Еліміздің бас партиясы «Nur Otan»-партиясы атынан Түркістан облыстық мәслихатының депутаттығына үміткерлер ретінде – мен Өмірзақ Мелдеханов пен аудандық мәслихаттың депутаттығына үміткер Досым Асабаев мырзалармен бірге «Есіктен есікке» акциясы аясында Мырзакент кентінің тұрғыны Разия Агалиеваның үйінде болдық.
Шара барысында партиямыздың сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, партия бағдарламасының басымдықтары жазылған үнпарақшаларды бердік. Сонымен қатар, 2021 жылдың 10 қаңтарында өтетін сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырдық.
Мұнан соң «КАНВАССИНГ» шарасы бойынша еңбек ардагері Сайран Сафарованың шаңырағына атбасын тіредік. Еркін форматта әңгімелесіп, Қазақстанымыздың кешегісі мен бүгінін салыстырып, қол жеткен жетістіктерді дәріптедім. Әрбір игі істің басында «Nur Otan»-дық патриот азаматтардың тұрғандығын айтып, алдағы атқарылар істердің жоспарларын таныстырдық. Әсіресе, жан-жақты қамқорлықтар көрсетіліп жатқан кәсіпкерлік саласы, оған берілетін несиелер, пайыздары мен алу жолдарын түсіндірдік.Елдегі еңбектеген баладан еңкейген қартына дейін қатардан қалдырмай, назарында ұстайтын партияға жеңіс тілеген мырзакенттіктер отбасымен «Nur Otan»-ға дауыс беретіндіктерін айтып, бізді керемет көңіл-күймен шығарып салды.
Еліміздің әл-ауқатын арттыру, денсаулығы мен өмір сүру үрдісін жақсарту, білім беру мен әлеуметтік-тұрмыстық ахуалын оңалту бағыттарында қыруар жұмыстарды атқарып келген «Nur Otan» партиясы халықтың сенімін әрқашан ақтайтынына Сіздер де сеніңіздер!