Home » Жаңалықтар » ӨЛЕҢІМ ӨР КЕУДЕМДЕ ӨРЕКПІГЕН

ӨЛЕҢІМ ӨР КЕУДЕМДЕ ӨРЕКПІГЕН

Жұматаева Гульмира Мұратжанқызы, 1976 жылы Шығыс Қазақстан облысы Мақаншы ауданында дүниеге келген.

1995-2000 жылдары әль-Фараби атындағы мемлекеттік ұлттық университетті тәмамдаған. 1993-2005 жылдар аралығында «Денсаулық» журналы редакциясында қызмет атқарған. Еңбек жолын Аграрлық университетінде ұстаздық жолмен жалғастырып, салалық колледждерде жас ұрпақты біліммен сусындатқан. Мектеп саласын да бағындырып, жас буынды біліммен сусындатып жүрсе де қаламын еш қолынан тастаған емес. Шығармашылықпен айналысып, өмірді өлең жолдарымен сөйлеткенді ұнатады. Жүрек тебіренісімен жазған жырлары, түрлі мақалалары бірнеше басылымдарда жарық көрген. Үш әдістемелік оқулықтың және ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған жинаққа өлеңдері мен мақаласы жарық көрген. Мұқағали оқулары, Абай оқуларында жыр жолдарымен додаға түсіп жүрген қаламгер.

 

ҚАРАТҰМА КӨҢІЛІМНІҢ КӨКТЕМІ

Қаратұма қандай көркем, әсем ең,

Бал бақытты тек өзіңде кешіп ем.

Мен өмірге қадам басқан сәтімде,

Балалықты артқа тастап кетіп ем.

 

Қаратұма туған жерім, туған үй,

Жүрегімнің түкпіріңде тұрды ылғи.

Әсем қала Алматыда жүрсем де,

Сағынышым ұлғайды ғой бек жылжи.

 

Қаратұма қасиетің бар қандай,

Жүрдім әркез тек өзіңді мен аңсай.

Сенде өсіп, сенде то, бойжеттім,

Сенде менің бар бақытым қалғандай.

 

Топырағың шақырғандай қол бұлғап,

Мен түлегің, жүрмін әркез сені аңсап.

Туған үйім – сағынышым сарғайтқан,

Барсам болды қаларым хақ бір аунап.

 

Достарым бар бала күнгі тым жақын,

Жүрегімді жанарымнан ұғатын.

Қаратұмам өзің жайлы естісім,

Бір қуанып, бір мақтанып қаламын.

 

Жерің қандай, бейне жұмақ, көз тоймас,

Халқың сенің кең жүректі, Алтын бас.

Жер әлемді саяхаттап кетсем де,

Сендей жұмақ мына маған таптырмас

 

СЫНЫПТАСҚА!

Бүгінгі күн сен үшін мереке күн,

Ақ шапанын жамылған берекенің.

Балалыктың бал дәмін бірге таткан,

Ак арнауын отқабыл ал сыныбыңның.

 

Жас едің ғой жүретін асып-тасып,

Сабактан да кеттің ғой талай кашып.

Жекпе-жекке шакырып жиі ұлдарды,

Қасындагы қызбен де араздастың…

 

Бұзыктықтың дәмің де таттың талай,

Түн қаңғыдың…  атса да таңғы арай.

Кырык жетің келді ме сүйреп сені,

Арт жағына карайсың жалтак-жалтак….

 

Жеткізем деп ұлын мен жұбайынды-ай!

Ағарды ма шаштарын желке самай.

Балалыққа бір мезгіл көңіл бөлші,

Әке болған жүгіңді ауырлатпай!

 

Сағынамыз біз сені бала достай

Көретінбіз еш жанға бағынбастай….

Сотқарлықтың бәрін де тастап артка,

Әке болған түріннің жарасканы-ай!

 

Сексеннің де жартысын алкымдадын,

Жүзге келіп тұрсаң да алқынбағын.

Гитараңды колына ал, шырка әніңді,

Ортамызда бар сенің АЛТЫН тағын….

 

ҰЛЫ АБАЙҒА АРНАУ!

Ақын едім, ұлы Абайдан нәр алған,

Өлеңдері өшпейтін еш санамнан.

Ұлы Абайдың 45 сөзін жаттаумен,

Тәңірімнің ала таңы ағарған.

 

Әрбір айтқан сөздерінен сыр ұққам,

Ұлы Абайдың әндерінен жыр ұққам.

Абай жолын жастанып-ақ жаттым мен,

Сусындағым келсе егерде тұнықтан.

 

Семейімнің топырағынан нәр алған,

Өлең-жыры өшпес мәңгі санамнан.

Ұлы Абаймен әлем бізді таныған,

Абайменен сусындаған бар адам.

 

Ұлы тұлға, ұлы Абайға мың алғыс,

Санамызға насихатын құямыз.

175 жыл мерейлі тойың болғанда,

Ұлы тұлға бір өзіңе тағзым етіп тұрамыз.

 

ҚЫЗ ҒҰМЫРМЕН ҚОШТАСУ

Өзге орта, өзге туыс, өзге ағайын,

Бүгіннен бастап бөтен санамайын.

Десем де асыл Ана, асқар Әке,

Егіліп  қалай іштен жыламайын?

 

Мөлдіреп қыз-ғұмыр да жас та қалар,

Өзгеше күрделілеу күн басталар.

Қол жайып, ақ батамен шыққанымда,

Шуағын төгер дедім аппақ таңдар.

 

Қыздары бұрынғының сыңсу айтқан,

Қия алмай ата-анасын сыңсып айтқан.

Өкпемді айтар болсам құдайға айтам,

Қыздарды жатқа болсын деп жаратқан.

 

Барамын бақытымды сынап бүгін,

Толқулы сын сагатта көңіл-күйім,.

Аттаймын ақ ниетпен ақ босаға,

Басталмақ басы да енді өмірімнің.

 

Анашым өкпе артпа, сөкпе және,

Арқалап жүрер ем-ау амал кәне!

Балалық парыз әсте қиын екен,

Реніш қылмаңызшы, асқар Әке!

 

АНА САҒЫНЫШЫ

(Тұла бойымды тебіренткен

тұңғышым Назкеніме!)

 

Сағыныш толы жүрегім,

Сағым боп ұшып келемін.

Сәлемім саған жетеді,

Ұйқасы болып өлеңнің.

 

Нәзкенім менің нәзігім,

Мәнері болған сөзімнің.

Жанардан мөлдір жас ақса,

Қарасы сенсің көзімнің.

 

Жанына батпай ауырлық,

Албанның бәрін бауыр қып.

Періште сәби күлкіңмен,

Жүрсің бе, қалқам, дабыр қып.

 

Амандығыңды тілеймін,

Жығылып қалсаң сүйеймін.

Өзіңмен бірге бір тоңып,

Ыстыққа бірге күйермін.

 

Нәзкенім сенсіз сән жоқтай,

Өмірде мынау мән жоқтай.

Сағыныш толса жүрекке

Кетемін мүлде жан таппай.

 

Жабырқау мынау көңілге,

Алданыш болдың өмірде.

Көңілсіз кейбір сәттерде,

Табынам, ботам, өзіңе.

 

Аман бол, қалқам, қашанда,

Жүрсең де көзден тасада.

Тек саған саулык сұраймын,

Ал сеннен жалғыз сұрарым,

Мен барда мынау жалғанда,

Ешкімнен, қызым, жасқанба!

 

ЖАН САҚТАУ…

Жан бар сенде, менде де,

Өзгерер өмір бір демде.

Жан сактау деген бөлімшен,

Сынағын болар пендене.

 

Темір есікке телміре,

Қарайды бәрі күрсіне.

Үмітін үзбей отыр ғой,

Кіре алмай ешкім ішіне.

 

Дәрігер ашар есігін,

Айтады сосын шешімін.

Отыр ғой пенден дұғада,

Алладан сұрап кесімін.

 

Жан сактау деген тым қиын,

Аллаға ғана сен сиын…

Жақынын жатса қиналып,

Өмірін мынау бір тиын…

 

Тан атса екен күлімдеп,

Дәрігер тұрсын сүйін деп.

“Жағдайы жақсы қорықпағын,

Палаға шығат бүгін” деп…

 

МЕН КІММІН?

Кейде ойлаймын шынымен де мен кіммін?

Белгісіздеу адам болып    мен жүрмін.

Кімге зиян, кімге пайда келтірдім?

Енді міне, соны өзімде білмеймін…

 

Жылағанды жұбатуға тырыстым.

Жадау жанның жүрегінен сыр ұқтым.

Қазағымның құрғата алмай көз жасын,

Қырқасынан асып барам қырықтың.

 

Мен кіммін?

“Анамын” деп шүкір айтып қуанам.

Жұбатамын баламды да жылаған.

Туа алдым ба ұл… жүрегінде оты бар,

Халқына бір қызметі жараған?

 

Кім тумайды Алла берсе баланы,

Сол балаға берсе деймін сананы.

Бар арманым қос қуаныш-қос ұлым,

Ажырата білсін ақ пен қараны.

 

Мен кіммін?

Жар атандым, тұрмыс құрып қазаққа,

Отын жақтым шаңырақтың маздата.

Үй ішінен үй тіктім де тек қана,

Неге назар аудармадым жан-жаққа…

 

Разылығын ала алдым ба куйеудің,

Сол сұраққа жауап іздеп …

 

РАХМЕТ АНА!

Есіңде ме, уа,  Ана ұл тудыңыз,

Сол балаға төгіліп мейіріңіз.

Сол балаңыз бүгінде ол да Әке,

Шүкір, шүкір оған да қуандыңыз.

 

Жарқын деп ат бердіңіз асқақтатып,

Жүрсін деп қайда болсын жақсы атанып.

Жүрегіне Сіз шуақ төккеннен соң,

Жүрген шығар мені де тамсандырып.

 

Бар мейірді төктіңіз балаңызға,

Жүрегіңіз оранып шаттық нұрға.

Сізге айтамын Алғысты ең алдымен,

Өмір берген осындай текті ұлға…

 

От бердіңіз Жарқынға маздасын деп,

Сөнген шоқтай қызарып қалмасын деп.

Бақыт тілеп мен әркез өтінемін,

Уақытын Сізге көп арнасын деп…

 

БІЛЕСІҢ БЕ?… КҮТУДІҢ СЕН НЕ ЕКЕНІН?!..

Сол үмітпен күннен күнге жетемін.

Әр минутты санап жүрмін өтсін деп,

Ұғар ма екем?…

Сол минутпен өмірімнің өтерін?!..

 

Сол минуттар бетіме әжім саларын,

Сол минуттар алар беттің ажарын.

Өтсе кундер, сен келердей жалтактап,

Жұла берем кунтізбенің парағын.

 

Үмітіме үміт жалгап жазасын,

Әлде менің қабағымды бағасын?

Сен де мендей өткеніне оралып,

Күрмелмейтін жіпті ойлаумен жүрмісін?!..

 

Естеліктер ескірмейді деймісің,

Өткен өмір мейлі бақыт, мейлі сын.

“Кездесуім бар” дедің ғой “кешірек”,

Сен де мендей қорқақтаумен жүрмісің?

 

“Ұмыт!” сөзі серік болды жаныма,

Дақ түсіре алмаспын деп арыма.

Сол баягы періште-кыз күйімде,

Жакын барғым кеп тұрады қасына…

 

БІР АҢСАУ

Көңілім көктем, қуаныш, бақыт бәрі бар,

Сонда да менде сағыныш неге әлі бар?

Жүрегім менің арналған ба әлде аңсауға,

Туар ма күнім осынау сәттен арылар?!..

 

САҒЫНЫШ КІМГЕ?

Елге ме, әлде жерге ме?

Жүректе қалған әлдебір сонау Ерге ме?

Үздігіп тұрып көңілім сонша аңсайды,

Сағыну үшін жаралған жанмын мен неге?..

 

Бақыттан басым айналып күліп тұрсам да,

Еркелеп келіп көзімді нәзік жұмсам да.

Жүректің сонау түкпірінен әркез тіл қатар,

Өзім де мүлде түсіне алмайтын бір аңсау….

 

Орала берем несіне әркез өткенге,

Сағыныш сазы жанымды жаулап кеткен бе?

Өзімді-өзім ұғына алмай жүргенде,

Сезімді мынау сыйдыра алмадым өлеңге..

 

 СӘБИ БОП МӘҢГІ ҚАЛАЙЫН…

Мама, мама!

Кұшағыңды ашшы жылайын,

Еркелеп барып тізене жатып сұлайын.

Көтере алмаймын қиянаттарды жетеді,

Уайымы жок сәби боп мәңгі калайын…

 

Көрмейін болды қатыгездікті, ездікті,

Қатыгез жандар жаншып бір жатыр ерлікті.

Жек көріп кеттім, жетеді өмір шаршатпа,

Дәрменсіздігіме шыдамай жүрек ентікті.

 

Естімей, білмей, қалайын Ана-сәби боп,

Қиянаттарын баспасын болды еңсемді.

Әділетсіздіктен тұншығып жылап қалғанда,

Сезінем кейде өзімді,

…солып бір қалған гүл-сынды…

 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

        ...

КӘСІПОРЫНДАР 7540,4 МЛН. ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІН ШЫҒАРҒАН

     Мақтаарал ауданының ...

«23 сәуір ұлттық егемендік және балаларды қорғау күні» аталып өтті

        ...

22 СӘУІР – АЛТЫН АДАМ КҮН!

Алтын адам алтын тұлға ...

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІЛЕРІН КӨРСЕТІП КЕЛЕДІ

        ...

САЯХАТТЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ ДЕ ЗОР БОЛДЫ

        ...

ШЕТЕЛДЕГІ ЗАҢСЫЗ ДІНИ БІЛІМ АЛУ

        ...

ТАРТЫНА ТҰРСАҚ, ТУЫСҚАН!

        ...

Эвакуацияланғандар жатақханаларға көшірілді

        ...