Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
Home » PRESS RELEASE » News » ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

          Мақтаарал ауданы әкімдігінде  аудан әкімі Бақыт Насырханұлы Асановтың төрағалығымен өткен кезекті аппараттық мәжілісте жаңа оқу жылына дайындық барысы, ҚР Құрылтай депутаттарының сайлауын жоғары деңгейде ұйымдастыру, «Ауыл аманаты» бағдарламасының орындалуы және өндірістік парктердің жұмысын жандандыру мәселелері жан-жақты қаралды.
         Жиында сөзге шыққан Мақтаарал аудандық білім бөлімінің басшысы міндетін атқарушы А.Қошқаровтың мәліметінше, бүгінгі таңда аудандағы 61 білім беру ұйымында жаңа оқу жылында 29 910 оқушы білім алатын болады. Сонымен қатар, 2 804 баланы 1-сыныпқа қабылдау жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта OQU ұлттық білім беру платформасы арқылы 2 709 өтініш келіп түскен.  Бұлардан бөлек, білім беру саласында әлеуметтік қолдау шаралары да кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда екен. «Мектепке жол» акциясы және жалпыға бірдей міндетті білім беру қоры аясында 3 204 оқушыға 50 851 теңгеден қаржылай көмек көрсету жоспарланған. Бүгінде 2 мың баланың ата-анасының есепшотына тиісті қаражат аударылған.
         Сонымен қатар, жаңа оқу жылында аудан бойынша 11 592 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылады. Оның ішінде 1-4 сынып оқушылары толықтай тегін тамақтанатын болады. Сондай-ақ,  аудан аумағында оқушы саны 700-ден асатын 29 мектепте «Е-Асхана» жүйесі енгізілген. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесіне де ерекше көңіл бөлініп, мектептер мен балабақшалар 100 пайыз бейнебақылау жүйесімен, дабыл түймелерімен қамтамасыз етіліп, жедел басқару орталығына қосылған. Сонымен қатар, күрделі және ағымдағы жөндеуден өтіп жатқан мектептерді 20 тамызға дейін пайдалануға беру жоспарланған.
       Жиынды қорытындылаған аудан басшысы  Б. Насырханұлы тиісті бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне бірқатар нақты тапсырмалар берді. Атап айтқанда, жаңа оқу жылына дайындық жұмыстарын белгіленген мерзімде әрі сапалы аяқтау, білім беру нысандарындағы қауіпсіздік талаптарының сақталуын жоғары деңгейде қамтамасыз ету тапсырылды.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

Еңбекке жол ашқан мүмкіндік

        ...

Сапалы медицина – халыққа жақын қызмет

        ...

Білім инфрақұрылымы – ел болашағының негізі

        ...

ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ – ЖЕКЕ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ НЕГІЗІ

        ...

ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІН ОҚЫТУДА ЖИ МҮМКІНДІГІН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ

        ...

Ұстаз – ұлы есім, ұлағатты мамандық

       Ұстаз ...

ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ӘДЕБИЕТ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ САНА

        ...

Жұмысты жүйелеу – нәтиженің кепілі

        ...

БАСТАУЫШ СЫНЫПТА САБАҚ БЕРУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

        ...

Түркістан облысы экономикалық өсім бойынша көш бастады

        ...