Home » Қоғам » Білім саласы » АТА ҚОНЫС – АЛТЫН МЕКЕН

АТА ҚОНЫС – АЛТЫН МЕКЕН

         Қоныс, ата қоныс – ел мекендейтін орын, көшпелілер дүниетанымындағы киелі мекен.
         Уақыт пен кеңістіктегі қоныс ұғымы көшпелі жұрттың өсіп-өркендеуіне қолайлы жер-сумен, жайылымдармен, шұрайлы елді мекендермен үндестік тауып, шаруашылық-мәдени өмірдің даму үрдістерін айқындады. Ғасырлар бойы көшпелілерді қоршаған орта киелі таулардан, өзендер мен көлдерден, аңғарлардан, көне зираттардан құралып, ата жұртын белгіледі.
       Атадан балаға мұраға қалған жерлермен халықтың бүкіл тыныс-тіршілігі, өмір сүру қарекеті байланысты болды. Дәстүрлі көшпелі тұрмыс- тіршілігі, төрт түлік мал, жер-ана, табиғат халықтың «құтты қоныс» ұғымын айқындап, материалдық-рухани игілігін, дүниетанымы мен төл мәдениетін қалыптастырды.
        «Құтты қоныс» іздеу мақсатында халық табиғаттың қолайлы белдеулерінде жыл маусымдарына орай көшіп-қонып отырды. «Кір жуып, кіндік қаны тамған» жермен байланысты туған «ата жұрт, ата қоныс» ұғымында ру-тайпа меншігінде болған жер-аумақтың меншіктілігі, тұтастығы көрініс тапты. Түркі дәуірінде пайда болған «ата қоныс» ұғымы дәстүрлі дүниетанымдық ұстанымдар жиынтығына негізделіп, қауым арасында жерді пайдалану жүйесінің шарттары мен нормаларын қамтамасыз етті. «Ата қоныс» көшпелілер үшін қасиетті саналып, өз жерінің тұтастығының кепілі әрі көршілес жатқан мекендерге қол сұғуға болмайтындығын мойындауды білдірді.
        Қазақтың классик жазушысы Тынымбай Нұрмағамбетовтің «Ата қоныс» атты әңгімесі кім-кімді де бей-жай қалдырмайды. Шынайы, риясыз әңгімені оқып, көзіңізге еріксіз жас келеді. «Ата-қоныс» – ауылға деген сағыныштың айқын көрінісі. Әңгіменің тақырыбы ауыл, атамекен, туған жер, ауылды сақтап қалу идеясынан туындаған. Адам қанша жерден ауылын ұмытса да, күш-қуаты тасып, бойында қаны тулап тұрған кездегі өмірінің жарқын кезеңін еш ұмыта алмайды, бәрібір де жүрек түбінде жылы естеліктер сақталады.
       Қазақстан – қазақ халқының ата-баба мекені, ежелгі қонысы. Бұл жерде ата-бабамыз туды, тұрды, өмір сүрді, оның топырағында ата-бабамыздың кіндігі кесілген кең жазира жері. Бұл жерді мекен еткен көшпелілер мен отырықшылардың бір-бірімен шендескен әлемі ғасырлар қойнауында талай-талай ұлыстар мен ұлағаттарды дүниеге әкеліп, мәдениеті мен діні жаңғыра түлеп, әйгілі күре жолдардың үстінде саудасы қызып, Шығыс пен Батыс арасы тұтастанып жататын болған. Біздің еліміздің жерінен Жерорта теңізінен Қытайға дейін Еуразияны көктей өтіп жатқан «Ұлы Жібек жолының» керуендері тоғысқан кіндік Азияны басып өткен.
        Қазақстанның табиғаты таңғажайып сан қилы. Мұнда аспанмен тілдескен мұзарт шыңдарды, тұңғиығы тұнжыраған жұмбақ көлдерді, ақ жал толқындары асау арғымақтардай көкке шапшыған шалқар теңізді, күні от шашқан шөлейтті, арналы өзен, ну орманды көруге болады. Қазақстан картасы – қазына картасы қазір. Даласы дархан, топырағы қасиетті, қойнауы қазыналы. Қазынаның барлығы да қазақ жерінің топырағында тұнып жатқанын екінің бірі айтпай- ақ біледі.
         Туған жер, Атамекенді өлең-жырға қосқан ақын-жазушылар қаншама. Отан оттан да ыстық қой. Ата қоныс жерден жырақта жүрсең, туған жерің қашан да жүрегіңде болады, елге жеткенше асығып, шіркін, көк жайлауым-ай, асқар Алатауым-ай деп аңсамайтын адам жоқ шығар.
         Туған жерді ешнәрсеге де айырбастауға болмайды, осы ретте дана халқымыздың «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» деген нақыл сөздері өте орынды айтылған. Себебі, туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас.
          Қазақтың даңқты батыр ұлдарының бірі − Бауыржан Момышұлы «Отан үшін отқа түс, күймейсің», – деген екен. Шынында да осы Отан үшін, туған ел мен жер үшін отқа түскен кешегі батыр бабаларымыз, әлемде жер көлемі жөнінен тоғызыншы орын алатын осынау байтақ өлкені «ақ білектің ұшымен, ақ найзаның ұшымен», қорғап кейінгі біз секілді ұрпаққа аманаттап кетті. Қазақ елінің қай қиырына барсаңыз да тәуелсіздіктің желбіреген көк туын көріп, көңіл шіркін марқаяды. Себебі, дүние жүзінде қаншама ұлттар мен ұлыстар «ұлтарақтай» жерге ие бола алмай, жер дүниеде босып жүр. Осыларды көріп, аттөбеліндей қазағыма айлапат жерді нәсіп еткен Ұлы Алла Тағалаға мың сан шүкір дейміз. Енді, осы Отан-Анамызды көздің қарашығындай қорғау, кейінгі ұрпақтың абыройлы міндеті болып табылады.
Нұрғиса САЙЛАУОВ, теолог маман.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

СУ ТАСҚЫНЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕН АЙМАҚТАРҒА 1,3 МИЛЛИАРД ТЕНГЕ БӨЛДІ

        ...

Туризмді одан әрі дамыту туралы сөз қозғалды

        ...

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

        ...

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

        ...

КӘСІПОРЫНДАР 7540,4 МЛН. ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІН ШЫҒАРҒАН

     Мақтаарал ауданының ...

«23 сәуір ұлттық егемендік және балаларды қорғау күні» аталып өтті

        ...

22 СӘУІР – АЛТЫН АДАМ КҮН!

Алтын адам алтын тұлға ...

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІЛЕРІН КӨРСЕТІП КЕЛЕДІ

        ...

САЯХАТТЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ ДЕ ЗОР БОЛДЫ

        ...