Home » Әлеумет » ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗ ҒҰМЫРЛЫ, БАЯНДЫ БОЛСЫН!

ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗ ҒҰМЫРЛЫ, БАЯНДЫ БОЛСЫН!

Аумағы жағынан әлемнің алтыдан бір бөлігін алып жатқан Кеңес Одағы ыдыраған тұста Қазақстанның экономикалық та, әлеуметтік жағдайы да қиын еді. Географиялық орналасуы жағынан алсақ, еліміз бұрынғы отарлық империялар, қазіргі мейлінше көп ұлтты Ресей мен Қытай мемлекеттерінің арасында қыспақта жатса, оңтүстікте түркі тілдес жас мемлекеттер – Өзбек, Қырғыз және Түркімен республикаларымен шектеседі. Сонымен қатар, Каспий теңізі арқылы туысқан Әзербайжан, іргелес Иран елі жатыр. Қазақстанның шекара ұзындығы – өзімен қатарлас Үндістан, Судан Аргентинадан басым түседі. Ресей, Қытай, Канада, АҚШ, Бразилия секілді елдерден кейінгі шекара сызығы бойынша алтыншы орында. Егер нақтырақ айтар болсақ, ұзындығы 15 мың шақырымға жететін шекарамыздың басым бөлігі, яғни 8 мың шақырымға жуығы Солтүстік-батыста  Ресеймен, 2 мыңнан астамы  оңтүстік-шығыста Қытаймен, ал 5 мыңдайы оңтүстігімізде Ора Азия республикаларымен  шектеседі.  Бұған тағы  1,5 мың шақырымдық теңіз шекарасын қоссақ, шекара ұзындығы 16,5 мыңға жетіп, бұл жарты экватор болады. Оны қорғау, еліміздің Тәуелсіздігін  қамтамасыз ету қандай жауапкершілік жүктейді. Әсіресе, Ресеймен шекарамыз этнодемографиялық құрамы жағынан өте әлсіздеу келеді.
Осындай экономикалық саяси-әлеуметтік қауіп-қатерлерді еңсере отырып, 29 жылда ең бастысы орнықтылық сақталып, республикамыздың көркейіп дамуына кең жол ашылды. Айқай-аттансыз, қантөгіссіз, қайғы-қасіретсіз бір жүйеден екінші жүйеге емін-еркін өттік. Дағдылы  жолдан жаңа жолға ауысуда біраз дағдарып қалсақ та, тез ес жиып, етек-жеңімізді жинап, болашаққа үмітпен қарадық. Күдігіміз сейілді, жаңадан кәсіп көздері ашылып, оқушылар саны көбейіп, студенттердің қатары да қалыңдады. Бүгіндері халқымыздың саны 18 миллионға өсіп, өмірімізге өзгеріс кіріп, жаңа тіршіліктер басталды. Ал, енді бүгін өткен күндерімізге  бір көз жіберсек:
Өткен ғасырдың 80-ші жылдарының соңы және 90-шы жылдарының басында КСРО жоспарлы экономикалық дағдарыстың шыңына жетті. Дағдарыстық мәселелерді бұрынғы әкімшілік-командалық әдістермен шешу мүмкін емес еді. Бұл факторлар одақтық орталық пен одақтас респуб-ликалар арасындағы қарым-қатынасты шиеленістірді. Қалыптасқан жағдай одақтас республикаларға үлкен еркіндік беруді қажет етті. Осындай жағдайда 1990 жылғы 25-сәуірдегі заңмен Қазақстанда Республика Президенті қызметі белгіленді. Жоғары Кеңес бірауыздан Н.Назарбаевты Президент етіп сайлады. Себебі, Кеңес өкіметінің күрделі құрылымдалған органдарының жүйесі жинақталған және пайда болған қоғамдық проблемаларды шешуге дәрменсіз болды. Осылардың арқасында одақтық органдармен қарым-қатынас құру аса өткір тұрды. Оларды шешу үшін  республиканың өкілетті және беделді  өкілі қажет болды. Бұл міндетті 1991 жылдың 1 желтоқсанында бүкілхалықтық сайлауда сайланған Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұр-сұлтан Назарбаев атқаруға кірісті. Президент елді қиын жағ-дайдан шығарып, оның тұрақты дамуын қамтамасыз еткен тұлғаға айналды. Қазіргі Қазақстан тарихы Нұрсұлтан Әбіш-ұлының өз міндетін тамаша орындағанын әлемге паш етті.
Қазақстан Республикасының Жоғары Кеңесі 1991 жылдың 16-желтоқсанында «Мемлекеттік Тәуелсіздік туралы» тағдыр -шешті Конституциялық Заңды қабылдады. Осы күні қазақ қоғамының өз мемлекеттілігін  жаңғырту туралы көп ғасырлық арманы орындалды.
Еліміздің Тәуелсіздігін жариялау өте жауапты тарихи сәт болды. Оны халықаралық аренаға жеткізу, халықаралық заңдарға  сай келуін қамтамасыз ету  еліміздің атақты заңгерлері – Салық Зиманов, Сұлтан Сартаев бастаған заңгерлер тобының еңбегі болды. Бұл топта Сұлтан Сартаев пен Қазақ мемлекеттік С.М.Киров атындағы университеттің «Мемлекет және құқық теориясы» кафедрасының  ғалым-ұстаздары – Қазбек  Жиреншин, Бауыржан Мұхамеджанов, Волков, Т.Темешпаев т.б. болды. (Жоғарыда аталған университеттің заң факультетінде оқыған кезде осы ғалымдардан дәріс алғанымды мақтан етемін).
Қазақстан Республикасының Жоғары Кеңесі 1991 жылғы 16-желтоқсанда  «Мемлекеттік Тәуелсіздік туралы» тағдыр-шешті Конституциялық Заңды қабылдағаннан кейін қазақ халқының өз мемлекеттігін жаңғырту туралы көп ғасырлық асқақ арманы жүзеге асты. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін ең бірінші болып 4 сағаттан соң Түркия таныды. Түркиядан кейін іле-шала АҚШ мойындады.
Міне, Тәуелсіздік алғанымызға да 29 жыл толып отыр. Қандай жетістіктерге жеттік, не ұттық? Әр нәрсенің салыстырмалы түрде бағаланатыны белгілі. 1917 жылы соғыстан әлсіреген, қайратсыз Ресейде Қазан төңкерісі жеңсе, 29 жылдан кейін 1946 жылға дейін қандай жетістіктерге жетті. Бірінші рет (ешқандай мемлекеттер тәжірибесінде болмаған) әлемде жоқ социалистік мемлекет орнатты. Ұжымдастыруды аяқтады, жаңа экономикалық саясатты (НЭП) қабылдап – экономикасының барлық саласы қарқынды дамыды. 1936 жылы (19 жылда) КСРО-ны құруды толық аяқтады. 1941-1945 жылдар аралығында Ұлы Отан соғысында жарты Еуропаны оңай жеңген фашизмді талқандады. Бейбіт өмірді қалыптастырды.
Ал біз Тәуелсіздік алған 29 жылда, Қазақстан Республикасы Орта Азия елдерінің көшбасшысына айнала алды. Жаңа Астананы құрдық. «Болашақ» бағдарламасымен жас көшбасшыларды дайындау жолында дамыған Еуропа, АҚШ, Азия елдерінде мыңдаған мамандар дайындалды. Экономиканы дамыту үшін бірнеше бағдарламалар – “Қазақстан – 2030”, “Қазақстан – 2050”-лер қабылданып, іске асуда.
Біздің Үкімет жан-жақты дамуымызға қажетті барлық заңдарды дайындап, Парламент оларды қабылдады. Дамуымызға барлық факторлар мен мүмкіндіктер жасалған. Осындай жағдай біздің аудан көлемінде де жасалған ғой… Неге даму (өсу) қарқынымыз өз деңгейінен төмен. Неге біз барлық игіліктерді мемлекет беруі керек деген психологиядамыз. Жалқаулығымыз, бейқамдығымыз басым, бір киік балаласа бір түп жусан артық шығады, аш қылмайды дейміз. Бар несібеміз осы екен деген ұғымдамыз. Тынбай іс-әрекет жасап, дәулетін тасытқандарды көре алмаймыз. Елімізде әрбір азамат (заңда рұқсат етілмеген жұмыстардан басқа) қандай жұмыс, қай жерде істеймін десе де өз еркі. Ауданымыздағы науқанды ауыл шаруашылығы, құрылыс жұмыстарын көрші елдердің азаматтары мен азаматшалары келіп істейді. Қанша миллиондаған қаржыны елімізден өз мемлекеттеріне алып кетуде (2-3 жыл бұрын орташа есеппен 15 мыңдай азамат келуші еді. Олардың бізден алып барған қаржысы сол елге құйылған олардың инвестициясы ғой).
Бұл тоқмейілсуіміз біздің болашағымызға пайда әкелмейтіні анық. Бұл жас ұрпағымыздың еңбекке деген көзқарастарына кері әсер етеді. Бізде арзымайтын айлық алатын кеңсе жұмысы болса соған таласып-тармасу әдеті белең алған. Әрине, адамды қоғам қалыптастырады. Қоғамға бағыт беретін бүгінгі кезде биліктен басқа тетік жоқ. Бүгінгі таңда ел ағаларын тыңдау, ел қамын терең ойлау, обал-сауап, имандылық секілді қасиеттер өз деңгейінен төменде-гені байқалады. Бүгінгі немқұрайлылық, жауапсыздық, сыбайлас жемқорлықтың небір жаңа айла-тәсілдері пайда болған қоғамды қалай сауықтыруға болады? Бұл келеңсіз жағдайлардың барлығы қоғам – ел алдында болып жатқанын көріп отырған қоғам мүшелерінің (үлкен-кіші  азаматтардың, жастардың) бара-бара билікке деген сенімдері төмендеуі мүмкін. Әсіресе, басшы қызметтерге тосыннан (ауданға бейтаныс) азаматтардың келуі, беделі мен еңбегі беймәлім сырттан келген азаматтардың орынсыз өкілетті органдарға ұсынылып, азаматтардың сайлау кездерінде ерекше дауыстар алуын халық көріп-біліп отыр. Мұндай келеңсіз іс-әрекеттер, жергілікті азамттардың конституциялық таңдау құқықтарына  кедергілер жасау, азаматтардың  құқықтары мен бастамала-рына шектеу жасаумен пара-пар емес пе? Біздің пәлсапамыз (философиямыз) – көш жүре түзеледі дейміз… Бұл көш түзеле ме, әлде негізгі бағытынан айнып, жан-жаққа тарап кетпей ме?
Ата Заңымыздың 1-бабында: Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық  және әлеуметтік мемлекеттік ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құықтары мен бостандықтары делінсе ал 3-бабында – мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық екені айтылады.
Елбасымыз Н.Назарбаев өз сөзінде  «Қазақстандағы қоғамдық келісім – ең алдымен қазақтың келісімі екенін мықтап есте ұстаған абзал. Татулық пен тұрақтылық ел иесі ретінде ең алдымен қазаққа керек, қазақтың ынтымағы мен бірлігі  мықты болмайынша мемлекеттің тұтастық қабілетін  сақтау мүмкін емес»-деген еді. Елбасымыздың осы сөздері билік өкілдеріне бағыт-бағдар болуы керек деп ойлаймыз.
Билік әруақытта халықтан қашықтамауы керек, халықтың пікірімен санасуы керек. Халық та үнсіз болмауы қажет. Өз ойларын қоғамдық  ұйымдар арқылы жеткізуі керек. Қоғам да еліміздің болашағы үшін жауапты екенін ұмытпауы тиіс.
Біз, Тәуелсіздіктің алғашқы сәттерінің куәгер ұрпақтары-мыз. Осы Тәуелсіздігіміз ғұмырлы, іргетасы берік те тұғырлы болуы үшін әрқайсымыз өз үлесімізді қоса берейік дегім келеді.
Қасымбек ХАМЕТОВ,
«Мемлекеттік, банк мекемелері  және қоғамдық  қызмет көрсету қызметкерлерінің Салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Мақтаарал
 аудандық комитетінің төрағасы. 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

Туризмді одан әрі дамыту туралы сөз қозғалды

        ...

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

        ...

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

        ...

КӘСІПОРЫНДАР 7540,4 МЛН. ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІН ШЫҒАРҒАН

     Мақтаарал ауданының ...

«23 сәуір ұлттық егемендік және балаларды қорғау күні» аталып өтті

        ...

22 СӘУІР – АЛТЫН АДАМ КҮН!

Алтын адам алтын тұлға ...

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІЛЕРІН КӨРСЕТІП КЕЛЕДІ

        ...

САЯХАТТЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ ДЕ ЗОР БОЛДЫ

        ...

ШЕТЕЛДЕГІ ЗАҢСЫЗ ДІНИ БІЛІМ АЛУ

        ...