Home » PRESS RELEASE » ЖЕТІСАЙЛЫҚ КӘСІПКЕР ҚОС ОТБАСЫҒА БАСПАНА СЫЙЛАДЫ

ЖЕТІСАЙЛЫҚ КӘСІПКЕР ҚОС ОТБАСЫҒА БАСПАНА СЫЙЛАДЫ

         Қазақ жетімі мен жесірін жылатпаған, кеудесінен итермеген текті халық екені тарих қойнауына енген сан ғасырлардан бері белгілі қасиет. Тәуелсіз елдің бүгінгі азаматтарының ішінде қанға сіңген қасиетті, ата дәстүрді жалғастырып, дәріптеп келе жатқандары да баршылық.
          Елдегі жетімінің маңдайынан сипап, жесірінің қолтығынан демеп қамқорлық көрсету, қайырымдылық жасау – қазақтың қанына сіңген қасиеті, асыл құндылығы сонау ықылым заманнан бері халқымыздың салт-дәстүрімен біте қайнасып жасап келеді.
Міне, бүгін Жетісай ауданы, Ынтымақ ауылдық округіне қарасты Ақниет елді мекенінде қайыры мол қайырымдылық шарасы болып өтті. «Еуразия» ЖШС басшысы, меценат кәсіпкер Мадәлі Тәжібаев қос бірдей отбасыға баспана сыйлап, елдің алғысына бөленді.
        Салтанатты шараға Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Әшірбай Тасов, Ынтымақ ауылдық округінің әкімі Мұхтар Бейсенбаев пен Ш.Ділдәбеков ауылдық округінің әкімі Қанат Тілеуов, ауыл ақсақалдары қатысты.
        Баспаналы болып, қуанышқа кенеліп отырғандардың бірі – Ынтымақ ауылдық округінің тұрғыны Нұржан Сопбеков. Өзі үшінші топ мүгедегі, жары Мадинаның да денсаулығы жиі сыр береді. Бұған дейін мүгедектікке берілетін зейнетақы мен түрлі жұмыстармен күнелтіп келген отбасы 10 жылға жуық пәтер жалдап тұрып келген.
        «Біздің жағдайымызды ескеріп, кеудемізден итермей осылай көмек беріп жатқан азаматтарға, аудан басшысы мен баспана сыйлап отырған кәсіпкер ағамызға айтар алғысымыз шексіз. Енді біздің де өз үйіміз, перзенттеріміздің өз бөлмелері болады» дейді қуанышымен бөліскен Мадина Джанибаева.
        Баспаналы болу бақытына ие болған екінші жан, жалғызбасты ана Ұлбосын Құсанованың 4 перзенті бар. Ш.Ділдәбеков ауылдық округінде күндік жұмыстарға жалданып, нәпақы табады. Табысының біраз бөлігі пәтерақысына кетсе, біразы азық-түліктен артылмай келген.
        Аталмыш сауабы мол игі шараның басы-қасында жүрген азаматтардың айтуынша баспанаға шын мұқтаж отбасыларды анықтауда аудан әкімінің орынбасарлары төрағалық жасайтын комиссия мүшелері жан-жақты талдау жасаған. Ортақ шешіммен осы екі отбасыны лайық деп тапқан.
        Жүзіне немесе шыққан тегіне, руына қарамай жарлыларға жақсылық жасауға жаны құмартып тұратын меценат кәсіпкер мұндай қайырымдылық шарасының алдағы уақытта да жалғасын таба беретінін айтады.
         «2010 жылы ауданға келіп, аудан басшыларының қолдауымен осында мақта зауытын салып, кәсібімізді аштық. Содан бері жыл сайын қайырымдылық шараларынан қалыс қалмауға әрекет жасаймыз. Бұл жолы шын мұқтаж жандарға баспана салып беруді ұйғардық. Баспаналы болған бүлдіршіндердің жүздеріндегі қуаныш біздің ісіміздің дұрыс екенін, ары қарай да тоқтаусыз жалғастыру керек екенімізді ұғындырды» дейді «Еуразия» ЖШС басшысы Мадәлі Тәжібаев.
          Айта кетейік, аудан басшысы Мұрат Қадырбектың тапсырмасымен халқы тығыз орналасқан Жетісай ауданында баспанаға мұқтаж жандардың, соның ішінде, жас мемлекеттік қызметкерлермен қатар мүмкіндігі шектеулі жандар мен жетім балалар, әлеуметтік қолдауды қажет ететін аз қамтамасыз етілген отбасылар мен жалғызбасты, көпбалалы аналардың әлеуметтік мәселелерін шешеуге айқын бетбұрыс жасалып отыр.
Бауыржан НАЙМАНОВ, Жетісай ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ИНСУЛЬТ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

       Бас ...

БІЗДІҢ ҰЛАНЫМЫЗ АЙТУЛЫ БАЙҚАУДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ!

        ...

МЕЙІРГЕР – МЕДИЦИНАНЫҢ ЖАҢА МОДЕЛІ

        ...

ТЫНЫС ЖӘНЕ ЖҮРЕК ЖҰМЫСЫНЫНҢ ТОҚТАУЫНДАҒЫ КӨМЕК

        ...

ҚЫЗЫЛША АУРУЫ

       Қызылша ...

ЖҮКТІЛІК КЕЗІНДЕГІ ЖІТІ РЕСПИРАТОРЛЫҚ ВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯ ТУРАЛЫ НЕ БІЛУ КЕРЕК

        ...

12 СӘУІР – ҚАЗАҚ ҒАЛЫМДАРЫ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

       Құрметті ...

ИНСУЛЬТ: АЛДЫН АЛУ МЕН АЛҒАШҚЫ КӨМЕК

        ...

ТІС ПАСТАСЫН ТАҢДАУ ЖӘНЕ ТІСТЕРДІ ҚАНДАЙ УАҚЫТТА ЖУУ КЕРЕК?

        ...

12 СӘУІР-ҚАЗАҚ ҒАЛЫМДАРЫ КҮНІ!

        ...