Warning: Trying to access array offset on false in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150 АБАЙ ГАРНИЗОНЫНДА ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ НАСИХАТТАЛДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » АБАЙ ГАРНИЗОНЫНДА ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ НАСИХАТТАЛДЫ

АБАЙ ГАРНИЗОНЫНДА ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ НАСИХАТТАЛДЫ

            «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскери қызметшілердің отбасыларымен жұмысты ұйымдастыру бөлімінің  отбасы құндылығына деген көзқарасы ерекше. Сондықтан арнайы бөлім Абай өңірлік гарнизонында «Отбасы құндылығын бірге сақтайық» тақырыбында кездесу ұйымдастырды. Шараның басты мейманы ретінде Семей қаласындағы Әлихан Бөкейхан мешітінің бас имамы Қанағат Сейтақанұлы шақырылды.  Әскери қызметшілердің отбасыларымен кездескен имам өз сөзін «Шағын отан-отбасы» баяндамасымен бастады. Сондай-ақ ол жанұяда туындайтын келеңсіз жағдайларды тізіп өтіп, олардың алдын алу қажеттігін атап өтті.

           — Әскери қызметшінің жары болу ол аса ауқымды жауапкершілік. Әрдайым темірдей тәртіпке бағынып, жауынгерлік жағдайда жүретін азаматтың ішкі мейірімі ерекше жылы болады. Жалпы, ел қорғаны саналатын азаматтардың  шағын мемлекеті яғни жанұясына деген ізгі ұстанымы қашаннан алабөтен. Сондықтан мен әскери қызметшілердің отбасын сүйіспеншілікке, ізгілікке шақырамын, — деді Әлихан Бөкейхан мешітінің бас имамы Қанағат Сейтақанұлы.
          Кездесу екі бөлімді құрады. Алдымен имам жанұядағы еркек және әйел рөліне тоқталып, шараға қатысушыларға асыл дінімізден құнды мәліметтер ұсынды. Келесі бөлімде көрермен қауым кеш мейманына көкейкесті сауалдарын жолдап, көргені мен түйгені мол қонақ әр сұраққа мардымды жауап таба білді.
Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАРДЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

        ...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...

ЖАҢА БИЗНЕС-ИДЕЯЛАР ҮШІН ГРАНТТАРҒА ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНУДА

        ...

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ – ОРТАҚ МІНДЕТ

       Мақтаарал ...

2026 ЖЫЛДЫҢ БАСЫНАН БЕРІ 69 МЫҢНАН АСТАМ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СУБСИДИЯЛАНАТЫН ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНА ОРНАЛАСТЫРЫЛДЫ

        ...

АУЫЛҒА КЕЛГЕН МАМАНДАРҒА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТУРАЛЫ ЖАҢА ЗАҢ: ТИІМДІ БАСҚАРУҒА БАСТАР ҚАДАМ

        ...

ӘРБІР ТАМШЫ АҒЫН СУДЫ ҮНЕМДІ ЖҰМСАЙЫҚ!

        ...

БІЛІМ МЕН ТІЛ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫНЫҢ БЕРІК ТІРЕГІ

       Еліміздің ...

ЗАЩИЩЕНЫ ПРАВА ГОСУДАРСТВЕННЫХ СЛУЖАЩИХ

        ...