Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the jetpack-social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
ЖАҢА ТҮРКІСТАН – БЛОГЕРЛЕР КӨЗІМЕН! - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Business » ЖАҢА ТҮРКІСТАН – БЛОГЕРЛЕР КӨЗІМЕН!

ЖАҢА ТҮРКІСТАН – БЛОГЕРЛЕР КӨЗІМЕН!

ДҰРЫСЫ ТҮРКІСТАНҒА БАРУ, КӨРУ КЕРЕК

      Ғалым Макхамбетов: Түркістан бұрынғы қала емес. Біраз өзгеріс бар. Тарихи шаһарға саяхат ерекше әсер берді. Оның үстіне Өркен Кенжебек мырзамен  бірге жүру мен үшін үлкен абырой. Мен түсінбеген дүниелерді «Визит Түркістан» орталығы тереңінен қарапайым тілмен жеткізіп берді. Негізі Түркі жұртының тарихы тереңде. Оны бір постпен немесе сториспен айта салу мүмкін емес.
      Тарихы терең, түркі әлемінің бесігі болған киелі Түркістанға, ұлы дала орталығына келіп, алтын ғасырдың атмоферасын сезініп, алтын адамдарды көріп, алтын костюм кисеңіз, алтын тақта отырып керемет сезімге бөленесіз! Дұрысы Түркістанға бару, көру керек.

ЖАҚСЫНЫ КӨРМЕККЕ

      Өркен Кенжебек: Төрт жыл бұрын «Енді Түркістан түлесін» деп жоғарыдан бұйрық түскенде ешкім сенбеді-ау, сірә. Соның бірі алдарыңызда отыр. Яссауи кесенесінің алдындағы іркес-тіркес 250 ескі үйді сүргенінен бастап су жаңа әкімшілік ауданды салғанына дейін әр жерді бөлек жазса болады. Бастысы, Астананы салғандай арын осында сезілді ғой. Еліміздің мерейін көтеру бір бөлек, Орталық Азияның иісін сезініп, аурасына бөленсек деп арнайы келер туристі де Өзбекстан, Қырғызстан бағытынан жаңылдырып, өзіме тартсам деген амбициясы бар. Соған сай Керуен сарай, Түркістан бес жұлдызды отелі, ойын-сауық орталығы, музейлер, шоу-бағдарламасын, Сандық этномейрамханасын сайлап алды. «Жақсыны көрмекке!» деп, Ғалым екеуміз арнайылап тағы келгенбіз. Сол сапардағы бейнені қабыл алыңыздар және Түркістанға баруды жоспарларыңызға түртіп қойыңыздар.
        Жалпы бұл Қожа Ахмет Ясауи кесенесі дегенде, көп адам ойына бір ғана бейіт елестейді. Бұл жансақ стереотип, себебі мұнда Абылай ханнан бастап 21 ханымыз, жалпы белгілі деген 150 шақты тұлғаларымыздың денелері жерленген. Сондықтанда бұл біздің алғашқы ұлттық пантеонымыз, яғни қабірстанымыз деп айтсақ болатын шығар. Одан бөлек білесіздер кесене ішінде 40-қа жуық бөлме бар: мешіт, құдықхана, асхана, мәжілісхана.
        Алаштың небір азулы, дана да даңғайыр ұлдары бекерден бекер осы топырақта байыз таппаған, себебі Түркістан көшпелі қазақтың бәрібір айналып келіп табатын қазығы іспетті. Ендеше Түркістанға келу, осы жерде тарихтың түбіне терең бойлау әрбір қазаққа парыз емес пе? Айтпақшы Ұлы дала орталығына міндетті түрде келіңіздер, мұнда экспонаттар да ғажап, шоуы да керемет.

«КЕРУЕН САРАЙ» ЕРЕКШЕ ӘСЕР СЫЙЛАЙДЫ

         Зарина Нұржанова: Тарихи қалаға саяхатым ертегілер еліндегідей ғажап өтті. Жаңа Түркістанда саяхатшылардың ерекше қызығушылығын тудырып жүрген көрікті орындардың бірі – «Керуен сарай»  көпфункционалды туристік кешені.
          Кешенде Жібек жолы дәуіріндегі саудагерлер мен қолөнершілер көшесі, «ұшатын театр», сәйгүліктер шоуын өткізуге арналған амфитеатр, Шығыс базары, сауда сөрелері мен бутиктер, фуд-кордтар, қонақүйлер мен мейрамханалар, СПА және фитнес-орталық, кинотеатр, отбасылық ойын-сауық орталығы бар. Бұл ретте барлық құрылымдар су арнасы арқылы байланыстырылған. Арна жағасындағы тастардан әуезді ән естіледі. Бұл   «Керуен сарайға» ерекше атмосфера сыйлайды. Сондықтан «Керуен сарай» «Қазақстандағы Венеция» аталып кетті. Қазақстанның рухани орталығы. Әр келген сайын, тарихымызды еске алып, керемет сезім аламын.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«АБАЙ ТОЙЫ» ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

        ...

ОРАЛДА «AUYL FEST. ҚОЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ – 2025» БІРІНШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

        ...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУДІҢ ЕЛ ҮШІН МАҢЫЗЫ ЕРЕКШЕ

        ...

СЕМЕЙДЕГІ «САҢЫРАУЛАР ҚОҒАМЫНДАҒЫ» «БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ» МҮШЕЛЕРІ ЖИДЕБАЙҒА САПАРЛАП БАРДЫ

       2025 ...

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ»: СЕМЕЙДЕ МҮГЕДЕК ШЕБЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

        ...

ТЕГЕУРІН ТӨЗІМ ИЕСІ ОЛ – «ТЕМІРЖОЛШЫ»

        ...

Абайдың 180 жылдығында – текті әулеттен шыққан Жетісайдың қызы «Жеті қазынаға» енді

        ...

ЖЫР ЖОЛЫНДАҒЫ ЖҰМБАҚ ЖОЛ

        ...

ДАНА АБАЙДЫҢ 180 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ – КЕҢ КӨЛЕМДЕ ТОЙЛАНДЫ

        ...

ТАРИХИ ТҮЙЕМОЙНАҚТАҒЫ «ЭТНО-АУЫЛҒА» САПАР

        ...