Deprecated: Optional parameter $depth declared before required parameter $output is implicitly treated as a required parameter in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/theme-functions.php on line 1919

Deprecated: Optional parameter $args declared before required parameter $output is implicitly treated as a required parameter in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/theme-functions.php on line 1919

Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР БОЙЫНША I ЖАРТЫЖЫЛДЫҚТА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫСЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Билік » МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР БОЙЫНША I ЖАРТЫЖЫЛДЫҚТА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫСЫ

МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР БОЙЫНША I ЖАРТЫЖЫЛДЫҚТА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫСЫ

           Мемлекеттік қызметтерді көрсету – бұл мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылының негізгі құрамдас бөліктерінің бірі.
        Мемлекеттік қызмет істері агенттігі тарапынан азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуы мен сеніміне ерекше басымдылық бере отырып, мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ету болып табылады. Осы бағытта Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен оның аумақтық департаменттері мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің заңнамаға сай, сапалы әрі қолжетімді көрсетілуін тұрақты бақылауда ұстап келеді.
     Бүгінгі таңда елімізде 1323 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі, оның 400-ге жуығы облыстық деңгейде жүзеге асырылады.
     2026 жылдың I жартыжылдығында облыс бойынша барлығы 13 млн-нан аса мемлекеттік қызмет көрсетіліп, оның 98%-ы электронды форматта ұсынылған. Бұл өз кезегінде өңірде цифрландыру деңгейінің жоғары екенін көрсетеді. Сондай-ақ, Департаментпен мемлекеттік қызмет көрсету заңнамасының сақталуына қатысты 139 бақылау іс-шарасы жүргізілді.Оның ішінде профилактикалық бақылаулар, арыздар бойынша жоспардан тыс тексерулер және уәкілетті орган тапсырмалары бар. Ең жиі анықталған бұзушылықтар қызмет көрсету тәртібін сақтамау, жұмыс мерзімін бұзу, қызмет көрсету мерзімін сақтамау бойынша орын алған.
         Бұзушылықтардың басым бөлігі жер қатынастары, жеке тұлғаларды тіркеу және ауыл шаруашылығы салаларында тіркелген. Бұдан бөлек, Мемлекеттік қызметтер көрсету бағыты бойынша 2026 жылдың 6 айында жалпы 440 өтініш түскен.  Осы ретте, Департаменттің ден қою шаралары негізінде 850 азаматтың құқығы қалпына келтірілді (жоспарлы тексеру – 529, жоспардан тыс тексеру – 20, сыртқы байқау – 257, сұрау салу – 44),
        оның ішінде: денсаулық сақтау саласы – 477, білім саласы – 258,
        жер қатынастары саласы – 63, сәулет-қала құрылысы саласы – 52.
       Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында тұрақты түрде түсіндіру және алдын алу жұмыстары жүргізілді.
       Атап айтқанда:
  • өңірлік «Turkistan TV» арнасында «Елге қызмет» арнайы бағдарламасының 4 шығарылымы эфирге шықты;
  • мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен 87 семинар,
       9 тікелей эфир, 6 интернет-конференция және 73 жәрмеңке өткізілді;
  • 15 қоғамдық кеңес отырысы және 28 қоғамдық бақылау ұйымдастырылды;
  • мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің бизнес-процестерін талдау нәтижесі бойынша 22 бастамашылық ұсыныс әзірленді.
       Сонымен қатар, азаматтардың өтініштері мен пікірлеріне жедел әрекет ету мақсатында «EgovKZBot 2.0» Telegram-боты арқылы
          32 өтінішке түсіндірме берілді.
        Аталған жұмыстар мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға, заңбұзушылықтардың алдын алуға және азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған. Бұл өз кезегінде халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға ықпал етеді.
      Айта кету қажет, Департамент алдағы уақытта да мемлекеттік қызметтерді жетілдіру және азаматтарға қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыратын болады.
Ержан Нағызханұлы ҚАРЫМСАҚОВ,
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы,
Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы.
.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ӘРБІР ДАУЫС МАҢЫЗДЫ, ӘРБІР ТАҢДАУ ҚҰНДЫ!

        ...

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІСТЕ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

        ...

ДИҚАН ЕҢБЕГІ – ЕЛ ЫРЫСЫНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...