Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
АҚШ Орталық Азия елдерінің мемлекеттік органдарының өкілдеріне ауа сапасы бойынша үшінші семинарды өткізді - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Экология » АҚШ Орталық Азия елдерінің мемлекеттік органдарының өкілдеріне ауа сапасы бойынша үшінші семинарды өткізді

АҚШ Орталық Азия елдерінің мемлекеттік органдарының өкілдеріне ауа сапасы бойынша үшінші семинарды өткізді

2021 ж. 12 мамыр.
          2021 жылдың 6 және 11 мамырында АҚШ Қоршаған ортаны қорғау агенттігі (EPA) мен Нұр-Сұлтандағы АҚШ Елшілігі Орталық Азия елдерімен C5+1 форматында ауа сапасы туралы мәліметті қолдану мен басқару бойынша бірлескен семинар өткізді. Виртуалды семинарға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан мен Ауғанстанның гидрометеорология және ауа сапасын бақылаумен айналысатын мемлекеттік органдарының мамандары қатысты.
         Екі күндік шара аясында АҚШ-тың ауа сапасы саласындағы сарапшылары ауа сапасын бақылау желілері кеңейіп келе жатқан қалалардың ауаның ластануы туралы мәліметті қалай қолданып, басқаратыны жайлы тәжірибе бөлісті. Қатысушылар үкімет ішілік деңгейге ауа сапасы туралы тұжырымдармен алмасудың стратегияларын дайындады, сондай-ақ бұдан кейінгі қадамдарды талқылады.
          2020 жылдың тамыз және желтоқсан айларында АҚШ Қоршаған ортаны қорғау агенттігі (EPA) мен Нұр-Сұлтандағы АҚШ Елшілігі ауа сапасын басқаруға қатысты бірталай мәселені қамтитын семинарлар өткізген болатын. Оның ішінде ауа ластаушылардың шығарындыларын бағалау, денсаулыққа әсерін зерттеу, АҚШ Ауа сапасы индексінің (AQI) техникалық шолуы, халық арасында ауа сапасы туралы ақпарат таратудың стратегиялары бар. Бұл семинарлардың барлығы Орталық Азиядағы ауа сапасын басқару саласындағы аймақтық ынтымақтастық пен үкіметтер арасындағы серіктестікті нығайтуды мақсат етеді.
        АҚШ қоршаған ортаны қорғау және ауа сапасын басқару саясатын әзірлеуде Орталық Азия елдерінің үкіметтерімен серіктестікке әрқашан берік. АҚШ-тың Орталық Азиядағы Елшіліктері 2019 жылдан бастап нақты уақыт режимінде ауа сапасы туралы деректерді бақылап, жариялап келеді.
         Соңғы бес жыл ішінде АҚШ үкіметі Орталық Азиядағы ауа сапасын қамтамасыз ету жобаларына шамамен 750000 доллар грант бөлді. 2020 жылдың қыркүйегінде АҚШ Мемлекеттік департаменті Қырғызстан мен Қазақстандағы ауа сапасын бақылау желілерін нығайту мақсатында MoveGreen атты жастар экологиялық ұйымына 300000 доллар көлемінде грант бөлді. Үш жылдық жоба ҚырғызГидроМет, ҚазГидроМет, БҰҰ Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасы (UNEP) және Бішкек пен Нұр-Сұлтандағы АҚШ Елшіліктерімен бірлестікте жүзеге асырылмақ.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

Лайықты таңдау – жарқын болашақтың бастауы!

        ...

Белсенді сайлаушы – берік қоғамның кепілі

        ...

Әрбір дауыс – жауапкершілік, әрбір таңдау – болашаққа қосылған үлес

        ...

ЖАҢА ҚОНЫС ИЕЛЕРІНЕ ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

        ...

ЕРІКТІ ҚОНЫС АУДАРУҒА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ КҮШЕЙТІЛДІ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА САЯСИ МОДЕЛІ: ҚОҒАМ НЕ ҰТАДЫ?

       Қазақстан ...

РУХАНИ МҰРАНЫ ҰЛЫҚТАҒАН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ

        ...

ӨЗ ТАҢДАУЫҢ – ӨЗ БОЛАШАҒЫҢ!

       Ағымдағы ...

МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР БОЙЫНША I ЖАРТЫЖЫЛДЫҚТА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫСЫ

        ...

ӨЗ ТАҢДАУЫНДЫ ЖАСА!

       Әрбір ...