Home » Ауыл шаруашылығы » ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ МАҚТА ШАРАУШЫЛЫҒЫ ҒЫЛЫМЫНДАҒЫ ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР

ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ МАҚТА ШАРАУШЫЛЫҒЫ ҒЫЛЫМЫНДАҒЫ ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР

    Республикадағы мақта шаруашылығы реформасы тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап өндірістің деформацияланған құрылымына ұшырады. 1992 жылға дейін Кеңес Одағы кезінде мақта қозасы монодақыл болды, бұл өз кезегінде топырақ құнарлылығына, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігіне, өнім сапасына кері әсер етті, мақта және басқа дақылдар зиянкестері мен ауруларының тарауына алып келді.  
          Елімізде мақта, қауын және суармалы жоңышқаның отандық өз сорттары болған жоқ. Жоғарыда аталған дақылдардың тұқымдары көршілес республикалардан әкелінді, бірақ олар күтілген нәтиже бере алмады. Біз мақта және басқа да дақылдар сорттары мен оларды өсіру технологиялары бойынша көршілес республикаларға тәуелді болдық. Бізде тұқым шаруашылықтары жұмыс істемеді, яғни олар мүлдем болған жоқ, егіс үшін сорт қоспалары мен техникалық тұқымдар пайдаланылды, нәтижесінде мақта өнімділігі мен талшық сапасы төмендеді.
       Тәуелсіздік жылдарында «Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС құрылып нәтижесінде зерттеулер тереңдетіліп, отандық сорттарды шығару бойынша селекциялық ғылыми-зерттеу жұмыстары басталды. 2000 жылдан бастап бәсекеге қабілетті, тезпісер, талшық сапасы жоғары, ауру-құрғақшылыққа төзімді, жоғары өнімді «Мақтаарал» сериялы отандық мақта сорттары шығарылды (барлық сорттардың патенттері мен авторлық куәліктері бар), олар өндіріске жылдам қарқынмен енгізіле бастады.Осы кезеңнен бастап ғылымның өндіріспен байланысы едәуір жақсарды, ғылыми-зерттеу жұмыстарының көлемі мен тиімділігі артты, бұл шитті мақтаның өнімділігі мен сапасын арттыруға ықпал етті.
        Қазіргі уақытта отандық сорттар өндірісте республикадағы мақта егіс алқабының 85%-дан астамын қамтып отыр. Облыста мақта өнімділігі қысқа уақыт ішінде 1998 жылы 15 ц/га-дан 2013-2014 жылдары гектарынан 29,5-30,0 центнерге дейін артты. Өнімділік бойынша бейресми әлемдік рейтингте біздің республика 1998 жылы әлемнің 95 мақта өсіруші елдерінің арасында 26 орынды, 2007-2010 жылдары – 21-23 орынды, 2012-2014 жылдары – 10-11 орынды иеленді.
          Бүгінде біздің республикамыздың мақта шаруашылығы тұрақты дамып келе жатқан сала болып, сорттары, тұқымдары мен технологиялары бойынша көршілес елдерге тәуелді емес. Біздің отандық мақта сорттарымыз әлем елдерінің үлкен қызығушылығын туғызды. АҚШ-тан, Монтана, Арканзас Штаттарынан (2003 ж.), ҚХР (2005-2017 жж.), Бразилиядан (2008 ж.), Тәжікстаннан (2008 ж.) және Аргентинадан (2011 ж.) генофондты алуға рұқсат сұраулар болды. Өсімдік шаруашылығын әртараптандыру кезінде ауыспалы егісті толықтыру және дамыту мақсатында институт селекционерлері қауынның «Қарақай», «Южанка-12», «Валет», «Жиеншар» (Торпеда), қарбыздың «Достық-10», «Күздік» отандық бәсекеге қабілетті жаңа сорттарын шығарып, өндіріске енгізді.
       Облыстың суармалы аймақтарында мал шаруашылығын дамыту үшін суармалы жоңышқаның бәсекеге қабілетті «Көксарай», «Даму-12», «Өнімді-90» жаңа сорттары шығарылды, сорттық агротехнологияны сақтаған жағдайда аталмыш сорттардан гектарынан 5-6 орымнан немесе 220-230 центнер құрғақ шөп алуға болады.
        Топырақ құнарлылығын арттыру бойынша және сұр топырақты суармалы жерлердегі азот, фосфор және калий тыңайтқыштарын тиімді пайдалану жолдарын көпжылдық зерттеулер нәтижесінде оларды мақта және басқа да дақылдардың ауыспалы егісінде қолдану жүйесін әзірлеу аяқталды, бұл қазір жақсы нәтижелер беріп отыр.
            Мақтаарал және Жетісай аудандарында мақта дақылын гидромодульдік аудандастыру арқылы суару тәсілі әзірленіп, өндіріске енгізілді, одан 1,056 млн. текше метр судан 14%-дан астамы немесе 140 млн. текше метр ағын су үнемделді.
       Топырақты сорсыздандыру бойынша мелиорациялық іс-шаралар әзірленді (сортаңдану дәрежесіне қарай сор шаю мөлшері мен мерзімдері), сондай-ақ олардың негізінде мақтаның жаңа және перспективті сорттарының өсуі мен дамуы үшін оңтайлы астар құрылды, мақта қозасының орналасу жилігі мен жапырақ бетінің көрсеткіштері анықталды.
          Ғалымдар тарапынан әзірленген «Топырақты өңдеудің үнемдеу технологиясы» топырақты 55-65 см-ге қопсытудың үнемдеу технологиясы суармалы жерлерде 30-40 см тереңдіктегі 45-50 жыл бойы қалыптасқан  топырақтың қатты қабатын бұзады, ауа алмасуын, су өткізгіштігін және су-ауа тәртібін жақсартады, топырақтың көлемдік салмағын төмендетеді, ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігін және өнім сапасын арттырады. Бүгінгі таңда бұл технология облыста 287 мың гектардан астам алқапта өндіріске енгізілді.
2        010 жылы 5 қарашада Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты базасында «Мақта» білім тарату орталығы (БТО) жұмысын бастады. Білім тарату орталығы Түркістан облысы өңірлерінің өсімдік шаруашылығы саласының жедел дамуына зор ықпал етті. Орталықтың мақсатты жұмысының арқасында Оңтүстік Қазақстанның мақта өсірушілері рекордтық көрсеткішке қол жеткізді, мақта өнімділігі гектарынан 30 центнерге жуықтады, жекелеген шаруашылықтарда өнімділік 50 центнерге жетті және одан да жоғары болды. Бұл – облыстағы соңғы онжылдықтағы мақта өнімділігінің ең жоғары көрсеткіштерінің бірі болатын.
           Қазақстанның жетекші ғылыми және білім беру орталықтарымен, шетелдік Израиль, Түркия, Қытай, Бразилия, Аргентина, АҚШ, ГФР, Өзбекстан, Колумбия және Грекияның ғылыми орталықтарымен, сондай-ақ ICARDA, IWMI, EMBRAPA, TACIC, ICAC, СІММІТ және TICA халықаралық орталықтарымен тығыз байланыстар орнатылды.  Қазақстандағы мақтаның негізгі тектік қоры «Қазақ мақта шаруашылығы ҒЗИ» ЖШС шоғырланған, топтамада 21 елден әкелінген 650 үлгі бар, оның ішінде 645-і ортаталшықты және 5 үлгі жіңішке талшықты мақта түрлеріне тиісті.
       Зертханалар заманауи жабдықтармен, соңғы үлгідегі өлшеу құралдарымен, жаңа әдістемелер бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге арналған құрылғылармен жабдықталған, Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты халықаралық талаптарға сәйкес 2010 жылдан бастап ИСО-9001-2000 сапа менеджменті жүйесі бойынша жұмыс істейді.
    Қорыта келгенде Тәуелсіздік жылдарында мақта шарашылығы саласы заман талабына сай оңтайлы дамуда. Тәуелсіз еліміз 30 жыл ішінде ауыл шаруашылығы бағыты көптеген қиындықтарға қарсы тұра білді, соның ішінде мақта шараушылығы саласыда тұрақты даму жолына түсіп, биік белестерді бағындырды, талай жетістіктерге қол жеткізді.
О. БИҒАРАЕВ,
басқарма төрағасы, а.ш.ғ.к. 
А. ҚОСТАҚОВ,
 басқарма төрағасының орынбасары, а.ш.ғ.к. 
 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

СУ ТАСҚЫНЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕН АЙМАҚТАРҒА 1,3 МИЛЛИАРД ТЕНГЕ БӨЛДІ

        ...

Туризмді одан әрі дамыту туралы сөз қозғалды

        ...

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

        ...

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

        ...

КӘСІПОРЫНДАР 7540,4 МЛН. ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІН ШЫҒАРҒАН

     Мақтаарал ауданының ...

«23 сәуір ұлттық егемендік және балаларды қорғау күні» аталып өтті

        ...

22 СӘУІР – АЛТЫН АДАМ КҮН!

Алтын адам алтын тұлға ...

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІЛЕРІН КӨРСЕТІП КЕЛЕДІ

        ...

САЯХАТТЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ ДЕ ЗОР БОЛДЫ

        ...