Home » Әлеумет » ЖАҚСЫЛЫҚТЫҢ ӨТЕМІ – ЖАҚСЫЛЫҚ

ЖАҚСЫЛЫҚТЫҢ ӨТЕМІ – ЖАҚСЫЛЫҚ

         Дана халқымызда «Жақсылыққа жақсылық – әркісінің ісі, жамандыққа жақсылық – ер кісінің ісі», – деген мақал бар. Дәлірек айтқанда, жақсы не жаман деп бөлместен көмек қолын соза білуді, жақсылықтың маңыздылығын және қасиетін бабаларымыз айтып кеткен. Ал, жақсылық дегеніміз – адамгершілік пен имандылықты сипаттайтын жалпы ұғым. Адамдағы жағымды істердің барлығы жақсылық ұғымы арқылы жүзеге асады. Осы бұлтартпас қасиет арқылы жас пен кәрі де өз мақсат-мүддесіне, арманы мен болашақтан үміттенуіне сенім білдіреді.
          Ортағасырлық ақын, хәкім әрі ойшыл болған Ахмед Иүгінеки: «Жамандық жасасаң да, жақсылық жасасаң да – жауапсыз қалмайды», – деген. Ал, америкалық жазушы, көсемсөзші Марк Твен: «Жақсылық – бұл, кереңнің ести алатын, соқырдың көре алатын дүниесі», – деп теңеу жасаған.           Демек, адам баласы қайсыбір пендеден қандай болмасын бір жақсылық көрсе (мысалы: сыйлық алса, білім алған болса, қажеттілігін өтеп берген және т.б) оның қарымын қайтару – өзіне жасаған ізгілікпен тең болып есептеледі. Сонымен қатар, игі іс істеген адам оған лайықты жауабын көрген соң, өзге жандарға да қол ұшын беруге ұмтылысы пайда болады. Араларында шынайы бауырмашылдық пен достық қатынасы нығая түседі. Қол ұшын созған жан жақсылықтың дәмін сезіп: «Бұл адамға көмек көрсетіп адаспаппын. Алдағы уақытта да жәрдемім қажет болса шетте қалмаспын», – деп ниеттенеді.
       «Жалғыздың үні шықпас, жаяудың шаңы шықпас», – демекші, бір ізгілікті іс жасап, оны жалғастыруды адам тоқтатып қоймауы қажет. Қазақтың ұлы жазушысы, ғұлама ғалым Мұхтар Әуезов айтқандай: «Маңына ұрық шашпаған жақсылық, жапанда жалғыз өскен бәйтерекше, тұл болады да қалады», – деп әр ізгіліктің жалғасы болуына мән беру керектігін ескертеді.
         Өмір сүріп жатқан әлемде жақсылық пен қатар жамандық та бірге жүреді. Дегенмен, әр кез жамандыққа тап болғанда мойымай, алға қарай ұмтылу, болашақтан зор үміт күту- оның өзі жақсылыққа бастар жол іспетті. Бірде қарт кісі ескі досымен дастарқан басында отырып:
  • Бөлме ішіне мұқият назар сал, қоңыр түсті заттарды есіңде сақта, – дейді. Расымен, бөлме ішінде қоңыр түске боялған заттар өте көп болатын. Бұл тапсырманы оңай орындайды. Сонда қарт кісі оған:
  • Енді көзіңді жұмып, көк түсті заттарды атап шық, – дейді. Әлгі досы сасып қалғаннан:
  • Мен тек қоңыр түсті заттарға мән бердім. Көк түсті ешнәрсе байқаған жоқпын, – деп жауап қатады. Қария досына қарап:
  • Енді көзіңді ашып қара. Көк түсті зат сен ойлағаннан да көп. Осы секілді өмірден тек жамандықты іздейтін болсаң, оларды міндетті түрде табасың. Олар өміріңнің бір бөлшегіне айналып кетеді. Сол себепті, тек жақсылыққа сен, – деген екен.
      Тыныштық пен ынтымақтастықтың мекені болған елімізде 2016 жылы 14 қаңтарда Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды елімізде «Алғыс айту күні» деп жариялап, №173 жарлыққа қол қойды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Алғыс айту күні туралы: «Бұл күн – мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір біріне деген достығы мен махаббатыныңжарқын мерекесі», – деп атап өткен болатын. «Бөлінгенді бөрі жейді», – демекші кейбір әлеуметтік желілерде халықтың тұтастығына нұқсан келтіріп, іріткі салушылар: «Бұл мемлекет дінмен амал ететін елдердің қатарынан емес. Сондықтан, бұл жерден һижрет жасау (қоныс аудару) керек», – деген іспетті сөздерді таратуда. Егер жоғарыда келтірілген қазақ ойшылдарының нақыл сөздерін ескерер болсақ, тұрмыс- тіршілігіміздің жақсарып, ғибадат үйлерінде емін еркін құлшылық жасауымызға және ел мүддесі үшін жұмыс жүргізіп жатқан барша қызметкерлерге шынайы ықыласпен алғыс білдіріп, оларға ізгі ілтипат көрсетуіміз  шарт.                                                                                                 Қорытындылай келе, жақсылық – адамгершіліктің белгісінен екенін ұмытпайық. Үлкен кісілердің ауыр сөмкесін көтеріп, егде кісілерге жолаушылар көлігінде орын берсек, бүлдіршіндерді қуанышқа бөлесек оның өзі ізгілікті істердің қатарынан деп есептейміз. Осы орайда: «Жақсы келді дегенше, жарық келді десеңші. Жақсылықтың ұрығын алып келді десеңші»,- деген сөз еріксіз еске түседі.
Б.ШАЙМЕРДЕН,
Түркістан облыстық,  Қоғамдық даму басқармасының
 «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің
Жетісай ауданындағы маманы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

        ...

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

        ...

КӘСІПОРЫНДАР 7540,4 МЛН. ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІН ШЫҒАРҒАН

     Мақтаарал ауданының ...

«23 сәуір ұлттық егемендік және балаларды қорғау күні» аталып өтті

        ...

22 СӘУІР – АЛТЫН АДАМ КҮН!

Алтын адам алтын тұлға ...

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІЛЕРІН КӨРСЕТІП КЕЛЕДІ

        ...

САЯХАТТЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ ДЕ ЗОР БОЛДЫ

        ...

ШЕТЕЛДЕГІ ЗАҢСЫЗ ДІНИ БІЛІМ АЛУ

        ...

ТАРТЫНА ТҰРСАҚ, ТУЫСҚАН!

        ...