Home » Қоғам » ЕСТЕН КЕТПЕС СОЛ КҮНДЕР…

ЕСТЕН КЕТПЕС СОЛ КҮНДЕР…

         Атакенттік Дзецин Николай Константинович, 1925 жылдың 20 тамызында Ресейдің сол кездегі Самара губерниясы, Бұзылық уезі, Рогачинск селосында өмірге келген екен. 1932 жылы түрлі жағдайлардың салдарынан сол аймақта аштық күшейіп, көп адамдар тамақ іздеп жан-жаққа үдіре көше бастағанда, аталары әкесіне жолға ақша тауып беріп, оңтүстікке жылжуға кеңес береді. 1921-1922 жылдары сол уезде болған қатты аштықтан халықтың басым бөлігі қырылып қалғанын ұмыта қоймаған  әкесі отбасын алып, көп адамдарға ілесіп, «Ташкент – нанды қала», сол жаққа жетсек ашта өлмейміз деп, оңтүстікті бетке алып, жолға шығыпты.
           Дцезиндер отбасы поезбен қазіргі Мақтаарал ауданына жеткенде, әкесі сұрастыра жүріп, бұл жерден жұмыс тапқандықтан олар осы жерге қоңыстанып қалады. Николай Константинович, сол кезде өздеріне пана беріп, қолдау көрсеткен қазақ халқының жақсылығын тебірене айтты. «Егер де жергілікті халықтың қамқорлығы болмағанда біз отбасымызбен түгелдей қырылып қалар едік»-деп көзіне жас алды. Сол кезде Қазақстандағы жағдай мәз емес еді. Елдегі 1932-1933 жылдардағы аштықтан, Мақтарал өлкесі де біршама зардап шексе де, жергілікті тұрғындар бір-біріне қолдарынан келгенше жәрдем беріп, «бір үзім нанды екіге бөлуге» дайын тұрды. Соның арқасында Дзециндер секілді көптеген отбасылар аштықтан аман қалыпты.
          Соғыстан кейін Н.Дзецин өзінің туған селосына барып, туған-туыстарының жайын білмек болғанда өкінішке орай, бірде-бір тірі ағайынын кездестіре алмапты…
          1942 жылы ол «Коминтерн» ұжымшарындағы орта мектепті бітіріп, сол жерде қатардағы жұмысшы болып жүргенінде әскер қатарына шақырылады. «1943 жылдың 8 ақпан күні еді. Бізді Ильич поселкасынан (қазіргі Атакент кенті) пойызға мінгізіп, белгісіз жаққа жүріп кеттік. Басында мен барлығымызды бірден майданға апарады деп ойлаған едім. Бірақ, жолда мектепте мен секілді жақсы оқыған бір топ жасты таңдап алып, Ворнеж қаласынан Самарқанға көшірілген радистерді дайындау училищесіне жіберді. Осы жерде 4 айлық жеделдетілген курсты аяқтаған соң, Витебск маңында орналасқан 3-ші Белорус майданының құрамындағы 1 Әуе армиясы штабының байланыс бөліміне жіберілдім. Біздің міндет – армия штабының басқа әскери бөлімдерімен байланысын үздіксіз қамтамасыз ету болды.
           Біз негізінен алдыңғы шептен шамамен 30 шақырымдай алыста, жартылай жерге көмілген күрделі радиотехникалық аппаратуралар тиелген көліктерде жұмыс істейтінбіз. Былайша айтқанда, біршама тылда орналасатынбыз. Алайда, шындығында жаудың барлау қызметі біздің нақты орналасқан жерімізді анықтауға барынша күш салғандықтан, қызметіміз қауіп-қатерге толы болатын. Ал егер олар орналасқан жерімізді дәл анықтай алса, онда әуе шабуылына ұшырайтынбыз. Көрер жарығым бар екен, жаудың талай бомбылауы мен әуе шабуылдарынан аман қалдым.
             Біз тек штабта отыра бермейтінбіз, алдыңғы шептерге де жіберіліп, сол жақтағы байланысты реттейтінбіз. Солайша кей-кейде алдыңғы шептегі әскери бөлімдердің қатарында ұрыс қимылдарына да қатысатынмын. Сол шайқастарда бауырымдай болып кеткен қаншама достарым оққа ұшты, өзім де талай рет жараландым, бірақ госпиталдан шыға сала міндетті тұрде өз бөліміме қайта оралатынмын. Витебск, Смоленск, Минск, Литва, Варшава, Кенингсберг (қазіргі Калининград) қалаларын азат етуге өз үлесімді қостым деп айта аламын. Майданда көрсеткен ерліктерім үшін, «Ұлы Отан соғысы» ордені мен «Калининград қаласын азат етуге қатысқаны үшін» және басқа да әскери медалдармен марапатталдым. Соғыс аяқталған соң да, әскери қызметімді жалғастырып, 1950 жылға дейін Минск қаласында старшина дәрежесінде қызмет еттім»-деп, Николай Константинович сол кездерді еске алды.
            Николай Дзюба ақсақал 1950 жылдың соңына таман ғана елге оралған соң, бірден ауыл шаруашылығы жұмыстарына араласып кетіпті. Өзінің майданда алған «радист» мамандығының бейбіт өмірде қажеті жоқтығын түсінген ол, 1952 жылы механизаторларды дайындау курсын аяқтайды. Курстан кейін сол кездегі «Пахтаарал» кеңшарының, «Коминтерн» бөлімшесінде 1986 жылы зейнеткерлікке шыққанша механизатор болып жұмыс істепті.
          Бүгінде жасы тоқсаннан асса да әлі де тың, Ұлы Отан соғысының ардагері Николай Константинович Дзюба жас буын өкілдерімен өткізілетін кездесулерде оларды бейбіт өмірдің қадірін білуге шақыруда.
Қ.ДӘУЛЕТБАЕВ.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

СУ ТАСҚЫНЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕН АЙМАҚТАРҒА 1,3 МИЛЛИАРД ТЕНГЕ БӨЛДІ

        ...

Туризмді одан әрі дамыту туралы сөз қозғалды

        ...

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

        ...

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

        ...

КӘСІПОРЫНДАР 7540,4 МЛН. ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІН ШЫҒАРҒАН

     Мақтаарал ауданының ...

«23 сәуір ұлттық егемендік және балаларды қорғау күні» аталып өтті

        ...

22 СӘУІР – АЛТЫН АДАМ КҮН!

Алтын адам алтын тұлға ...

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІЛЕРІН КӨРСЕТІП КЕЛЕДІ

        ...

САЯХАТТЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ ДЕ ЗОР БОЛДЫ

        ...