Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
СҰЛУ СЫР ЕЛІНЕН – ҰЛЫ АБАЙ ЕЛІНЕ! - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » СҰЛУ СЫР ЕЛІНЕН – ҰЛЫ АБАЙ ЕЛІНЕ!

СҰЛУ СЫР ЕЛІНЕН – ҰЛЫ АБАЙ ЕЛІНЕ!

        Семейде Қызылорда мен Абай облыстарының мәдени ынтымағын паш еткен тамаша концерт өтті.
        Семей қаласында өткен «Сұлу Сыр елінен – Абай еліне!» концерті көрермендерді ерекше әсерге бөледі. Біз осы кештен рухани әсер алған қала тұрғыны, медицина саласының маманы Сымбат Серғазықызымен сұхбаттасқан едік.
       Журналист:
       – Бүгінгі концерттен алған алғашқы әсеріңіз қандай? Қай өнер нөмірі немесе қай сәт ерекше ұнады?
         Сымбат Серғазықызы:
       – Өнердің алмайтын қамалы жоқ қой. Ән мен күй, жыр мен би ешқандай шекараға бағынбайды – ол еркін, шексіз құдірет. Соның айғағындай, бүгінгі «Сұлу Сыр елінен – Абай еліне!» концерті өте әсерлі, тамаша мәдени шара болды деп санаймын. Қызылорданың… Сыр елі шын мәнінде өнерге бай екеніне тағы бір мәрте көз жетті. Оркестрдің үйлесімділігі мен шеберлігі құлақтың құрышын қандырып, жанды тербетті. Әсіресе, бишілердің сахналық мәдениеті мен үлкен шығарылымы ерекше ұнады.
         Журналист:
         – Қызылорда мен Семей арасындағы мәдени байланыстарды насихаттау тұрғысынан бұл шараның мәнін қалай бағалайсыз?
        Сымбат Серғазықызы:
        – Мәдениет пен білім – ел іргетасы. Сондықтан қос облыстың байланысты дәл осы сала арқылы бастауы – өте құптарлық қадам. Ән мен жыр, күй мен би жүрген ортада адамның көңілі жайланып, жаны жадырап, өзге игі істерге деген құлшынысы артады. Бұл концерт Сыр елінің өнерін паш етіп қана қоймай, Абай елінің көрермендеріне ой салып, жаңа жоспарларға бастау бергендей…
        Журналист:
        – Алдағы уақытта осындай өңіраралық мәдени іс-шаралардың жиі ұйымдастырылуын қалайсыз ба? Қандай ұсыныстарыңыз бар?
        Сымбат Серғазықызы:
       – Әрине, мұндай шаралар жиі ұйымдастырылса нұр үстіне нұр болар еді. Батыс, Оңтүстік, Солтүстік және Орталық өңірлер де осындай мәдени тоғысу кештерін өткізсе, елдің мәдени және экономикалық байланыстары нығая түсері анық. Бұл бастама өзге аймақтарға да үлгі болып, халықты жақындастыра түсетініне сенемін.
        Журналист:
        – Сыр мен Сарыарқа арасындағы рухани көпір болған бұл концерт ел ішіндегі мәдени ынтымақтастықтың жарқын үлгісі болды деп айтуға толық негіз бар. «Сұлу Сыр елінен – ұлы Абай еліне!» кеші қос өңірдің достығын тереңдетіп, өнердің мәңгілік құдіретін тағы да дәлелдеді.
«Ауыл» партиясы Абай облысы бойынша өңірлік филиалының  баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ҚҰРЫЛТАЙДА КӨТЕРІЛГЕН БАСТАМАЛАР ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАҒЫТЫН АЙҚЫНДАЙДЫ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ: ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТИІМДІ АЛАҢЫ

        ...

Сайлауға қатысып, ел болашағына өз үлесіңді қос!

       Елдің ...

Алматы облысында онкологиялық көмектің жаңа мүмкіндіктері кеңеюде

Түркітілдес журналистер қорының мүшелері ...

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...

Құрылтай сайлауының маңызы

        ...

ҰЛТТЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ 217 МЕКТЕП САЛЫНДЫ

       Елімізде ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ӨЗГЕРІСТЕР

        ...

23 тамыз – Қазақстандағы алғашқы Құрылтай депутаттарының сайлауы

        ...

БАСТЫ МАҚСАТ – ХАЛЫҚ КІРІСІН АРТТЫРУ

        ...