Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
«ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІБИЛІК» ИДЕОЛОГЕМАСЫ НЕГІЗІНДЕ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗІЛДІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » «ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІБИЛІК» ИДЕОЛОГЕМАСЫ НЕГІЗІНДЕ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗІЛДІ

«ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІБИЛІК» ИДЕОЛОГЕМАСЫ НЕГІЗІНДЕ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗІЛДІ

          2025 жылдың желтоқсанның 9 күні, «Ауыл» партиясы Абай облысы бойынша өңірлік филиалы Шәкәрім университетінің «Ауыл шаруашылық» мамандығында білім алып жатқан бір топ студенттер қауымымен дөңгелек үстел өткізіп, «Еңбекқорлық және кәсібилік» идеологемасының негізгі мазмұны мен қоғамдық маңызын түсіндірді. Кездесуге, ұстаздар, партияның белсенді мүшелері, жастар қатары қатысты.
         Жиын барысында, спикер Е.Омарғалиев еңбекке адалдық, кәсіби шеберлікті арттыру, жұмыс сапасын жақсарту, білікті маман даярлау, еңбек мәдениетін көтеру және жауапкершілік мәселелері турасында сөз қозғады. Жастар тарапы өздеріне ұнаған тиімді тұстарды дәптерлеріне түртіп алып отырды. Онымен қоса аталған білім мекемесінің ұстазы да ортаға шығып, өткізілген дөңгелек үстел барысына тоқтала кетіп, өз ой-пікірлерін білдіріп, жастарға ақыл-кеңес айтып, өмірлік тәжірибесімен бөлісті. Партия өкілі бұл идеологема – экономика дамуының, әлеуметтік тұрақтылықтың және азаматтық жауапкершіліктің маңызды кепілі екенін атап өтті.
        Сондай-ақ кездесуде қатысушылар, еркін пікір алмасып, өңірдегі жұмыссыздық, білікті маман даярлау, жастардың кәсіби бағдарлануы және еңбек нарығындағы сұраныс туралы сұрақтар қойды. Сонымен бірге, олар өз ұсыныс-ойларын айтып, өзекті мәселелерді көтерді. Партия активі барлық сұрақ пен ұсыныстар назарға алынатынын айтты.
         Жиын соңында, қатысушылар, еңбекқорлық пен кәсібилік қоғамның өркендеуіндегі негізгі құндылық екенін атап өтіп, мұндай бастамаға қолдау танытты.
«Ауыл» партиясы Абай облысы бойынша өңірлік филиалының баспасөз қызметі.   

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

Құрылтай – қоғам үніне құлақ асатын маңызды алаң

        ...

ҚҰРЫЛТАЙДА КӨТЕРІЛГЕН БАСТАМАЛАР ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАҒЫТЫН АЙҚЫНДАЙДЫ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ: ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТИІМДІ АЛАҢЫ

        ...

Сайлауға қатысып, ел болашағына өз үлесіңді қос!

       Елдің ...

Алматы облысында онкологиялық көмектің жаңа мүмкіндіктері кеңеюде

Түркітілдес журналистер қорының мүшелері ...

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...

Құрылтай сайлауының маңызы

        ...

ҰЛТТЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ 217 МЕКТЕП САЛЫНДЫ

       Елімізде ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ӨЗГЕРІСТЕР

        ...

23 тамыз – Қазақстандағы алғашқы Құрылтай депутаттарының сайлауы

        ...