Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
РАЗИЯ АГАЛИЕВАНЫҢ ҮЙІНДЕ БОЛДЫҚ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Жаңалықтар » РАЗИЯ АГАЛИЕВАНЫҢ ҮЙІНДЕ БОЛДЫҚ

РАЗИЯ АГАЛИЕВАНЫҢ ҮЙІНДЕ БОЛДЫҚ

Еліміздің бас партиясы «Nur Otan»-партиясы атынан Түркістан облыстық мәслихатының депутаттығына үміткерлер ретінде – мен  Өмірзақ Мелдеханов пен аудандық мәслихаттың депутаттығына үміткер Досым Асабаев мырзалармен бірге «Есіктен есікке» акциясы аясында Мырзакент кентінің тұрғыны Разия Агалиеваның үйінде болдық.
Шара барысында партиямыздың сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, партия бағдарламасының басымдықтары жазылған үнпарақшаларды бердік. Сонымен қатар, 2021 жылдың 10 қаңтарында өтетін сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырдық.
Мұнан соң «КАНВАССИНГ» шарасы бойынша еңбек ардагері Сайран Сафарованың шаңырағына атбасын тіредік. Еркін форматта әңгімелесіп, Қазақстанымыздың кешегісі мен бүгінін салыстырып, қол жеткен жетістіктерді дәріптедім. Әрбір игі істің басында «Nur Otan»-дық патриот азаматтардың тұрғандығын айтып, алдағы атқарылар істердің жоспарларын таныстырдық. Әсіресе, жан-жақты қамқорлықтар көрсетіліп жатқан кәсіпкерлік саласы, оған берілетін несиелер, пайыздары мен алу жолдарын түсіндірдік.Елдегі еңбектеген баладан еңкейген қартына дейін қатардан қалдырмай, назарында ұстайтын партияға жеңіс тілеген мырзакенттіктер отбасымен «Nur Otan»-ға дауыс беретіндіктерін айтып, бізді керемет көңіл-күймен шығарып салды.
Еліміздің әл-ауқатын арттыру, денсаулығы мен өмір сүру үрдісін жақсарту, білім беру мен әлеуметтік-тұрмыстық ахуалын оңалту бағыттарында қыруар жұмыстарды атқарып келген «Nur Otan» партиясы халықтың сенімін әрқашан ақтайтынына Сіздер де сеніңіздер!
#АбдразаковаНургуль#
NurOtangaДауысБер

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ЖӘРМЕҢКЕ – ЖҰРТҚА ТИІМДІ БАСТАМА

        ...

ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ

       Мемлекеттік ...

Құрылтай – қоғам үніне құлақ асатын маңызды алаң

        ...

ҚҰРЫЛТАЙДА КӨТЕРІЛГЕН БАСТАМАЛАР ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАҒЫТЫН АЙҚЫНДАЙДЫ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ: ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТИІМДІ АЛАҢЫ

        ...

Сайлауға қатысып, ел болашағына өз үлесіңді қос!

       Елдің ...

Алматы облысында онкологиялық көмектің жаңа мүмкіндіктері кеңеюде

Түркітілдес журналистер қорының мүшелері ...

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...

Құрылтай сайлауының маңызы

        ...

ҰЛТТЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ 217 МЕКТЕП САЛЫНДЫ

       Елімізде ...