Warning: Trying to access array offset on false in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150 "ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМДАР КҮНІНЕ" АРНАЛҒАН ҚОҒАМДЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » «ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМДАР КҮНІНЕ» АРНАЛҒАН ҚОҒАМДЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

«ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМДАР КҮНІНЕ» АРНАЛҒАН ҚОҒАМДЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

          Ағымдағы жылдың 5 желтоқсанында Абай облысының Семей қалалық Мәдениет сарайында «Ақ ұлпа аналары» қоғамдық бірлестігі, «Мейірім құшағы» ұйымының төрайымы, «Ауыл» партиясының мүшесі Сүлейменова Анар Әбетайқызының бастамасымен, «Абай облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасымен» бірлесіп, «Халықаралық мүгедектігі бар адамдар күніне» арналған ауқымды қоғамдық іс-шара өткізілді.
         Іс-шара аясында, қоғам өміріне белсенді атсалысып жүрген мүгедектігі бар азаматтарға, әлеуметтік сала мамандарына және еріктілерге Алғыс хаттар, Мадақтамалар табысталды. Сонымен қатар, қатысушыларға ұлттық нақыштағы естелік сыйлықтар және қаржылай Сертификаттар тапсырылды.
        Айта кетейік, 2025 жыл Қазақстан Республикасында Еңбек мамандықтары жылы деп жарияланғаны атап өтіліп, осы бағытта аймақтың дамуына ерекше үлес қосқан, кәсіби табыстарымен және қоғамдық белсенділігімен танылған мүгедектігі бар еңбек адамдары да арнайы марапатталынды.
         Шара барысында, концерттік нөмірлер қойылып, қатысушыларға жылы лебіздер білдірілді. Іс-шара достық және қолдау нышанында өтіп, ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға құрмет көрсетудің, қоғамда инклюзия мен теңдік қағидаттарын нығайтудың маңызды бір үлгісін танытты.
         Шара, сондай-ақ, мемлекеттік құрылымдар мен қоғамдық ұйымдар арасындағы өзара серіктестік пен әлеуметтік әріптестікті күшейтуге бағытталды. Іс-шараның мақсаты — әлеуметтік әлсіз топтарды қолдау, бала денсаулығы мен қорғанысына назар аударту, мейірім мен жанашырлық құндылықтарын қоғамда барынша дәріптеу.
«Ауыл» партиясы Абай облысы бойынша өңірлік филиалының баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАРДЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

        ...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...

ЖАҢА БИЗНЕС-ИДЕЯЛАР ҮШІН ГРАНТТАРҒА ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНУДА

        ...

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ – ОРТАҚ МІНДЕТ

       Мақтаарал ...

2026 ЖЫЛДЫҢ БАСЫНАН БЕРІ 69 МЫҢНАН АСТАМ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СУБСИДИЯЛАНАТЫН ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНА ОРНАЛАСТЫРЫЛДЫ

        ...

АУЫЛҒА КЕЛГЕН МАМАНДАРҒА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТУРАЛЫ ЖАҢА ЗАҢ: ТИІМДІ БАСҚАРУҒА БАСТАР ҚАДАМ

        ...

ӘРБІР ТАМШЫ АҒЫН СУДЫ ҮНЕМДІ ЖҰМСАЙЫҚ!

        ...

БІЛІМ МЕН ТІЛ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫНЫҢ БЕРІК ТІРЕГІ

       Еліміздің ...

ЗАЩИЩЕНЫ ПРАВА ГОСУДАРСТВЕННЫХ СЛУЖАЩИХ

        ...