Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
Home » PRESS RELEASE » News » АБАЙ ОБЛЫСЫНДА «АДАЛ АЗАМАТ» ИДЕОЛОГЕМАСЫН ТҮСІНДІРУ МАҚСАТЫНДА ПАРТИЯ АКТИВІНІҢ ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

АБАЙ ОБЛЫСЫНДА «АДАЛ АЗАМАТ» ИДЕОЛОГЕМАСЫН ТҮСІНДІРУ МАҚСАТЫНДА ПАРТИЯ АКТИВІНІҢ ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

     
         Абай облысында «Ауыл» партиясының өңірлік филиалы қоғамда рухани жаңғыру мен азаматтық жауапкершілік қағидаттарын ілгерілету мақсатында жергілікті «Зерделі» білім беру орталығының жоғары сынып оқушыларымен кездесу өткізді.  Іс-шара мақсаты – тұрғындарға «Адал азамат» идеологемасының мәнін түсіндіру, оның қоғамдағы және тұлғалық даму бағытындағы рөлін айқындау.
         Кездесуге партия өкілдері, жалпы жастар қанатының белсенділері де қатысты.
        Жиын барысында, қатысушылар ел болашағы үшін адалдық, әділдік, еңбекқорлық және патриоттық сезімнің маңыздылығына тоқталып, өзара талқылады.
         Спикерлер өз сөздерінде «Адал азамат» идеологемасы – мемлекеттің дамуы мен қоғамның тұрақтылығын қамтамасыз ететін рухани бағдар екенін жеткізді. Бұл бастама әрбір қазақстандықтың бойында жауапкершілік, әділеттілік және ұлтқа деген адалдық сезімін қалыптастыруға бағытталған.
        — Адал азамат – ол тек өз еңбегімен ел дамуына үлес қосатын тұлға ғана емес, сонымен қатар, әділдікті ту етіп, жалпы қоғамға үлгі бола білетін азамат, – деп атап өтті кездесуге қатысқан өңірлік партияның белсенді өкілі Е.Омарғалиев.
        Кездесуде, жастардың рөліне де назар аударылды. Пікір алмасу барысында жас буын өкілдері адалдық пен азаматтық сана құндылықтарын дәріптеу бағытында өздерінің ұсыныстарын білдіріп, түрлі жобалар мен бастамалар туралы ойларымен бөлісті.
        Жиын соңында, қатысушылар «Адал азамат» идеологемасын өңірде насихаттау жөнінде бірқатар ұсыныстар жасап, түсіндіру жұмыстарын бұдан әріде жалғастыру қажеттігін атап өтті.
       Абай облысында өткен бұл кездесу – қоғамдағы рухани бірлікті нығайтуға, азаматтық жауапкершілікті арттыруға бағытталған маңызды қадам есебінде. Партия белсенділері алдағы уақытта да осындай кездесулерді тұрақты түрде өткізіп, ел арасында адалдық пен әділдік қағидаттарын кеңінен таратуға ниетті.
«Ауыл» партиясы Абай облысы бойынша өңірлік филиалының баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

Еңбекке жол ашқан мүмкіндік

        ...

Сапалы медицина – халыққа жақын қызмет

        ...

Білім инфрақұрылымы – ел болашағының негізі

        ...

ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ – ЖЕКЕ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ НЕГІЗІ

        ...

ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІН ОҚЫТУДА ЖИ МҮМКІНДІГІН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ

        ...

Ұстаз – ұлы есім, ұлағатты мамандық

       Ұстаз ...

ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ӘДЕБИЕТ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ САНА

        ...

Жұмысты жүйелеу – нәтиженің кепілі

        ...

БАСТАУЫШ СЫНЫПТА САБАҚ БЕРУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

        ...

Түркістан облысы экономикалық өсім бойынша көш бастады

        ...