Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
"ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ" - ҰЛТТЫҢ ҰЛЫҚ МЕРЕКЕСІ! - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » «ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ» — ҰЛТТЫҢ ҰЛЫҚ МЕРЕКЕСІ!

«ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ» — ҰЛТТЫҢ ҰЛЫҚ МЕРЕКЕСІ!

     
        Армысыздар, қадірлі жерлестер, ардақты отандастар, зиялы әріптестер!
       Сіздерді, барша арманымыздың асқары, бақытымыздың бастауы болған ұлық мерекеміз — Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!
       Тұғыры — тыныштык, тірегі тұрақтылық, тілегі татулыққа негізделген Қазақ Елін бүгінде әлем бейбітшілік бесігі деп мойындайтыны ақиқат. Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыздың осынау жылдарда бағындырған белестері орасан.
    Бұл — «Тәуелсіздік күні» бар ғұмырын бостандық үшін күреске арнаған боздақтардың жанкешті еңбегі мен ерен ерлігін еске алатын ұлтымыз үшін қастерлі де ұлық мереке.
       Тәуелсіздік — тәуекелі жеткендердің ғана пешенесіне бұйыратын бақыт деп білемін. Ол кешегі бабаларымыздың асқақ ерлігінің рухын бойға жиған, ертеңгі ұрпағына алтынкөпір жол салған замандастарымыз сіздердің еселі еңбектеріңіздің жемісі.
       Құрметті партияластар!
        Баршаңызға зор денсаулық, шаңырақтарыңызға шаттық, берекелі бірлік, мерекелік көңіл-күй тілеймін!
       Тәуелсіздігіміз тұғырлы, елдігіміз ғұмырлы, мәңгілік еліміздің келбеті сәнді, еткен еңбегіміз мәнді болсын!
        Құрметпен,  Смағүлов Қайрат Қанатұлы,
«Ауыл» партиясы Абай облысы бойынша өңірлік филиал төрағасы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ӨЗ ТАҢДАУЫНДЫ ЖАСА!

       Әрбір ...

ӘРБІР ДАУЫС МАҢЫЗДЫ, ӘРБІР ТАҢДАУ ҚҰНДЫ!

        ...

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІСТЕ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

        ...

ДИҚАН ЕҢБЕГІ – ЕЛ ЫРЫСЫНЫҢ БАСТАУЫ

        ...