Home » Қоғам » ЖӘБО-ДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ

ЖӘБО-ДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының
22-бабына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен лауазымды адамдар жүргізуге міндетті.
2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының ресми талқылауына сәйкес сыбайлас жемқорлық былай мазмұндалады:
Сыбайлас жемқорлық – жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестiрiлген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкiлеттiктерін және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық – бұл үшін заңда әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық белгіленген, сыбайлас жемқорлық белгілері бар құқыққа қайшы, кінәлі түрдегі іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік);
Парақорлық бұл сыбайлас жемқорлық көріністің кең тараған және қаупті түрі.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінде парақорлықпен байланысты үш қылмыс түрі қарастырылған:
пара алу (366-бап);
пара беру (367-бап);
парақорлыққа делдал болу (368-бап).
Егер пара туралы айтатын болсақ, бұл бір жақта оны алушы бар (пара алушы) және екінші жақта оны беруші бар (пара беруші) болады. Сондай-ақ, парақорлыққа делдал болуы да мүмкін.
Пара алу – бұл ең қауіпті лауазымды қылмыстардың бірі, әсіресе адамдар тобы алдын ала сөз байласып немесе қорқытып алу жолдарымен жасалса, лауазымды адамның заңды немесе заңсыз әрекеттерінің (әрекетсіздігінің) нәтижесі бойынша артықшылық алуы және пайдасына жасалуы табылады.
Пара беру – лауазымды адамды қандайда бір артықшылық алуы және пайдасына заңды немесе заңсыз әрекеті (әрекетсіздігі) арқылы, жалпы қамқорлығына немесе қызметіне жол берушілікке бейімдеуге бағытталған қылмыс.
Парақорлыққа делдал болу – яғни пара алушыға және пара берушіге олардың арасындағы пара алу және беру туралы келісімге қол жеткізу немесе оны іске асыруға ықпал ету.
Жалпы қамқорлық және қылмысқа жол беру мемлекеттік қызметке үйлеспейтін әрекет, яғни азаматтардың өзінің қабілеттілігі және кәсіби даярлығы бойынша мемлекеттік қызметке түсуге және мемлекеттік қызметте жоғарлауына құқылы.
Жалпы қамқорлыққа жөнсіз марапаттау, негізсіз кезексіз лауазымын жоғарлату, қажет етпейтін басқа да іс әрекеттеріне байланысты көтермелеулер жатады.
Қылмысқа жол беруге, мысалы, лауазымды адамның тиісті шаралар қабылдамауы немесе пара алушының немесе оның қарамағындағы адамдардың қызметіне, оның заңсыз әрекеттеріне шаралар қабылдамауы жатады.
Жалпы қамқорлығы және қылмысқа жол беруі бойынша пара алу келесі жағдайда болады:
  • пара алушыда пара берушінің пайдасына жасаған немесе жасамаған әрекет (әрекетсіздік) мүмкіндігі сақталады;
  • бұл мүмкіндік бақылаудың жоқтығынан немесе сол адамдардың арасындағы бағыныстылықтан пайда болады;
  • екі адамда берілетін сыйды түсінуі қажет (сый түріндегі пара лауазымды адамның мінез-құлқына сәйкес беріледі).
ПАРА ҰСЫНУДЫҢ КЕЙБІР ЖАНАМА БЕЛГІЛЕРІ
  1. Пара алуы мүмкін туралы әңгіме астарлы сипатта болады, пара беруші туралы сөз бір жақты пікір, ашық айтып көрсетілмейтін арыз, даулы мәселелерді дұрыс шешу кезінде ол оған ақша береді немесе қандайда бір қызмет көрсетеді, ешқандай «қауіпті» мәнерге жол бермейді.
  2. Әңгімелесу барысында куәгерлер немесе аудио, бейнетехникалар болған жағдайда пара беруші бұл мәселені басқа жағдайда (басқа уақытта, басқа жерде) талқылауға дайын екендігін қолмен немесе ымдау арқылы жеткізеді.
  3. Параның соммасын немесе сипатын дыбыстай алмағанда, қағаз бетіне сәйкес цифрларды жазу арқылы немесе калькуляторға немесе компьютерге цифрлар санын теру арқылы ықтимал пара алушыға көрсету.
  4. Пара алушы кенеттен әңгімесін үзіп мағлұматтар салынған папканы, конвертті, портфелды, оралған затты қалдырып сыпайы түрде бөлмеден (жайдан) шығып кетуі.
  5. Пара беруші өзіне тікелей байланысты емес мәселелерді дұрыс шешу үшін басқа адамның ұсынысына жүгінуі мүмкін.
А.Ж.ҚАБЫЛОВ,
 Жетісай және Мақтаарал  аудандарының қорғаныс
істері жөніндегі біріктірілген  бөлімі бастығы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

Туризмді одан әрі дамыту туралы сөз қозғалды

        ...

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

        ...

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

        ...

КӘСІПОРЫНДАР 7540,4 МЛН. ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІН ШЫҒАРҒАН

     Мақтаарал ауданының ...

«23 сәуір ұлттық егемендік және балаларды қорғау күні» аталып өтті

        ...

22 СӘУІР – АЛТЫН АДАМ КҮН!

Алтын адам алтын тұлға ...

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІЛЕРІН КӨРСЕТІП КЕЛЕДІ

        ...

САЯХАТТЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ ДЕ ЗОР БОЛДЫ

        ...

ШЕТЕЛДЕГІ ЗАҢСЫЗ ДІНИ БІЛІМ АЛУ

        ...