Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6131
"ТАРИХ ТАРТУЫ - ТӘУЕЛСІЗДІК" КВИЗ САЙЫСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » «ТАРИХ ТАРТУЫ — ТӘУЕЛСІЗДІК» КВИЗ САЙЫСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

«ТАРИХ ТАРТУЫ — ТӘУЕЛСІЗДІК» КВИЗ САЙЫСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

        Бүгін, Абай облысы, Семей қаласында, «Тарих тартуы — Тәуелсіздік» тақырыбында «Ауыл» партиясы Абай облысы бойынша өңірлік филиалының қолдауымен »Семей қаласының орталық кітапханасының» ұйымдастыруымен өңірдегі бірқатар мемлекеттік және білім ордалары мен мәдени мекемелер ұжымының қатысуымен тамаша тартысты интеллектуалдық ойын өтті.
        Оған атап айтқанда: Семейдегі»36803 әскери бөлімі»,»АК — 74″ — «Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасы», «Әскери полиция бөлімі»,»Ұстаздар» командасы — «Шәкәрім университеті, Ф.М.Достоевский музейі, «N 27 ЖОББМ», «Құрама» команда — «Семей қаласының орталық кітапханасы», «Tau Found» — «Жас Абай» мектебі өкілдері қатысып, білім мен ұшқырлық деңгейінде өзара 6 команда бақ сынасты.
       Шара шымылдығы әнші-сазгер Екпін Мұратұлы Шүршітбаевтың орындауындағы тағылымды әнмен ашылып, артынша мереке аясында жырдан маржан шашып, ұлттық рухты одан әрі асқақтата түсті. Ал, жас айтыскер ақын «М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің», «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің мұғалімі мамандығының 1-курс студенті Рауан Нұроллаевтың Тәуелсіздікке арналған Арнау жыры кештің мазмұн ажарын енгізді.
          Сайыс арасында, «М.Төлебаев атындағы музыкалық колледждің» жас дарын Социал Ердәулеттің орындауында Хакім Абайдың «Көзімнің қарасы», «Сегізаяқ» әндері шырқалып, көпшілікті тәнті етті.
           Ескере білсек, бұл күн өте маңызды күн. Қазақстан халқы үшін 16 желтоқсан – елдің ең қастерлі мерекелерінің бірі. Бұл күн тек тәуелсіздіктің ақ таңы ғана емес, сонымен бірге елдігімізді, рухымызды қайта жаңғыртқан тарихи белес. Осы мерекеге орай Семей қаласының орталық кітапханасында ерекше мазмұнды шара өткізілгені көңіл қуантарлық дүние.
         Айта кетейік, бүгінгі кештің ерекшелігі – қоғамда ел азаматтарының өз тарихына деген ықыласын арттыруға бағытталғандығында. Мысалға Квиздің әр кезеңі Ұлы Даланың өткені мен бүгінін сабақтастырғандай әсер бөлегендігі. Қатысушылар тәуелсіздікке қатысты тарихи сұрақтарға жауап беріп, тұлғалардың дауыстары мен тарихи фильм үзінділерін таныды, сондай-ақ ұлттық рәміздер мен көрнекті қайраткерлерді фотосурет арқылы анықтады.
       Сайыс соңында, «Ауыл» партиясы Абай облысы бойынша өңірлік филиалының өкілі Омарғалиев Ерік Қайратбекұлы сөз алып, алдымен, барша елді ұлық мерекеміз — »Тәуелсіздік күнімен» құттықтап, барлық ұйымдастыру алқасы пен қатысушыларға алғыс білдіре отырып, үздік атанған командаларды марапаттады.
       Жүлделі орындар: I орын Дипломы — (бағалы сыйлық): «Ұстаздар» командасы — «Шәкәрім университеті, Ф.М.Достоевский музейі, «№ 27 ЖОББМ».   II орын Дипломы — (бағалы сыйлық): «АК — 74» — «Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасы».  III орын Дипломы — (бағалы сыйлық): «№36803 әскери бөлімі».
      Қалған барлық қатысушы командаларға «Алғыс хат» табысталып, арнайы сыйлықтар ұсынылды.
      Шара, естелік фотосуретке түсумен, алғысты да рухты сипатта тәмамдалды. Бүгінгі буынның тарихи санасы тереңдеген сайын, мемлекеттің ертеңі де нығая түсері анық. «ТАРИХ ТАРТУЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК» шарасы — міне, соның жарқын дәлелі.
«Ауыл» партиясы Абай облысы бойынша өңірлік филиалының баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

АЯГӨЗ АУДАНЫНДА «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ МЕДАЛЬДАРЫ ТАБЫСТАЛДЫ

        ...

АУЫЛДЫҚ МЕКТЕП КІТАПХАНАСЫНДА «КІТАПҚА — ЕКІНШІ ӨМІР СЫЙЛА» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

        ...

«АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ БЕЛДІ МҮШЕСІ ВИЦЕ-МИНИСТРДЕН МАРАПАТ АЛДЫ

        ...

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

        ...

«ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІБИЛІК» ИДЕОЛОГЕМАСЫ НЕГІЗІНДЕ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗІЛДІ

        ...

«АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ (АОБӨФ) ТӨРАҒАСЫ — «ОЙШІЛІК» АУЛЫНДА БОЛДЫ

        ...

ОЗЕРКИ АУЫЛЫ МЕКТЕБІНДЕ «КІТАПҚА – ЕКІНШІ ӨМІР СЫЙЛА» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

        ...

«ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМДАР КҮНІНЕ» АРНАЛҒАН ҚОҒАМДЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

        ...

STAEM ӘДІСІНІҢ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ

        ...

МҚІА ТҮКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ: ҚЫЗМЕТ АЛУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

        ...