Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the jetpack-social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ EPAM KAZAKHSTAN IT-КОМПАНИЯСЫ ASTANA HUB ТЕХНОПАРКІНІҢ ҚАТЫСУШЫСЫ БОЛДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Business » ХАЛЫҚАРАЛЫҚ EPAM KAZAKHSTAN IT-КОМПАНИЯСЫ ASTANA HUB ТЕХНОПАРКІНІҢ ҚАТЫСУШЫСЫ БОЛДЫ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ EPAM KAZAKHSTAN IT-КОМПАНИЯСЫ ASTANA HUB ТЕХНОПАРКІНІҢ ҚАТЫСУШЫСЫ БОЛДЫ

       2022 жылдың қыркүйегінде EPAM Kazakhstan Astana Hub Халықаралық технологиялық паркі қатысушысының тіркеу куәлігін алды.
      EPAM цифрлық трансформация, цифрлық өнім мен платформалардың жетекші әлемдік жеткізушілерінің бірі. Компания бөлімшелері әлемдегі 50-ден астам елде ашылған. Компанияның 60 мыңнан астам қызметкері бар. 2012 жылы EPAM Нью-Йорк қор биржасында (NYSE: EPAM) IPO өткізді.
     Компания үш мәрте Fortune (2020-2022) нұсқасы бойынша 100 ең жылдам дамып келе жатқан компаниялар рейтингісіне еніп, S&P500 (2021) индексінде көрсетілді. Биыл Barron’s рейтингінде экология тұрғысынан жауапты 100 компания тізімінен көрінді.
     EPAM клиенттері арасында бағдарламамен қамту және жоғары технологиялар, энергетика, қаржы, туризм, денсаулық сақтау, автомобиль және жеңіл өнеркәсіп, телекоммуникация және өзгелері бар: SAP, Reebok, Google, P&G, UBS, Epic Games, Сoca-Cola, Adidas, Adobe, Wolters Kluwer, Thompson Reuters, UPC, Vodafone және т.б.
     EPAM Kazakhstan өз жұмысын 2008 жылы бастады. Аймақта IT сала мен әлеуметтік маңызы бар бастамаларды дамыту үшін жаһандық тәжірибені қолданады. Қазіргі уақытта компанияда 1100 қызметкер бар. Олар Қазақстанның 15 қаласында жұмыс істейді.  Астана, Алматы, Қарағандыда ірі кеңселері ашылған.
     EPAM Kazakhstan үшін басым бағыттардың бірі – IT мамандарды оқыту. Бұл мақсатта жеке тренинг орталық және университеттермен әріптестік те қолданылады. Тренинг орталық жұмыс істей бастағалы 3500 адам оқып шыққан, биыл – 550 студент. Компания серіктестері қатарында мынадай ЖОО-лар бар: IITU, Satbayev University, SDU, ҚБТУ мен Astana IT University. Ал ҚарТУ-да 2011 жылдан бері бірлескен IT-зертхана жұмыс істейді.
      EPAM Kazakhstan директоры Алексей Аксёнов: «Astana Hub технопаркімен бірге Қазақстанда инновациялар экожүйесі дамуының қозғаушы күшіне айналуды көздеп отырмыз. Технологиялық бизнесті дамыту үшін халықаралық хаб деңгейіне жету жоспарда бар. Біздің әріптестік кәсіби қоғамдастықтың өсуіне жаңа мүмкіндік ашып, Қазақстанда IT сала мен білім беру бағдарламаларын дамытуға жол ашады».
     «Astana Hub-тың EPAM Kazakhstan-мен ынтымақтастығы — көптен күткен және қисынды қадам, өйткені бізді IT-индустрияны дамыту, таланттарды қолдау және қазақстандық IT-мамандардың кәсіби деңгейін арттыру бойынша ортақ құндылықтар біріктіреді. Біз бірге жаңа маңызды жобаларды жүзеге асыратынымызға сенімдімін. Сондай-ақ EPAM-ның хаб резиденттері қатарына кіруі экспорттық түсім көлемін және Қазақстанмен келісімшарттар санын арттырады деген үміттеміз», — деп атап өтті Astana Hub бас директоры Мағжан Мәдиев.
       EPAM Қазақстанда балаларды оқыту және дамыту, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған әлеуметтік бастамаларды қолдаумен де айналысады. UNICEF және Қызыл Жарты Аймен бірлескен жобалар бар.
        Анықтама:
       Astana Hub – Қазақстандағы инновациялық технологияларды дамыту орталығы және халықаралық технопарк. Технопарк елдегі инновациялық экожүйені дамытып, стартап-командалар, IT-компаниялар, инвесторлар мен қызығушылық білдіретін өзге де тараптарға  бірыңғай цифрлық және материалдық платформа қалыптастыру үшін құрылған. 
Әсел МИЗАМҚЫЗЫ, PressOffice,
 «Astana hab» халықаралық ІТстартаптар технопаркі
эл.пошта: pr@astanahub.com.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«АБАЙ ТОЙЫ» ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

        ...

ОРАЛДА «AUYL FEST. ҚОЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ – 2025» БІРІНШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

        ...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУДІҢ ЕЛ ҮШІН МАҢЫЗЫ ЕРЕКШЕ

        ...

СЕМЕЙДЕГІ «САҢЫРАУЛАР ҚОҒАМЫНДАҒЫ» «БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ» МҮШЕЛЕРІ ЖИДЕБАЙҒА САПАРЛАП БАРДЫ

       2025 ...

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ»: СЕМЕЙДЕ МҮГЕДЕК ШЕБЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

        ...

ТЕГЕУРІН ТӨЗІМ ИЕСІ ОЛ – «ТЕМІРЖОЛШЫ»

        ...

Абайдың 180 жылдығында – текті әулеттен шыққан Жетісайдың қызы «Жеті қазынаға» енді

        ...

ЖЫР ЖОЛЫНДАҒЫ ЖҰМБАҚ ЖОЛ

        ...

ДАНА АБАЙДЫҢ 180 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ – КЕҢ КӨЛЕМДЕ ТОЙЛАНДЫ

        ...

ТАРИХИ ТҮЙЕМОЙНАҚТАҒЫ «ЭТНО-АУЫЛҒА» САПАР

        ...