Home » Экономика » Кәсіпкерлік » ШАРАФ РАШИДОВТҢ ӨЗІ ҚҰРМЕТТЕГЕН ҚАЗАҚ

ШАРАФ РАШИДОВТҢ ӨЗІ ҚҰРМЕТТЕГЕН ҚАЗАҚ

          Қарттар насихаты: «Бәрін тек барша жұрт айтар болар, сен өзіңдікін айт, сонда өзгенікі түгел болады. Әркім өз үйін салады, сонымен ауыл құралады. Әркім өз жерін жыртады, сонда бүкіл жер жыртылып болады».
                                                                                                                                                                                            Расул ҒАМЗАТОВ.
           Жақынындай іш тарта амандасатын, туысындай бауырына тарта сөйлесетін қасиет адамға рухани азық, күш-қуат бергендей. Адамның жылылығынан татулық, бірлік басталады. Әрбір адам зерттелмеген бір құпия, жұмбақ әлем. Кешегі ата-ағаларымыздың мақта егіп баптап, ұрпақ өсіріп қалыптасуына себепкер болған Мырзашөл елдің асыраушысына айналған киелі мекен, шұрайлы қоңыс. Сол Мырзашөл аймағын гүлдендіріп, өркендеуіне үлес қоса білген азаматтардың бірі – Қаржау Омаров ағамыз дер едік.
          Қ.Омаров 1923 жылы дүниеге келді. Ұлы Отан соғысы басталғанда 18 жасар жігіт соғыстан броньмен қалдырылып, «Киров» колхозында мақта өсіруші звеноның жетекшісі болып еңбек жолын бастайды. Кісіге жақсылық жасай алмаған күні, «бұл күнім босқа өтті» дейтін ерлердің  қатарынан болатын ағамыз еңбексүйгіш қасиетімен де елге танылды. Сондықтанда, 1957 жылдан 1974 жылға дейін мақта бригадирі болып еңбектің ыстық-суығына ысылып тәжірибелі маманнан басшылық қызметке жоғарылады. Яғни, 1974-1980 жылдар аралығында «Киров» бөлімшесінің басқарушысы болып жұмыс атқарды.
        Әр заманның өзіне сай еңбек майталмандары мен халық қамын ойлайтын аға буын ұрпақтары болады. Қоғамда солардың барлығы қосылып, оның болмысы мен тыныс-тіршілігін айқындайтын тұлғалардың өзіндік орны мен бағасы күн өткен сайын айқындалып бағалана түсетіні анық. Солардың қатарында Қаржау Омаров ағамыздың замандастары – Жәлел Сапаров, Әбдуәлі Торғауытов, Қансейіт Қазақбаевтарды атауға болады.
           «Киров» бөлімшесі құрамында 800 гектар егістік жері бар аудандағы озат, еңбек өнімділігі жыл сайын арта түскен іргелі шаруашылық еді. Ол жұмыс барысында –»Новый путь» кеңшарының мақта шаруашылығында бас агроном Мірәлі Жанұзақовпен бас инженер Эдуард Вагнер, бас гидротехнигі Қуандық Бабаевпен бірге ақылдаса отырып, тәжірибе алмасып осы бөлімшенің экономикасын көтеруге білімі мен білігін сала жүріп аянбай еңбек етті.  Өз кезегінде кеңшар басшылары болған Қосай Ибрагимов, Жамалбек Сыдықов, Сұлтан Дүйсеков сынды білікті басшылар Қаржау ағаны құрметтеп ақыл-кеңесін бөлісіп отыратын. Шаруашылықтың партия комитетін әр жылдары басқарған Еркін Жантөреев, Алтынбек Кәттәбековтер Қаржау ағасының табиғат нұры сыйлаған мінез сәулесіне, қасиеттілік пен адамгершілігіне,  тектілігіне сүйсінді. Еңбек ете жүріп ол – Құрбан Әмзеев, Қожаш Баубеков сынды агроном шәкірттеріне тәлім-тәрбие бере білді. «Мақтаарал» совхоз-техникумын бітірген Қаржау Омаров, өзі білім алған  оқу ордасын көпшілікке үлгі-өнеге ретінде көрсетіп,  талай білікті жастың осы жерде білім алуына себепкер болды.
         Құтты қонысты басқарған Қаржау аға елеулі еңбегімен ерекшеленіп, «Ташкент-Жызақ» бетон жолының бойына орналасқан бұрынғы «Киров» бөлімшесін дамытуға өз үлесін қосты, бүгінгі «Өргебас» ауылында ақ шаңқан үйлер, мәдениет ошақтары мен білім ұялары салынып, электр жарығы, ауыз су келуіне ұйытқы болды.
          Қаржау Омаров ағаның Өзбекстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Шараф Рашидовпен кездесуінің өзі қызық оқиға. Ташкент-Жызақ автожолымен жүріп келе жатқан «Чайка» автөлігі шілденің ми қайнатар ыстығында да демалмай, бір өзі мақталықты аралап жүрген адамға жақындап тоқтайды.
          Тал түстің кезі. Күн ыстық болатын. Мақталықты аралап жүрген Қаржау аға қызметтік көлігінен түсіп өзіне қарай бет алған Шараф Рашидовты танып, жүрегі толқып кетеді. Өңім бе, түсім бе деп, әлде Қыдыр ма деп ойлап үлгергенше Шараф ака қос қолдап амандасып Қаржауды құшақтады. Түс әлетінде жол бойы мақталықта бірде-бір адамды көрмегендіктен, «бәрі де демалып жатқан болар» деп ойлаған Ш.Рашидов бұл адамға таңқалып сәлем беруге аялдаған сәті екен.
         – Қош келіпсіз, Шараф ака, Қазақстанға, – деп қарсы алды оны Қаржау аға. Бұрын Өзбекстанның облыстарына ұшақ, тікұшақпен ұшып барып аралап жүретін Шараф Рашидов екі жағы Өзбекстан жері, ортада Қазақстанның жері барын ұмытса керек. Таң қалып:
        – Нағыз диқан екенсіз, атыңыз кім?-дейді. «Сізді Өзбек КСР-і бойынша ауылшаруашылығы жиналысында үлгі-өнеге етіп айтамын»,-деп жылышыраймен  танысады. Мақталық жерін аралап көреді. Шараф аға ризашылығын білдіріп, Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы Дінмұхаммед Қонаевқа оның еңбегін бағалауды жеткізетінін айтады.
         «Новый путь» кеңшарында «темір тұлпарды» тізгіндеген қаракөз қарындастарымыз да сол кезде жарқырап шықты. Қаржау аға басқарған бөлімшеден Бибісара Сұлтанбекова, Кәмила Донаева сынды механизаторлардың көші, Шырын Қазбекова, Әлима Шойбекова, Балту Молбаева сынды қыз-келіншектермен толықты.
         Қаржау аға жақсы қасиет пен жұғымды істерді бізге жалғап әкелді. Бүгінгі жеткіншек, келер ұрпақ өз елінің өткенін жете біліп, елеулі тұлғаларын құрметтеу абзал. Сол арқылы өз халқының қол жеткен жетістіктерін мақтан ете алады. Ал мұның болашақ ұрпақ үшін тәлім-тәрбиесі ерекше. Ел алдындағы елеулі еңбегі бағаланып Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен «Ерен еңбегі үшін» медальімен марапатталған Қаржау Омаров өмірлік жары Күмісаймен бірге Әбдірахман, Дариха есімді екі перзентті тәрбиелеп өсірді. Ұлы Әбдірахман 1959 жылы туылған. Мектепті бітірген соң, Ташкенттегі ауылшаруашылығы институтын ғалым-агроном мамандығы бойнша бітіріп, әке жолын жалғады. 1977-82 жылдар аралығында мақта бригадирінің көмекшісі, 1982-85 жылдары «Новый путь» кеңшарында комсомол комитетінің хатшысы, 1985-87 жылдары аудандық партия комитетінде нұсқаушы, одан кейін аудандық ауылшаруашылық басқармасында бас маман, 1988-96 жылдары «Киров» бөлімшесінде басқарушы, 1996-2000 жылдары «Өргебас» кооперативінің төрағасы, 2000-2004 жылдары Атакент мақта зауытында ауылшаруашылығы бойынша агроном, бүгінде «Қаржаубай ата» шаруа қожалығының төрағасы болып абыройлы қызмет атқаруда.
            Әбдірахман өмірлік жары Айзадамен 6 ұл-қызды тәрбиелеп өсірді. Ол кешегі  Өзбекстан аумағындағы «Сардоба»  су қоймасының бұзылып, «Өргебас» ауылын су басқанда елге қолдау көрсеткен абзал азаматтың бірі. Біз Омаровтар әулетіне жаңа жылда мол бақыт, игі жақсылықтар тілейміз.
Әбдіхалық ТЕГІСБАЕВ,
журналист, Түркістан облысы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

БҮЙРЕК

        ...

АҚЫН, ЖУРНАЛИСТ СӘТЖАН БАУЫРЫМА!

Бауырым, құтты болсын туған ...

Ұлттық ойындар күні кеңінен насихатталатын болады

        ...

ҚАЗАҚСТАН ӘЗІРБАЙЖАННЫҢ ФИЗУЛИ ҚАЛАСЫНДА БАЛАЛАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ОРТАЛЫҒЫН САЛДЫ

        ...

ТАДЖИКИСТАНУ ОТПРАВЛЕНО ГУМАНИТАРНЫЙ ПОМОЩЬ В ВИДЕ 15 ТЫСЯЧИ ТОНН МАЗУТА

        ...

ТӘЖІКСТАНҒА 15 МЫҢ ТОННА МАЗУТ ТҮРІНДЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖІБЕРІЛДІ

        ...

ТАСТҮЛЕКТЕР – ТАМШЫ ЖЫРЫ

        ...

ДІН САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫҢ ПРИНЦИПТЕРІ

        ...

БЕКЕРГЕ КЕТКЕН САҒАТ, БОСҚА ӨТКІЗГЕН МИНУТ – ҰЛТ ІСІНЕ ЗОР ШЫҒЫН

        ...

ИСЛАМ ЖАУЫЗДЫҚТЫ ҚОЛДАМАЙДЫ

       Ақиқатында ...