Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ЖЫР ЖОЛЫНДАҒЫ ЖҰМБАҚ ЖОЛ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » ЖЫР ЖОЛЫНДАҒЫ ЖҰМБАҚ ЖОЛ

ЖЫР ЖОЛЫНДАҒЫ ЖҰМБАҚ ЖОЛ

     
        Автордың бұл жалынды жүректен туған туындысы — Хакім Абайдың 180  жылдық мерейтойына арналған, қасиетті мекенге деген ерекше тағзым мен терең құрметтің белгісі.
 Бұл дала қатпар сырын күбірлеген,
Көз салсаң, ойға шомып, түбі терең…
Санада мұң тұнады, жыр нөсерлеп,
Күндерге кешегі өткен дүбірлеген.
Күн күліп, үн шоғырлап аспанында,
Бір-бір жыр жатқан жұмбақ тастарында…
Бата алып, зәмзәм ішіп, жол тартамыз,
Күшікбай батыр баба бастауында.
Шыңырау тартса тұнық тегі жырым,
Боз жусан аңқа жарған, жері — нуым.
Дана Мұхтар — кіндік қаны тамған мекен,
Киесі сезілгендей Бөрілінің.
Биіктік парасатты астары қат.
Оу, бұ жер, не шіркін, дастан — бұлақ.
Хакім Абай туған жер осы жер ғой?!
Қадірі артқан Алашқа Сыртқасқабұлақ.
Шуағын таратса еді шапағат нұр.
Ғаламат ғашық отын, кәусар — бақтың.
Еңлік — Кебек… ескерткішке — тағзым еттік,
Тарихы мұнда тұнған махаббаттың.
Сағымдай көлбеп сонау қадым — күнім…
Тәу етсең, жол қадап тұр — әзіз сұғын.
Қалқанды — қылышымен ел қорғаған,
Ералы батыр жатқан жазығы бұл.
Қарт Шыңғыс, қасиеттім, Орда — бесік…
Қырандай құз-қиялы шолған көші.
Маңдайдан йіскейді әз баласын,
Қара өлең қазығында самала есіп.
Санаңа сыр ұшығын сақтар ма едің?!
Сүредей сүбелі сый тартқан ерім!..
Қалың жұрт әруағына аят оқыр —
Құнанбай — Қажы әулеті жатқан қорым.
Ойым да өркен жайып мұнарлаған.
Киеңе, мың тағзымым тұмар — бабам.
Хакім Абай, Әулие Шаһкәрімім —
Қос күмбез шартатапқа нұр аулаған.
Барлығы, Жаратқаннан сый — сонар із.
Қалдырған қанша ақын жырлап аңыз.
Қарауыл киелі өлке рух береді —
Кеңгірбай ата — абыз да би бабамыз.
Әлмисақ саф тарихқа болған негіз.
Мөлдір сулы шипасы, бойға ем жүз.
«Қоңыр Әулие» мекенінде бар қасиет.
Көнеден таңғажайып жол көреміз…
Кие қонған өлкеден сыр аңдашы!
Әрбір өлең, өрілген тұнған — тасы.
….Бар елге, ізгілігін шашып тұр-ау,
Әлемге, әйгілі боп Жыр — Қағбасы!
Ерік ОМАРҒАЛИЕВ,
 ақын, аудармашы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

Құрылтай – қоғам үніне құлақ асатын маңызды алаң

        ...

ҚҰРЫЛТАЙДА КӨТЕРІЛГЕН БАСТАМАЛАР ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАҒЫТЫН АЙҚЫНДАЙДЫ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ: ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТИІМДІ АЛАҢЫ

        ...

Сайлауға қатысып, ел болашағына өз үлесіңді қос!

       Елдің ...

Алматы облысында онкологиялық көмектің жаңа мүмкіндіктері кеңеюде

Түркітілдес журналистер қорының мүшелері ...

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...

Құрылтай сайлауының маңызы

        ...

ҰЛТТЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ 217 МЕКТЕП САЛЫНДЫ

       Елімізде ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ӨЗГЕРІСТЕР

        ...

23 тамыз – Қазақстандағы алғашқы Құрылтай депутаттарының сайлауы

        ...