕМЕЙДЕГІ «САҢЫРАУЛАР ҚОҒАМЫНДАҒЫ» «БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ» МҮШЕЛЕРІ ЖИДЕБАЙҒА САПАРЛАП БАРДЫ

       2025 ...

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ»: СЕМЕЙДЕ МҮГЕДЕК ШЕБЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

        ...

ТЕГЕУРІН ТӨЗІМ ИЕСІ ОЛ – «ТЕМІРЖОЛШЫ»

        ...

Абайдың 180 жылдығында – текті әулеттен шыққан Жетісайдың қызы «Жеті қазынаға» енді

        ...

ЖЫР ЖОЛЫНДАҒЫ ЖҰМБАҚ ЖОЛ

        ...

ДАНА АБАЙДЫҢ 180 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ – КЕҢ КӨЛЕМДЕ ТОЙЛАНДЫ

        ...

ТАРИХИ ТҮЙЕМОЙНАҚТАҒЫ «ЭТНО-АУЫЛҒА» САПАР

        ...

ДЕПУТАТ ТАЛҒАТ ҚАРЖАУОВ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ КЕЗІНДЕ БАЛАЛАРҒА МЕКТЕП ҚҰРАЛДАРЫН ТАБЫСТАДЫ

        ...