Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ЕСЕПТЕ ТҰРАТЫНДАРҒА БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ҰСЫНЫЛДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Әлеумет » ЕСЕПТЕ ТҰРАТЫНДАРҒА БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ҰСЫНЫЛДЫ

ЕСЕПТЕ ТҰРАТЫНДАРҒА БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ҰСЫНЫЛДЫ

         
       Біздің мемлекетімізде пробациялық есепте тұратын азаматтар, еліміздің басқа да тұрғындары секілді қажетті әлеуметтік жеңілдіктерге ие. Яғни, олар қажет кезде тегін медицналық көмек алу мен өз мамандықтарына сәйкес жұмысқа орналасу секілді мүмкіндіктерге құқылы. Біздің ауданымызда осы бағытта тиісті жұмыстар жүргізілуде. Атап айтар болсақ жуырда аудандық мәслихаттың ғимаратында пробациялық есепте тұратын азаматтар үшін бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі ұйымдатырылды.
         Оған аудан әкімінің орынбасары Алтын Ешанқұлова төрағалық еткен іс-шараға аудан прокуратурасының аға прокуроры Жеңіс Сәрсенбай, ауданның халықты жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары Жақсыбек Тоқбергенов, аудандық пробация бөлімінің бастығы Нартай Сабаев, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Гүлнар ханым мен пробация есебінде тұрған азаматтар қатысты.

          Аудан әкімінің орынбасары А.Ешанқұлова мен аудан прокуратурасының аға прокуроры Жеңіс Сәрсенбай есепте тұратын азаматтарға мемлекет тарапынан жасалып отырған қамқорлықтар туралы айтып, жұмыспен қамтылған азаматтарға ҚР Заңдапры аясында түрлі әлеуметтік төлемдер де аударылатынын ескертті. Сонымен қатар,  кәсіпкерлікпен айналысқысы келетін жастарға мемлекет тарапынан 2,5 пайызбен 3 миллион теңгеге дейін кредит беріліп отырғанын, сол мүмкіндіктен айырылып қалмауға шақырды.
           Бүгінгі таңда ауданда жалпы саны 107 азамат пробациялық есепте тұрады. Жәрмеңкеде осы азаматтарға мемлекеттік және жекеменшік мекемелерден жалпы түрлі жұмыс орындары ұсынылды. Осындай тиімді іс-шараның нәтижесінде 6 азамат ұсынылған жұмыс орындарына жұмысқа орналасса, қалған азаматтар кенттер мен ауылдық округі әкімі аппараттарындағы ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылатын болды. 
Қ.ДӘУЛЕТБАЕВ, Мақтаарал ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

КЕНЕ ШАҚҚАНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ БЕЛГІЛЕР

        ...

ӨТ АУРУЫ

        ...

ЖҮКТІЛІК КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПТІ БЕЛГІЛЕР

      Жүктілік ...

ДЕНСАУЛЫҚ НЫҒАЙТУДЫҢ НЕГІЗГІ ФАКТОРЫНЫҢ БІРІ – ДЕНЕ БЕЛСЕНДІГІ

        ...

ҚОСЫМША ТАМАҚТАНУ: БАЛАҒА ДҰРЫС ТАМАҚТАНУДЫ ҚАЛАЙ БАСТАУ КЕРЕК?

        ...

ТІС САУЛЫҒЫ – ТӘН САУЛЫҒЫ

      Тіс ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ КІРУДІҢ ЖАҢА ЖҮЙЕСІ

        ...

КӨПТІЛДІЛІК АДАМНЫҢ ОЙ-ӨРІСІН КЕҢЕЙТЕДІ

        ...

ТІЛ – АДАМЗАТТЫҢ ЕҢ ҮЛКЕН ҚАЗЫНАСЫ

     «Н.Исмайлов атындағы ...

ЖҰМЫСТАР ЖОСПАРҒА СӘЙКЕС АТҚАРЫЛУДА

        ...