Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the jetpack-social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
АУДАРМАДАҒЫ – СОНЫ ҚҰБЫЛЫС - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » АУДАРМАДАҒЫ – СОНЫ ҚҰБЫЛЫС

АУДАРМАДАҒЫ – СОНЫ ҚҰБЫЛЫС

           Жасыратыны жоқ көркем аудармадағы ең қиын тәржіма – бұл поэзия. Тақырыбыңа терең бойлай алмасаң авторлық ойды бастапқы түпқазығынан адастырып жібересің де, тамаша өлең тамырынан солып, сұрқы қашып, жансыз өлі дүниеге айналады.
          Өкшемізді басқан буынның арасында өлең аударатын ақындардың ішінде семейлік жас қаламгер Ерік Омарғалиев осы салада өзін танытып, Әлем әдебиетінен танымал ақындардың өлеңдерін аударып, жырсүйер қауымға танытып жүрген жайы бар.
         Аударма — қиын сала. Оған ақындардың көбі бел шешіп бара бермейді. Неге дейсіз бе? Себебі проза бұра тартуға көнбейді. Ал, поэзиядан аударма жасадыңыз ба, әрине, бірден басыңыздауға қалады. Өйткені, сізбасқа мәдениеттің, басқа діннің, ұлтыңыздан таным — түсінігі мүлде өзге беймәлім әлемге аяқ басасыз.
         Бір айта кетерлігі Қуандық Шаңғытбаевтан кейін Омар Хаям Рубаяттарын аудару бақыты Ерік бауырыма бұйырғанына разы боп қалдым.
          Шығыстық жұлдыздар қатарынан саналатын шайырлардың темірқазығы – Омар Хаямның кей танымал Рубайларынан үзінділер аударғаны үлкен ойдың жемісі сияқты, таңданбасқа болмас, сірә!
Күндер мен жылдарға, өмірге… еш қайран!
Қалмаймын, үзілмей, тағы д акешкі ойдан!
Ғайыптан түссем де, күссем де, сезінем барлығын!
Онсыз бұл жалғанның … жарлығы — жоқ қой мән! – деп аударғаны тым ғажап!
          Ерік тәржімаларынан тілдік одағайлықты еш көре алмадық. Талантты аудармашы бауырлас өзбек, әзірбайжан, тәжік, татар, және қырғыз әдебиетінде өзіндік қолтаңбасы бар поэзия дүрлерін ана тілімізге төгілте аударып, олардың шығармашылық өресі мен авторлық ерекшелігін таныта алғандығы өлеңсүйер жан ретінде бізді қуантты. Мәселенки, Ерік аударған шайырлардың есім — сойларын тізе кетуді жөн көрдік: қырғыз ақындары Аман Тоқтоғұлов, Аалы Токомбаев, Сооронбай Жусуев, Эртабылды Аттокуровтар және Татар ақындарынан Мөдәррис Әгьләмов, Маннур Саттаров, Рәхим Саттар, Илсөяр Иксановалар мен Өзбек ақындары Айгүл Сүйіндікова, Усман Азимдер, тәжік ақыны Бахтиер Аминов тағы әзірбайжан ақыны Аббас Саххат сияқты ақындар да бар. Сол себепті Түркі әдебиеті өкілдерінен топ аудармалары туысқан халықтардың қазақ тілінде құйқылжуы қуанарлық еңбек деуге әбден болады.
          Бұдан бөлек орыс поэзиясынан Ахматова, Рязанов, Есенин, Бунин, Пастернак,Тютчев, Высоцкий, Асадов, Н.Гумилевтей  т.б. шайырлардың өлеңдерін әрін қашырмай,  жатық  ана тілімізде сөйлетіп отыр. Мысалға, орыс жас ақыны Амелин Павелдің «Жаз күбірі» атты өлеңі:
Күздің кешкі мұң — өрнегі,
Қылау күннің жанарында.
Ой торабы кіреу келі,
          Жапырақтар сабағында. — деп аударылған түпнұсқаның бағасын түсірмеген мұндай сәтті аудармалар Ерікте жетіп артылады. Дейтұрғанмен де, аудармашының орыс, беларус, украин, қырғыз және өзбек пен татар, тәжік, әзірбайжан т.б. тілдерінен тікелей аударма жасауы құптарлық та әлеуетті шығармашылық қалып, үлкен жетістік.
            Ерік аудармасы алашқа христиан әлеміндегі айтулы ақындардың әлем аузына ілінген өлеңдерін қазақша сөйлете білуімен құндырақ. Осындай ақындар арасында – немістің ақын — ойшылы Фридрих Ницше, француздық Поль Верлен, бельгиялық Морис Карем, мексикалық Октавио Пас, португалдық Фернандо Пессоа, ағылшындық Перси Биши Шелли, италиялық Джосуе Кардуччи, ағылшындық Кристина Россетти, америкалық Эмили Дикинсон сынды бір шоғыр Батыстың классиктері бар.
        Сонымен, ұлт әдебиетінің болашағынан зор үміт күттірген жас талап аудармашы қосылды. Тек, оған шалқар шабыт пен ойлы да парасатты аудармашылық бақ тілейік!  
Ақберен Елгезек,
ақын. 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«АБАЙ ТОЙЫ» ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

        ...

ОРАЛДА «AUYL FEST. ҚОЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ – 2025» БІРІНШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

        ...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУДІҢ ЕЛ ҮШІН МАҢЫЗЫ ЕРЕКШЕ

        ...

СЕМЕЙДЕГІ «САҢЫРАУЛАР ҚОҒАМЫНДАҒЫ» «БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ» МҮШЕЛЕРІ ЖИДЕБАЙҒА САПАРЛАП БАРДЫ

       2025 ...

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ»: СЕМЕЙДЕ МҮГЕДЕК ШЕБЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

        ...

ТЕГЕУРІН ТӨЗІМ ИЕСІ ОЛ – «ТЕМІРЖОЛШЫ»

        ...

Абайдың 180 жылдығында – текті әулеттен шыққан Жетісайдың қызы «Жеті қазынаға» енді

        ...

ЖЫР ЖОЛЫНДАҒЫ ЖҰМБАҚ ЖОЛ

        ...

ДАНА АБАЙДЫҢ 180 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ – КЕҢ КӨЛЕМДЕ ТОЙЛАНДЫ

        ...

ТАРИХИ ТҮЙЕМОЙНАҚТАҒЫ «ЭТНО-АУЫЛҒА» САПАР

        ...