Home » Business » ҚАЗАҚ АУДАРМАСЫ МЕН КІТАБЫНЫҢ БАҒЫН ҚАЛАЙ ЖАРҚЫН ЕТУГЕ БОЛАДЫ

ҚАЗАҚ АУДАРМАСЫ МЕН КІТАБЫНЫҢ БАҒЫН ҚАЛАЙ ЖАРҚЫН ЕТУГЕ БОЛАДЫ

          Қазақ кітабының бағының жануы Түркістан, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Абай, Ұлытау, Жамбыл, Қызылорда, Орал, Жетісу сынды қазағы басым аймақтардың аудармашылары мен баспагерлерінің әбжілдігі мен аждаһалығына келіп тұр.
        Қазақ кітабының оқырманға жетуі мүмкін болмай қалды десек артық айтпаймыз. Жұрттың бәрі «ойбай, КСРО құлаған соң, бұрынғы кітап тарату жүйесі мен кітап дүкендері жекенің қолына көшіп, бәрі құрыды» деп қара аспанды төндіреді. Шынымен солай ма!?
        Баспалардың ішінде мемлекеттік тілде ғана кітап шығаратындарын барша салықтан босату керек. Тендерді жойып, әр облыстың ішкі мүмкіндігі мен шығармашылық әлеуетіне қатысты еліміздегі 20 мыңға жуық кітапхананы кітаппен қамтамасыз етуін менеджерлікпен жолға қоюға қол жеткізу қажет. Бұл – бір.
       Екіншіден парламентіміз орыс тілінде елімізге ағылып келіп жатқан кітаптардың қазақша аудармасы болуын талап ететін заң шығаруға тиіс. Ол үшін қазіргі жұмыс істеп жатқан «Тілдерді оқыту Орталықтары» жанынан аударма мектебі мен редакторлар алқасы құрылыса, көп нәрсе ұтамыз. Оған ақша осы бастан Қазақстан Жазушылар Одағының араласуымен қарастырлып, аудармамен тұрақты айналысып жүрген жергілікті шығармашылық тұлғаларды тарту қолға алынса бәрі орнына келер еді.
        Үшіншіден, 28 әріпке негізделген кірме сөз қабылдауды қолға алып, бұрынғы орысша жазылып, орысша айтылып келген барша терміндерді құзіреті бар Ұлттық терминком мен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы қазақ-орыс-ағылшын-түрік тіліндегі айтылып жазылуын ретке түсірген «Қазақ тіліндегі кірме сөздер» сөздігін сала-салаға бөліп жармай, әліпбилік ретпен жыл сайын шығарып отыруын жолға қоюға қол жеткізуге тиіспіз. Сонда орыс тілді отандастарымыз қазақ тіліндегі терміндерді жылы қабылдайды. Әрі тілімізді оқып білуге деген ынтасы артады.
           Төртіншіден қазақ аудармасы үлкен өзгеріске ұшырады. Бұрынғыдай мәтінді ғана аудару қарабайыр түсінікке айналып, дыбыстық аударма, сербістік аударма, суреттік аударма, субтитрлік аударма, бейнежазбалық аударма түрлері пайда болды. Осы салада өзін танытқан аудармашылар ілегі пайда болып, ана тілімізде інтернет қызметін ұсынып жүр. Қазақ тілін дамыту деген басқа ұлттардың ана тілімізді оқып үйренуі емес, бар болғаны қазақ тілді медиа контент қалыптастыру екендігін билік ұғынатын кез келді. Орыс тілді отандастарымыздың РФ бар, олардың Орталық Азиядағы орыс тілін дамытуға бөлетін қаржыландыру көзі бар.
           Екі бірдей кітаби баспасы керемет дамыған қағанаттардың ортасында тұрып, бір кітапты 5000 теңге шығарушылық үрдісін доғарып, Ресей мен Қытай нарығын қазақша арзан кітап шығару үшін кәдеге жаратуға тиіспіз. 300 беттік кітапты – 70-80 теңгеге шығарып, оқырманға 100 теңге сатылымға шығаруды ұлттық мақсат ететін кез келді. Әрі бұндай дәрежеге жетіп алған қазақ баспасы өзбек пен қырғыз тілінде де арзан кітап шығарып, олардың нарығын жаулай алады. Кітап шығаруда бір күндік пайданы емес, мың күндік ұлттық брендті қалай қалыптастыруды ойлайтын әм сол бағытта жұмыла жұмыс жасайтын кез келді. Мұстафа Шоқай арман еткен түрік бірлігі қазақ еліндегі аудармашылардың басын қосу арқылы өзінің мәдени тағантасын бекемдейді.
          Сөз соңында айтпағымыз: өзге тілден ана тілімізге, ана тілімізден өзге тілге тәржіма жасайтын аудамашылар үшін Халықаралық Ісләм Жарылғапов пен Кеңес Юсупов атындағы орден мен медаль табыстауды рәсімдесек, қазақ аудармасы мен кітабының бағы жанады.
        Кезінде шымқалалықтар қазақ журналы мен газетін һәм эстрадасын шың биікке көтеріп, қазақты орыстың мәдени құлдығынан сақтап қалғаны тәуелсіздік жылдарындағы үлкен жетсітігіміз. Енді Қасиетті Түркістан аймағы да осы қстерлі іске өз үлесін қосады деп сенеміз. Егер Web аудармашы болам деген жан таблып жатса, «Сайыпқыран» сайтымен байланысып, қазақша кино мен комикс әм ән аударудың қыр-сырын үйретететін курсқа жазыла алады. Уақыты мен бағасы келісімді 4 күнге бар жоғы 25-30 мың арасы.
       Алаш баласы ана тіліміздегі арзан кітаптардың ұрпағымызға жол тартуы үшін атсалысайық!
Әбіл-Серік Әбілқасымұлы Әліәкбар,
әдебиеттанушы-журналист, Семей қаласы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

        ...

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

        ...

КӘСІПОРЫНДАР 7540,4 МЛН. ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІН ШЫҒАРҒАН

     Мақтаарал ауданының ...

«23 сәуір ұлттық егемендік және балаларды қорғау күні» аталып өтті

        ...

22 СӘУІР – АЛТЫН АДАМ КҮН!

Алтын адам алтын тұлға ...

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІЛЕРІН КӨРСЕТІП КЕЛЕДІ

        ...

САЯХАТТЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ ДЕ ЗОР БОЛДЫ

        ...

ШЕТЕЛДЕГІ ЗАҢСЫЗ ДІНИ БІЛІМ АЛУ

        ...

ТАРТЫНА ТҰРСАҚ, ТУЫСҚАН!

        ...