«ЕҢБЕК АДАМЫ» КЕЙІПКЕРІ: АҒА МЕЙІРБИКЕНІҢ ЕҢБЕК ЖОЛЫ – ЖАСТАРҒА ӨНЕГЕ!
Автор: ҚалмұратҚаралым: 179
Қоғамның қарыштап алқа қарай дамуы адал еңбекпен, өз ісіне шынайы берілген жандардың маңдай терімен өлшенеді. Осындай еңбек адамдарының бірегейі – денсаулық сақтау саласында ұзақ жылдар бойы табанды қызмет етіп келе жатқан аға мейірбике Қамабекова Гүлнәр Мұратбекқызы.
Гүлнәр Мұратбекқызы – Абай облысы, Семей қаласының тұрғыны, «Ауыл» партиясының белсенді мүшесі. »БПҰ» жетекшісі. Ол денсаулық сақтау саласында 37 жылдан астам уақыт бойы үздіксіз еңбек етіп келеді. Қазіргі таңда, «Абай облыстық Жедел медициналық жәрдем ауруханасының» Хирургия бөлімінде Аға Мейірбике қызметін абыроймен атқаруда.
Еңбек жолын қатардағы Мейірбике болып бастаған ол, жылдар бойы кәсіби тәжірибе жинақтап, жауапкершілік пен адамгершілікті қатар ұстанып келеді. Науқастарға жанашырлықпен қарап, әріптестеріне үлгі бола білген білікті маман бүгінде ұжымда өзіндік беделге ие.
Гүлнәр Мұратбекқызы тек кәсіби міндетін атқарып қана қоймай, жас мамандарға тәлімгерлік жасап, өз тәжірибесімен бөлісіп келеді. Оның еңбекке деген адалдығы, мамандығына деген сүйіспеншілігі – бүгінгі жастар үшін нағыз үлгі.
Көп жылғы адал еңбегі лайықты бағаланып, жуырда «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» медалімен марапатталуы – оның кәсіби жолының жарқын дәлелі. Бұл марапат – бір адамның ғана емес, жалпы Мейірбике мамандығының қоғамдағы маңызын айқындайтын құрмет.
Міне, оындай еңбек адамдарының өмір жолы – жастарды еңбекқорлыққа әм жауапкершілікке, елге, отанға Адал қызмет етуге үндейді. Түптеп келгенде, «Адал еңбек» қана адамды биік мұратқа жетелейтінін Гүлнәр Мұратбекқызының тағылымды еңбек жолынан таныдық.
«Ауыл» партиясы Абай облысы бойынша өңірлік филиалының баспасөз қызметі.