Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6131
ТЕРГЕУ ТҰТҚЫНЫНДАҒЫЛАР ҰЙЫМШЫЛДЫҚПЕН ДАУЫС БЕРДІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » ТЕРГЕУ ТҰТҚЫНЫНДАҒЫЛАР ҰЙЫМШЫЛДЫҚПЕН ДАУЫС БЕРДІ

ТЕРГЕУ ТҰТҚЫНЫНДАҒЫЛАР ҰЙЫМШЫЛДЫҚПЕН ДАУЫС БЕРДІ

           5 маусым күні Алматы қаласы Тергеу изоляторындағы тергеу тұтқынындағылар да таңертең ерте ЛА-155\18 түзеу мекемесіндегі сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді.  ҚР Қылмыстық-атқару кодексінің 104 бабының 3 бөлігінде көзделгендей сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында ұсталатын сотталғандардан басқа күдіктілердің республикалық референдумға қатысуға құқықтары бар.
          Аталған санатқа тергеу тұтқынындағылар мен соттың үкімі әлі күшіне енбеген, жасы он сегізге толғандар жатады.
Референдумға дайындық кезінде Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің шешімімен Тергеу изоляторы орналасқан аумақ бойынша №479 сайлау учаскесі құрылып, учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері бекітілді.
        Осыған орай ЛА-155/18 мекемесінде Референдум өткізу үшін,5 кабина жабдықталып, үгіт-насихат жұмыстары жүргізілген болатын.
«5 маусым – Мемлекет басшысы Қ-Ж. Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан» құру бастамасын жүзеге асыруға негіз болатын маңызды күн. Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілетін өзгерістер – еліміздің жарқын болашағын қамтамасыз ететіні сөзсіз. Осындай маңызы зор саяси науқанға ЛА-155/18 мекемесіндегі тергеу қамауындағылар да белсенді түрде ат салысты.
         5 маусым күні таңғы 7,-ден бастап тергеу изоляторындағы дауыс беруге құқылы 1025 күдікті дауыс берді. Оларға алдын-ала Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілетін өзгерістердің маңызы туралы үгіт насихат жұмыстары жүргізілген болатын. Осындай жүйелі жұмыстардың нәтижесінде 5 маусым күні сот үкімі шықпаған барлық тергеу қамауындағылар ұйымшылдықпен дауыс берді»-дейді мекеме бастығы және №479 сайлау учаскесінің төрағасы әділет подполковнигі Әсет Жұмадиев.
Гүлнар МАҒЗҰМОВА,
Алматы қаласы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«ЖАС ҰРПАҚ ЖӘНЕ АБАЙ МҰРАСЫ» ТАҒЫЛЫМДЫ ФОРУМЫ ӨТТІ

        ...

«ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ» — ҰЛТТЫҢ ҰЛЫҚ МЕРЕКЕСІ!

        ...

«ЕҢБЕК АДАМЫ» КЕЙІПКЕРІ: АҒА МЕЙІРБИКЕНІҢ ЕҢБЕК ЖОЛЫ – ЖАСТАРҒА ӨНЕГЕ!

        ...

АЯГӨЗ АУДАНЫНДА «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ МЕДАЛЬДАРЫ ТАБЫСТАЛДЫ

        ...

АУЫЛДЫҚ МЕКТЕП КІТАПХАНАСЫНДА «КІТАПҚА — ЕКІНШІ ӨМІР СЫЙЛА» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

        ...

«ТАРИХ ТАРТУЫ — ТӘУЕЛСІЗДІК» КВИЗ САЙЫСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

        ...

«АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ БЕЛДІ МҮШЕСІ ВИЦЕ-МИНИСТРДЕН МАРАПАТ АЛДЫ

        ...

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

        ...

«ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІБИЛІК» ИДЕОЛОГЕМАСЫ НЕГІЗІНДЕ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗІЛДІ

        ...

«АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ (АОБӨФ) ТӨРАҒАСЫ — «ОЙШІЛІК» АУЛЫНДА БОЛДЫ

        ...