Әрбір азаматтың ел болашағына қосар өзіндік үлесі бар. Сол үлестің ең маңызды көріністерінің бірі – сайлауға қатысып, өз таңдауын жасау. Бұл – әр азаматқа заңмен берілген құқық әрі қоғам алдындағы жауапкершілік.
Сайлау – халықтың еркін білдіретін маңызды демократиялық үдеріс. Елдің ертеңіне бейжай қарамайтын азамат өз таңдауын саналы түрде жасап, қоғамдық өмірге белсенді араласуы тиіс. Өйткені мемлекетіміздің болашағы, оның даму бағыты мен тұрақтылығы әрбір азаматтың ұстанымына да байланысты.
«Менің бір дауысым ештеңені өзгертпейді» деген пікір шындыққа жанаспайды. Керісінше, кез келген сайлаудың нәтижесі мыңдаған, миллиондаған азаматтың таңдауынан қалыптасады. Сондықтан әр дауыс маңызды, әр азаматтың пікірі бағалы.
Белсенді азаматтық ұстаным – елге деген жанашырлықтың белгісі. Өз құқығын пайдаланып, сайлауға қатысқан адам тек өз пікірін білдіріп қана қоймай, демократиялық құндылықтарды нығайтуға да үлес қосады.
23 тамыз күні өтетін сайлауда әрбір сайлаушы өз таңдауын жасап, азаматтық жауапкершілігін таныта алады. Бұл – еліміздің тұрақты дамуына, қоғамдық келісім мен бірліктің нығаюына бағытталған маңызды қадам.
Динара БАЯЛИЕВА,
Мақтаарал ауданы.