Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ҚОС ЕЛДІҢ ЖУРНАЛИСТЕРІ ӨЗАРА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » ҚОС ЕЛДІҢ ЖУРНАЛИСТЕРІ ӨЗАРА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

ҚОС ЕЛДІҢ ЖУРНАЛИСТЕРІ ӨЗАРА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

      Түркітілдес журналистер қорының делегациясы Түркияның Балыкесир қаласындағы сапары барысында Балыкесир Журналистер одағының ғимаратында, Одақтың мұражайында болып, өзара тәжірибе алмасты.
      Балыкесир журналистер одағының төрағасы Рамазан Демир қазақ әріптестеріне сапар үшін алғыс айтып, екіжақты тиімді қатынастарды нығайтудың маңыздылығына тоқталды. Түркітілдес журналистер қорының президенті Нәзия Жоямергенқызы балыкесирлік әріптестерге рахмет айтып, Қазақстанда қонақ болуға шақырды.
      Түркі елдерінің медиа бірлігін қалыптастыруда түркі журналситерінің маңызы зор. Бауырлас халықтарға бірін бірі танытатын, ортақ құндылықтарды насихаттайтын да – БАҚ өкілдері. Түрік әріптестер тарапынан арнайы жайылған дастарқан басында арқа-жарқа әңгіме айтып, пікір алмасқан қазақ-түрік журналистер болашақта атқарылуы тиіс шаруалар мен жүзеге асырылатын жобалар жайлы кеңесті.
      Кездесу соңында Рамазан Демир Нәзия Жоямергенқызына Балыкесирдің тарихы мен журналистикасынан сыр шертетін кітаптар табыстады.
      “Біз үшін Балыкесир құрама командасының орны бөлек”, – деген Рамазан мырза Құраманың футболкасын сыйлады. Қазақ делегациясы Балыкесир журналистер одағының төрағасына қазақы шапан жапты.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ЖӘРМЕҢКЕ – ЖҰРТҚА ТИІМДІ БАСТАМА

        ...

ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ

       Мемлекеттік ...

Құрылтай – қоғам үніне құлақ асатын маңызды алаң

        ...

ҚҰРЫЛТАЙДА КӨТЕРІЛГЕН БАСТАМАЛАР ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАҒЫТЫН АЙҚЫНДАЙДЫ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ: ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТИІМДІ АЛАҢЫ

        ...

Сайлауға қатысып, ел болашағына өз үлесіңді қос!

       Елдің ...

Алматы облысында онкологиялық көмектің жаңа мүмкіндіктері кеңеюде

Түркітілдес журналистер қорының мүшелері ...

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...

Құрылтай сайлауының маңызы

        ...

ҰЛТТЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ 217 МЕКТЕП САЛЫНДЫ

       Елімізде ...