Home » PRESS RELEASE » ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНЫҢ ҚОҚЫСТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ

ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНЫҢ ҚОҚЫСТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ

2022 жылғы 9 маусым, Нұр-Сұлтан қ.
          Қазақстанның экологиялық ұйымдарының Қауымдастығы StopMusor әлеуметтік жобасының екінші кезеңін іске асыру қорытындыларына арналған баспасөз конференциясын өткізді. Жобаның бұл кезеңі «Филип Моррис Қазақстан» компаниясының қолдауымен, тұрмыстық қалдықтарды қоқыстандыру деңгейін төмендету және қазақстандықтар арасында ҚТҚ бөлек жинауды көпшілікке тарату үшін тұрмыстық қалдықтарды  кәдеге жарату мәдениетін қалыптастыру мақсатында 2021 жылдың маусым айында басталды.
        Қазақстан экономикасының өсуі және жалғасып жатқан урбанизация процесі қатты тұрмыстық қалдықтар (ҚТҚ) көлемі артуының себептері болып отыр. Жыл сайын Қазақстанда шамамен 5 миллион тонна ҚТҚ жиналады, оның басым бөлігі адамдардың күнделікті негізде пайдаланатын өнімдерден қалыптасады.
        Тәжірибе көрсеткендей, барлық қоқыстар қоқыс салатын жәшіктер мен полигондарға тасталынбайды, ұзақ уақыт қоқыс жәшіктерінен тыс қалып, кейіннен стихиялы қоқыс орындарына айналып қалдықтардан таудай қоқыс үйіледі.
         «Нәтижесінде, қоқыс дұрыс емес жерге лақтырылған кезде, ол қаланы ластап қана қоймайды, сонымен қатар денсаулыққа қауіпті заттар шығарып, қоршаған ортаға зиянын тигізеді. Өкінішке қарай, көпшілігі мұны түсінбейді. Сондықтан StopMusor жобасының негізгі идеясы – адамдарға өз қоқыстарын қоқыс жәшіктеріне дейін жеткізуге үйрету және ұсақ қоқыстардың өзі экологияға, сайып келгенде, біздің денсаулығымызға үлкен залал келтіруі мүмкін екенін түсіндіру», – деп бөлісті Экологиялық ұйымдар қауымдастығының басқарма төрағасы Айгүл СОЛОВЬЕВА.
        Өткен жылы ғана ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің деректері бойынша елімізде 7 300 стихиялы қоқыс үйіндісі болды, оның 88% – ы жойылды (6 600 қоқыс үйіндісі). 2021 жылы қалдықтарды қайта өңдеу үлесі 20,2% – ды құрады. 2020 жылдың осы кезеңінде үлес 15,8% құрады.
        Өткен жылы ecokarta.kz сайты және StopMusor қосымшасы құрылды, олардың көмегімен қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарайтын азаматтар өз қалаларындағы экологиялық проблемалар туралы қалалық қызметтердің локализацияланып және жедел шешілуі үшін хабарлама қалдыра алады. Осы қызметтің арқасында стихиялық қоқыстармен, судың ластануымен және құрылыс қалдықтарымен байланысты 250-ден астам өтініш келіп түсті. Айта кету керек, барлық түскен шағымдардың 80% – ына жауап берілді және бұл өтініштерді тиісті органдармен жұмыс жасалынды.
         Жоба туралы хабар мүмкіндігінше көп адамды қамтып, оларды қоқыс мәселесі туралы ойлануға мәжбүр ету үшін 4 миллионға жуық адамды қамтыған түрлі онлайн және офлайн іс-шаралар ұйымдастырылды. Пандемия кезіндегі шектеу шараларына қарамастан, жоба тобы шамамен 30 іс-шара өткізді:
  • Trashflot эко акциясы, оның аясында белсенділер тобы Алматы маңында немесе Іле өзеніндегі жиналған қоқысты теру үшін Іле өзенінде жүзуге аттанды;
  • «Экономика қызметіндегі тұрақты даму мақсаттары» халықаралық онлайн конференциясы. Конференция жұмысына ҚР Парламенті Мәжілісінің, мемлекеттік органдардың, бизнестің, ЕЭАС қатысушы елдердің азаматтық қоғамының өкілдері қатысып, БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары саласында (ТДМ) нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған үздік іс-тәжірибелерімен бөлісті;
  • 15-17 наурыз аралығында Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің алаңында «Дармарка» акциясы ұйымдастырылды. Дармарка – бұл тегін жәрмеңке, онда қатысушылар енді пайдаланбайтын заттарды алып келді, ал оның орнына өздеріне ұнайтын нәрсені алды. Дармарка жақсы заттарға жаңа қожайындарды тауып қана қоймай, сонымен қатар жаңа тауарларды өндіруге, буып-түюге және жеткізуге ресурстар мен қаражат шығындарын азайтады.
  • 14-28 ақпан аралығында өткен «Эко батыр» байқауы экологиялық білім деңгейін арттыруға және экологиялық мәселелерді шешуде жастардың шығармашылық белсенділігін дамытуға бағытталған.
  • Қалдықтарды сұрыптау және пластиктерді жіктеу ережелерін қоса алғанда, Zero Waste стилінде өмір салтын жүргізу қағидаттарын зерделеу мақсатында 19 мамырда елорда белсенділері мен волонтерлері үшін ұйымдастырылған тренинг. Барлық волонтер-қатысушылар 2022 жылдың қыркүйегінде өтетін «Тазалық күні» дүниежүзілік акциясын ұйымдастыруға тартылатын болады.
Қазақстанның экологиялық ұйымдар қауымдастығы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ТЫНЫС ЖӘНЕ ЖҮРЕК ЖҰМЫСЫНЫНҢ ТОҚТАУЫНДАҒЫ КӨМЕК

        ...

ҚЫЗЫЛША АУРУЫ

       Қызылша ...

ЖҮКТІЛІК КЕЗІНДЕГІ ЖІТІ РЕСПИРАТОРЛЫҚ ВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯ ТУРАЛЫ НЕ БІЛУ КЕРЕК

        ...

12 СӘУІР – ҚАЗАҚ ҒАЛЫМДАРЫ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

       Құрметті ...

ИНСУЛЬТ: АЛДЫН АЛУ МЕН АЛҒАШҚЫ КӨМЕК

        ...

ТІС ПАСТАСЫН ТАҢДАУ ЖӘНЕ ТІСТЕРДІ ҚАНДАЙ УАҚЫТТА ЖУУ КЕРЕК?

        ...

12 СӘУІР-ҚАЗАҚ ҒАЛЫМДАРЫ КҮНІ!

        ...

ҚҰНАНБАЙ ӨСКЕНБАЙҰЛЫНЫҢ 220 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КӨРМЕ

        ...

ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯ АЯСЫНДА  5000 ТҮП ГҮЛ ЕГІЛІП ЖАТЫР

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық ...

Көмекке 3 миллион АҚШ долларын бөлетін болды

        ...