Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6131
ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАМЫЗҒА БИЫЛ 30 ЖЫЛ ТОЛЫП ОТЫР! - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАМЫЗҒА БИЫЛ 30 ЖЫЛ ТОЛЫП ОТЫР!

ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАМЫЗҒА БИЫЛ 30 ЖЫЛ ТОЛЫП ОТЫР!

       Дәл осыдан 30 жыл бұрын, 1993 жылғы 15 қарашада Қазақстанның ұлттық валютасы — теңге айналысқа енгізілді.
       Теңге негізі еліміздегі алғашқы ақша емес. Ежелгі Қазақстан аумағында ақша бұдан көптеген ғасырлар бұрын пайдаланылған. Сырдарияда, Отырар алқабында түркі билеушілері, ал Жетісуда түргештер 7-8 ғасырларда өз ақшаларын шығарған. Отырар мен Исфиджабта монет сарайлары жұмыс істеген. Оныншы ғасырлардың ортасы мен сегізінші ғасырларда қалалар тез өсіп, тауар өндірісі мен сауда көлемі ұлғая түсті. Ұсақ бөлшек саудада көбінесе мыс фельстер қолданылды. Алтын монеталар да айналымға түсті, бірақ ол саудада дара түрінде ғана емес, салмағына қарай пайдаланылды: монетаны қажетіне қарай кесектеп сындыратын болған. Он төртінші ғасырдың соңынан бастап Қазақстанда Әмір Темір монеталары айналымға енді. Бұлардан басқа Қазақстан қалаларында саудада Самарқанд, Бұхара, Ташкент монеталары, негізінен, мыс динарлар пайдаланылды. Қазақстан ақшасының бұрынғы тарихы міне, осындай.
       Күрделі жиырмасыншы ғасырда Қазақстан біртұтас кеңестік рубль аймағына кірді. Ал, 1993 жылдың 12 қарашасында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы аумағында ұлттық валютаның енгізілуі туралы шешім қабылданып, 15-18 қарашада КСРО-ның 1961 — 1991 жылдарда шығарылған рубльдерін ұлттық валютамыз теңгеге айырбастау шаралары жүзеге асты.
       Осы сәттен бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі эмиссиялық банк болып табылады. Оның құрылымдық бөлімшелері: Алматы қаласында орналасқан – Қазақстан Республикасы Банкнот фабрикасының банкноттары мен Өскемен қаласында «Монета сарайында» дайындалған монеталар көмегімен іске асады.
          Төл теңгеміздің ең алғашқы банкноталары еліміздің тариxын мейлінше терең таныта білген банкноталар болды десек қателеспейміз. Теңгенің қасбеттеріне еліміздің мәдени, саяси өмірінде өшпес із қалдырған тариxи тұлғалардың бейнесі басылса, сырт тұсына кең байтақ жеріміздің сұлу табиғаты мен тариxи сәулет нысандары енді.
Ақбаян ОРТАЕВА,
Жетісай өңірлік мемлекеттік архивінің, Асықата бөлімі архивисті.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ОЗЕРКИ АУЫЛЫ МЕКТЕБІНДЕ «КІТАПҚА – ЕКІНШІ ӨМІР СЫЙЛА» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

        ...

«ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМДАР КҮНІНЕ» АРНАЛҒАН ҚОҒАМДЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

        ...

STAEM ӘДІСІНІҢ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ

        ...

МҚІА ТҮКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ: ҚЫЗМЕТ АЛУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫ – БАСТЫ НАЗАРДА

        ...

АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІНДЕГІ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН КООПЕРАЦИЯ — АУЫЛ ДАМУЫНЫҢ КІЛТІ», БИОГУМУС ӨНІМІ ТУРАСЫНДА ДӘРІС–ЖИЫНЫ ӨТТІ

        ...

«СЕМЕЙ ПОЛИГОНЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗАРДАПТАРЫ» ҚОҒАМДЫҚ ІС-ШАРАСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

        ...

ЕҢБЕКТІ СҮЙГЕН ЖАНДАРДЫҢ МАРАПАТЫ

        ...

ОЛЖАС СҮЛЕЙМЕНОВ «НОБЕЛЬ СЫЙЛЫҒЫН» АЛАДЫ МА?

      Олжас ...

АЛМАТЫНЫҢ АУАСЫН ТАЗАРТАТЫН ТЕХНОЛОГИЯ ІСКЕ АСПАҚШЫ

        ...