Home » Қоғам » Жас буын » ӘЛЕМДІК ӨЗЕКТІ ПРОБЛЕМА

ӘЛЕМДІК ӨЗЕКТІ ПРОБЛЕМА

          Халықаралық Transparency International сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексінде 2020 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан алғаш рет ықтимал 100 баллдан 38 балл жинап, 180 елдің ішінен 94-орынға орналасқанын хабарлағанын болатын. Бұл былайша алып қарағанда оң нәтиже болып табылады.
          Жалпы алғанда сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесі тек біздің еліміздің ғана емес, сонымен бірге әлемдік деңгейде де ең өзекті проблема болып табылады.  Сол себепті ол індетпен күрес мәселесіне дүниежүзінде ерекше мән беріледі. 
         Сыбайлас жемқорлықтың шығу тарихын зерттеушілердің бір тобы оның тамыры – алғашқы қауымдық заманда тайпаның қатардағы мүшесі, өз өтінішін орындату үшін тайпа көсеміне бағалы сыйлық жасау әдетінен бастау алған деп санайды. Себебі, қымбат сыйлық адамды басқа өтініш берушілерден ерекшелендірді және оның өтінішінің орындалуына ықпал етті. Ал уақыт өте келе,  қарабайыр қоғамдарда діни қызметкерге немесе бастыққа ақы төлеу қалыпты жағдайға айналды. Ал мемлекеттік деңгейде сыбайлас жемқорлықпен күресуші ретінде — біздің дәуірімізге дейінгі XXIV ғасырдың екінші жартысындағы Лагаш қаласының шумерлік билеушісі Уруинимгина аталуда. Өкінішке орай, ол билеушінің сыбайлас жемқорлықты жою  үшін айрықша және жиі қатыгез жазалар қолдануына қарамастан, қажетті нәтижелерге қол жеткізе алмаған екен.
         Одан берірек замандарда – ежелгі римдік, парсылық, арабтық, ортағасырлық Еуропа мен Осман билеушілерінің заманында да тарихи жазбаларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы әр билеушінің сол қандай әдіс-тәсілдер қолданғаны айтылады. Солардың ішінде  әсіресе атақты Никколо Макиавеллидің жазбалары ерекше маңызға ие. Себебі, олар сыбайлас жемқорлықты түсінуге маңызды серпін береді. Макиавелли сыбайлас жемқорлықты аурумен салыстырды, мысалы, тұтыну. Бастапқыда оны тану қиын, бірақ емдеу оңайырақ, егер ол іске қосылса, оны тану оңай, бірақ емдеу қиын дейді. Оның осы саладағы еңбектері бүгінгі таңда да өз өзектілігін жоймай отыр.
         Дамыған елдердегі сыбайлас жемқорлық эволюциясының жаңа кезеңі XIX және XX ғасырлардың шекарасында орын алды. Сол уақытта  бір жағынан, мемлекеттік реттеудің және тиісінше шенеуніктер билігінің кезекті күшеюі басталды. Екінші жағынан, осы уақыттарда  ірі жеке бизнес пайда болды, ол бәсекелестікте негізінен «мемлекеттік сатып алуға» жүгіне бастады. Соның нәтижесінде ірі бизнес өз капиталын қорғау үшін енді бұрынғыдай  жекелеген ұсақ мемлекеттік қызметшілерге пара беруді қойып, танымал саясаткерлер мен жоғары шенеуніктердің қызметіне тікелей жүгіне бастады. Ал, дамыған елдердегі саяси партиялардың маңызы артқан сайын (әсіресе Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі АҚШ пен Батыс Еуропа елдерінде) партиялық сыбайлас жемқорлық қарқындап дамыды, онда ірі фирмалар мен трансұлттық корпорациялар өз мүдделерін қолдау үшін жекелеген саясаткерлерді ғана емес, беделді партияларды өз мақсаттарына пайдалана бастады. Соның нәтижесінде егер де Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде ірі бизнестің ммемлекеттік органдармен өзара ауыз жаласып, сыбайлас жемқорлыққа жол берілсе (соның салдарынан соғыс кезінде АҚШ экономикасына 500 млрд. АҚШ доллары көлемінде зиян келді делінеді), ХХ ғасырдың екінші жартысында сыбайлас жемқорлық өршіп, халықаралық проблемаға айнала бастады. Енді белді корпорациялардың шетелдегі жоғары лауазымды тұлғаларға пара беруі жаппай сипатқа ие бола бастады. Жаһандану процесі сыбайлас жемқорлықтың одан әрі қанат жаюына да себепкер болды.
         Бүгінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің өзектілігін жақсы түсінген әлем елдері оған қарсы күресте әртүрлі тәсілдерді қолдануда. Бұл бағытта Қытай елінің билігі қолданып жатқан әдіс ең қатал саналады. Оның өзіндік себебі де жоқ емес. Атап айтсақ, сарапшылардың бағалауы бойынша, ҚХР-дағы сыбайлас жемқорлықтан келген экономикалық шығындар жыл сайын ЖІӨ-нің 13-17% құраса, мемлекеттік қаржыландырудың шамамен 20 пайызы жосықсыз шенеуніктердің қалтасына түседі. Сонымен қатар, бюджет қаражатын мақсатсыз пайдаланудың жалпы көлемі жыл сайын 8,5 млрд. АҚШ долларынан асатын болып шықты. Осы жағдайларға тоқтау салу үшін  2000 жылдан бастап Қытайда: 10 мың шенеунік өлім жазасына кесілсе, 120 мың шенеунік алды 10-20 жылға бас бостандығынан айырылған. Жемқор шенеунік орталық алаңда жалпы жұртшылық алдында ату жазасына кесіліп, оған жұмсалған оқтың ақысы оның туыстарынан өндіріліп те алынады. Осындай белсенді әрекеттердің нәтижесінде бұл елде сыбайлас жемқорлықтың деңгейі жылдан-жылға азаюда.
         Ал біздің елімізге оралатын болсақ, бізде бұл қоғамдық індетке төзбеушілік түсінігін адам бойында ерте бастан қалыптастыру және оған бүкіл қоғам болып күресуге ден қойылуда. Соның арқасында сол індетке қарсы күресте мемлекетімізде тиімді нәтижелерге қол жеткізілуде.  
Қалмұрат ДӘУЛЕТБАЕВ, журналист.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

        ...

КӘСІПОРЫНДАР 7540,4 МЛН. ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІН ШЫҒАРҒАН

     Мақтаарал ауданының ...

«23 сәуір ұлттық егемендік және балаларды қорғау күні» аталып өтті

        ...

22 СӘУІР – АЛТЫН АДАМ КҮН!

Алтын адам алтын тұлға ...

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІЛЕРІН КӨРСЕТІП КЕЛЕДІ

        ...

САЯХАТТЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ ДЕ ЗОР БОЛДЫ

        ...

ШЕТЕЛДЕГІ ЗАҢСЫЗ ДІНИ БІЛІМ АЛУ

        ...

ТАРТЫНА ТҰРСАҚ, ТУЫСҚАН!

        ...

Эвакуацияланғандар жатақханаларға көшірілді

        ...

КИЕЛІ МЕКЕН: ЖЕТІСУДА ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

        ...