Home » Әдебиет » АЙТШЫ АНАШЫМ, ӘКЕМ ҚАЙДА?

АЙТШЫ АНАШЫМ, ӘКЕМ ҚАЙДА?

       Асқар бүгін күндегіден ерте тұрды. Терезе алдында барып далаға қараса, жаңбыр себелеп жауып тұр екен. Өзін көптен бері мазалап, жүрегін ауыртып жүрген ойын анасына дәл бүгін айтқысы келді.
    Асқардың жасы биыл 28-ге келді. Мектепті алтын медальмен бітірді.Жоғары оқу орнын қызыл дипломмен аяяқтады. Оқуын әрі қарай жалғастырып, ғылым қуып25 жасында ғылым кандидаты атанды. Бүгінде үлкен бір мекемеде басшы. Абыройлы, жағдайы да жақсы. Астында қызметтік шетел көлігі. Өз қатарының алды.
    Соңғы кездері Асқарды мазалап жүрген ой әкесі жайында. Жақында бір кісіден әкесінің тірі екенін естіген болатын. Енді соны анасынан сұрамақ. Осылайша ол ой үстінде отырғанда анасы кіріп келді.
    -Балам Асқар, не болды? Бүгін күн жексенбі ғой, біраз демалып жата тұрмадың ба?-деді анасы.
    -Анашым, сізден көптен бері бір нәрсені сұрауға оқталамын да ойланып қаламын. Соның реті бүгін келді-ау деймін. Сұрасам бола ма,-деді.
   -Ия, сұрай ғой балам,-деді анасы да.
   -Менің әкем қайда? Бар ма өзі, бар болса осы уақытқа дейін ұлын іздемейтін қандай жан өзі,-деп анасына қарады.
    -Балам, сен әкеңді білмей кетсе екен деп ойлайтынмын. Сол әкеңді білдірмеймін, жоқтатпаймын деп қаншама қиыншылықтарды да көрдім. Сені оқыттым. Бар тапқанымды  өзіңе тостым. Жас болсам да сен деп тұрмысқа да шықпадым. Міне содан бері де 28 жыл өтіпті. Мен қазір 50-ге келдім. Егер білгің келсе айтайын,-деді анасы.  Ия, сенің әкең тірі. Ол екеуіміз 2 жыл отандастық. Ол өте сұлу, ақылды жігіт болатын. Сен оған тартқансың. Ол да мектепті алтын медалға бітірді. Өз күшімен жоғары оқу орнына түсіп, оны қызыл дипломға аяқтады. Әкеңмен екеуіміз ол оқуды бітірер алдында танысып, отау құрдық. Екеуімізді де институттан соң жас маман ретінде шалғай ауылдың біріне жұмысқа жіберді. Әкең-зоотехник, яғни мал дәрігері, ал мен-мұғаліммін. Барған совхозымыз жаңадан салынған үйдің бірін біздерге берді. Келесі жылы сен дүниеге келдің. Әкең жұмыс десе тыным таппайтын іскер болатын. Совхозда қой, ешкі, сиыр, жылқы, түйелер көп, мал шаруашылығы. Жұмысы көптіктен кейде әкең үйге келмей де қалатын кездері болатын. Ондайда мен қайда жүрсің, бар сол барып жүрген адамыңа деп ұрса беретін едім. Ондайда ашуланып тамағын да ішпей кетіп қалатын. Сөйтіп жүріп бір күні төркініме кетіп қалдым.  Әкең үш рет келді, мен бармай қойдым. Сөйтіп жүргенде совхоз тарады. Артынша ол сол ауылдың бір қызына үйленіпті деп естідім. Бірақ алған әйелінен бала болмады. Сөйтіп жүргенде әкең ішкілікке салынып кетеді. Бүгінде науқас дейді. Ауруханаға жиі-жиі түседі екен деп ауылдың әйелдерінен естіп тұрамын. Өзім барып жағдайын бір білейін десем оған арым жібермеді. Балам бар жағдай осы,-деп анасы көзіне жас ала сөзін аяқтады.
    – Апа, Сіз мені оқыттыңыз, тәрбиеледіңіз, ел қатарынан кем етпедіңіз. Бірақ ұл үшін әкесіз өмір сүру қиын екен. Әкемді бір көргім келеді. Егер мақұл десеңіз барып жағдайын білсем, өзін бір көрсем. Мен қанша дегенмен оның баласымын ғой. Оның үстіне әкемнің шынын айтқанда ешқандай жазығы да жоқ екен,-деді Асқар.
    Асқар анасының рұқсатын алып жолға шықты. Бұрынғы совхоз қаладан 250-300 шақырымдай жерде екен. Үш сағат шамасында Асқар сол жерге де жетті. Мұны бұрын бай совхоз болды дегенге сенгің келмейді. Жолдары ойдым-ойдым, үйлер тозған. Асқар сұрастыра жүріп әкесінің үйін тапты. Үй жұпыны, терезелерінің бояуы кеткен, айналасын шөп басқан. Көптен бері адам тұрмаған үйдей екен. Айтса айтқандай әкесі аурушаң екен. Көрші әйел ол кісінің біраздан бері ауыл ауруханасында емделіп жатқанын айтты. Асқар мектептің жанындағы шағын аурухананы тез-ақ тапты. 20-30 адамға арналған соның ішіне ішіне Асқар жүрексіне кірді. Алдынан кезекші медбике шығып, кімге келгенін сұрады.
    -Әкеме,-деді Асқар.
    -Қай бөлмеде, есімі кім,-деп қайта сұрады медбике.
    -Жолдас.
    -Е, Жолдас ағай ма,-деп медбике алдына түсіп палатаға апарды.  Палатада төрт кісі жатады екен. Асқар кірген бойда Жолдас деген кісіге келіп едім деді. Ұзын бойлы, реңді келген кісі басын көтерді:
    -Маған келген қай баласың,-деп орнынан тұра бастады.
   -Мен ғой, әке, балаңыз Асқармын,-деп егіле жылап әкесіне ұмтылды. Әкесін құшақтап ұзақ жылады. 28 жылдан бері көрмеген баласын Жолдас та қыса құшақтап, оның де бетін жас жуды. Қасындағы кісілер басу айтып, екеуін әрең жұбатты.
    – Әке, мен сізді үйге алып кетуге келдім. Сізді 28 жыл іздедім. Енді өзіңізді қайта жоғалтқым келмейді. Мен сізді қалай да болса әкетуге бел байлап келіп отырмын,-деді Асқар. Бас дәрігерден рұқсат алып, ол әкесінің ем қабылдау қағазының бәрін жиып, ауыл әкімшілігіне келді. Ауыл басшысына жолығып, әкесінің үйін, дүние-мүлкін осы ауылдағы мұқтаж жандарға беретіндерін атты. Бұл тірліктің бәрін бітірген Ақар әкесін алып қалаға тартты.
    Осылайша Асқар өзінің ақылдылығы, зеректігімен арадан 28 жыл өткенде әкесі мен анасын қайта табыстырды. Қалаға келген әкесін мұнтаздай қылып киіндіріп, жақсылап емдетті. Арада шамалы уақыт өткенде Асқар үйленді. Өзінің тойын әкесі мен анасының 50 жасқа толған тойларымен қатар өткізді. Асқардың бұл ісіне бәрі де ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын жаудырып жатты.
    Бұл отбасы бүгінде бақытты ғұмыр кешіп жатыр. Өмірде болған осы оқиға қазіргі кейбір ата-ана қадіріне жете алмай жүрген жастарымызға үлгі болса деп қолыма қалам алған едім.
 Құралбек СЫДЫҚОВ.
 ардагер ұстаз, Қазақстан Журналистер  Одағының мүшесі.
Мақтаарал ауданының Құрметті азаматы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

        ...

КӘСІПОРЫНДАР 7540,4 МЛН. ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІН ШЫҒАРҒАН

     Мақтаарал ауданының ...

«23 сәуір ұлттық егемендік және балаларды қорғау күні» аталып өтті

        ...

22 СӘУІР – АЛТЫН АДАМ КҮН!

Алтын адам алтын тұлға ...

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІЛЕРІН КӨРСЕТІП КЕЛЕДІ

        ...

САЯХАТТЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ ДЕ ЗОР БОЛДЫ

        ...

ШЕТЕЛДЕГІ ЗАҢСЫЗ ДІНИ БІЛІМ АЛУ

        ...

ТАРТЫНА ТҰРСАҚ, ТУЫСҚАН!

        ...

Эвакуацияланғандар жатақханаларға көшірілді

        ...