Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ОРТАЛЫҚ КІТАПХАНА ДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТІП ЖАТЫР - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » ОРТАЛЫҚ КІТАПХАНА ДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТІП ЖАТЫР

ОРТАЛЫҚ КІТАПХАНА ДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТІП ЖАТЫР

Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов, аудан орталығы  Мырзакент кентіндегі күрделі жөндеуден өтіп жатқан орталық кітапхананың құрылыс жұмыстарының барысымен де танысты.
Мырзашөл өңірінің тұрғындарының мәдениетін және интелектуалын дамытуға үлкен серпіліс беретін осы алып нысанды күрделі жөндеуден өткізу үшін бюджеттен 309 миллион теңге қаржы қарастырылған.
Аудан басшысы кітапхана құрылысының талапқа сай жүргізіліп жатқанын қатаң тексеріп, жауапты басшыларға нысанды мерзімінде аяқтауды тапсырды. Сондай-ақ, орын алып жатқан кейбір кемшіліктер бойынша ескертулер жасады.
Мердігер мекеме «Корпорация ақ орда» ЖШС-ы  тарапынан құрылысы жүріп жатқан нысан 2021 жылдың наурыз айында пайдалануға берілуі тиіс.
Мақтааралдың орталық кітапханасында 50 мыңнан аса кітап қоры болады. Сонымен қатар, онда арнайы заманауи оқу залы мен оқу бөлмелері жұмыс жасайды. Оқушылар үшін балалар кітапханасы да жеке қарастырылған.
Мәдени нысанда түрлі ақын-жазушылардың, қаламгерлердің шығармашылық кешін өткізу мақсатында 200 орындық концерт залы да жұмыс жасайтын болады. Обан бөлек, тұрғындарды кітап оқуға қызықтыру үшін мәдени-шығармашылық клубтарды ашу жоспарлануда.
Айта кететін болсақ, қазірде  Мырзакент кентінде орталық стадионның, даңқ аллеясының құрылыс жұмыстары да жүргізілуде.
(с) Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ АРХИВ ІСІНЕ – 100 ЖЫЛ. ОТЫЗ ЖЫЛДЫҚ ЕҢБЕК – ҰЛТ ЖАДЫНА ҚЫЗМЕТ

     Архив… Бұл ...

АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІСТЕ САНИТАРИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК, ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Мақтаарал ауданында аудан әкімі ...

Лайықты таңдау – жарқын болашақтың бастауы!

        ...

Белсенді сайлаушы – берік қоғамның кепілі

        ...

Әрбір дауыс – жауапкершілік, әрбір таңдау – болашаққа қосылған үлес

        ...

ЖАҢА ҚОНЫС ИЕЛЕРІНЕ ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

        ...

ЕРІКТІ ҚОНЫС АУДАРУҒА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ КҮШЕЙТІЛДІ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА САЯСИ МОДЕЛІ: ҚОҒАМ НЕ ҰТАДЫ?

       Қазақстан ...

РУХАНИ МҰРАНЫ ҰЛЫҚТАҒАН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ

        ...

ӨЗ ТАҢДАУЫҢ – ӨЗ БОЛАШАҒЫҢ!

       Ағымдағы ...